Жуан және жіңішке жұп дауыстылар: дыбысталуы және сөз мағынасына әсері


Тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Мақсаты:

Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыс түрлерін ажыратуды бекіту, кейбір сөздердің дыбысталуында сөз мағынасын өзгертетін дыбыстарға назар аударту.

Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жақсылыққа, сауаттылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,

Түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой - қозғау, ассоциация құру, ой - толғаныс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 . Оқулық, дәптерлерін дайындау.

2. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Сұрақтар арқылы:

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмыс

54 - жаттығу

Сөздерді салыстырып оқы.

ал - әл от - өт ыс - іс ұн - үн

сан - сән тос - төс тыс - тіс тұс - түс

Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды ата.

Олардың дыбысталуына назар аудар.

Сөздердің мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Ереже.

А - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і - жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

IV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

V. Қызығушылығын ояту

РЕБУС

55 - жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Отан

Отан - атам,

Отан - әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны: “Атамекен?!”

Отан - әжем,

Отан - анам!

“Туған ел” - деп,

“Туған жер!” деп,

Ол бекерге аталмаған . . .

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам -

Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де: “Ботам”, - дейді.

“Ер азамат атан!” - дейді.

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма “Ботамын!” мен.

Жарасқан Әбдірашев

VІ. АССОЦИАЦИЯ

VІІ. Дәптермен жұмыс.

56 - жаттығу.

Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. . . . сел - үздік оқушы.

2. Д . . . рігер ауруды емдейді.

3. Марат . . . скерден келді.

Ә қандай дыбыс?

VІІІ. Қорытынды.

Бүгінгі сабақты қорытайық.

(оқушыларды бағалау)

ІХ. Үйге тапсырма.

57 - жаттығу.


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz