Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Функционалдық батырмалар

Күні: 14.04.2011
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Досжанова Ботакөз
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Инженерлік калькулятормен жұмыс істеу ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға калькулятор бағдарламасын қолданып қарапайым және
күрделі есептеулер жүргізуді үйрету.Қарапайым калькулятордан айырмашылығы
мен мүмкіндіктерін түсіндіру және олармен қалай жұмыс жасау керектігін
үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың калькулятордың екі түрін: қарапайым және
инжернерлік түрін - қолданып есеп шығара білу дағдыларын одан әрі дамыту.
Логикалық ойлау қабілетін шығармашылығын дамыту;
Тәрбиелілік: тез шешім қабылдай білуге және шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Ақыл – ой тәрбиесіне, жауапкершілікке, жұмыс нәтижесіне жетуге, бір-бірін
сыйлауға тәрбиелейді, бір-бірін тыңдауға тәрбиелейді;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі.: түсіндіру,баяндау, сұрақ – жауап, есептер шығару, тақтамен
жұмыс,практикалық жұмыс, дәптермен жұмыс, «Бұзылған телефон» ойыны, «Ойнай
отырып, ойлай отыр»
Сабақтың формасы: топтық, жеке, жұптық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, таратпа үлестірмелері,
кесте,фишка, кесте
Пәнаралық байланыс: Математика, орыс тілі,дене шынықтыру,
Пайдаланылған әдебиеттер: Информатика 7сынып, Информатика 8сынып,
Математика 7сынып, Ойнайық та,ойлайық кітапшысы, Мен оқимын,
ойлаймын,ойнаймын кітабы.
Пайдаланылған техналогия:МОТ-ның элемнттері (фишкалар, бағалау парағы)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, алдарындағы фишкалар арқылы көңіл-
күйлерін сұраймын.Оларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудармын.
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге 6.2 тақырыпты оқуға бергенмін,есеп шығарып қандай батырманы
пайдаланатынын жазып келу. Үй тапсырмасын «Қандай сұрақ болса да, таппай
оны қоймайық» ойыны арқылы тексеремін.
Ұяшықты таңдау арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Калькулятордың неше түрі бар?
Калькулятордың қызметтік батырмаларын ата?
Пернетақтаның сандық блогынан санды енгізу үшін қандай пернені басамыз.
С батырмасының қызметі?
Sqrt батырмасының қызметі?
1/х батырмасының қызметі?
% батырмасының қызметі?
Меню жолындағы командаларды ата?
Жаңа сабаққа кіріспе
Біз өткен тақырыпта калькулятор бағдарламасын өттік. Калькулятордың
қызметтік батырмаларына шолу жасап, калькулятордың екі түрі бар екенін атап
оттік. Енді Осы калькулятордың инженерный түріне тоқталамыз.
Жаңа сабақты түсіндіру
ИНЖЕНЕРЛІК КАЛЬКУЛЯТОРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
     Инженерлік калькулятордың түрін қарастырайық.  Инженерлік
калькуляторды шақыру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Жіберу - Программалар - Стандартты - Калькулятор - Түр - Инженерлік
      Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, тек 2-3
міндеттен орындайтын бірнеше батырмалары бар. Инженерлік калькулятор
бағдарламасының негізгі элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, жұмыс аймағы.
 Бұл калькулятор көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (мысалы,
орта мән табу), тригонометриялық, логарифмдік, дәрежелі, көрсеткішті
функциялардың мәндерін есептеуге болады.
      Егер бұл калькуляторда жұмыс атқару тәртібін ұмытып қалсаңыз,
анықтамалық жүйені пайдалануыңызға болады.  Мысалы, батырмалардың
міндеттерін анықтау ҹшін динамикалық мәзірді пайдалануға болады.
     Ол үшін сізді қызықтыратын батырмада тышқанның оң батырмасын шерту
керек. Сонда кішкене жақтау ішінде Бұл не? жазуы шығады. Тышқанның сол
батырмасымен жазуды шертсеңіз батырма жөнінде анықтама шығады.
     Мысалы, тышқан көрсеткішін Sta батырмасына қойып, оның оң батырмасын
шертсеңіз, жақтау ішінде Бұл не? жазуы шығады. Тышқанның сол батырмасымен
жазуды шертсеңіз осы батырма жөнінде анықтама шығады.
3-сурет.   Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған  
                 функционалдық батырмалар

   

 

 Айтылған батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер:
деректер қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық
орта мәнін және т.с.с. жүргізуге болады.
   Қызметкерлері 5 адамнан тұратын кісі бөлімшенің орта жалақысын есептеу
мысалын қарастырайық. Айталық бірінші қызметкердің жалақысы - 7500,
екіншісінікі - 6500, үшіншісінікі - 6000, төртіншісінікі - 4000,
бесіншісінікі - 3500 теңге болсын.
Орта жалақыны есептеу үшін төменгі амалдарды орындау керек:
1. Инженерлік калькуляторды іске қосыңыз;
2. Sta батырмасын басыңыз;
3. Калькулятор терезесін жаппайтындай етіп Статистика терезесін ашыңыз;
4. Бірінші санды енгізіп Dat батырмасын басқанда сан Статистика терезесінен
көрінеді.
5. Dat батырмасын баса отырып қалған сандарды енгізу;
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave
батырмасын басқанда, калькулятордың индикаторында жалақының орта мәні 5500
теңге екені көрінеді.
4-сурет. Функционалдық батырмалар.

    

     Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар:
ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.
Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни
Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды
ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан
 автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады.Мысалы: Мысалы, ондық санау
жүйесінде 585 санын теріп Bin (екілік) батырмасын шертсе, онда индикация
өрісінде 1001001001 көрінеді, ал Hex батырмасын шертсе, 249 саны шығады.
Сергіту сәті: «Бұзылған телефон» ойынын пайдаланымын.
Ойынның шарты: Екі жақтағы балалар қағазға бүгінгі сабақта өткен бір
батырманы жазып, бір-біріне қағаздарын береді. Ауыстырғаннан кейін оқушы
алған қағаздағы батырманы ашып дауыстамай оқиды да, өз қатарына келіп,
келесі балаға сыбырлап айтады. Осылайша соңына дейін сыбырлап ең соңындағы
бала дауыстап айтады. Және сол батырманың қызметін айтады. Батырманы дұрыс
айтып, қызметін айтқан балаға қызыл фишка беріледі.Айта алмаған балаға
берілмейді.
Жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс
Жұмбақ
Жазатын сабақты да,
Ұстайтын тышқанды да,
Батырманы басатын да,
Есікті ашатын да,өзі екен. (Екі қол) Жауабын айтқан соң осы екі қолымызды
бірнеше рет ашып-жұмып жұмысты бастаймыз.
Өзің орында!
Сандар ондық санау жүйесінде берілген. Оларды басқа санау жүйесінде көрсет.

|Dec |Bin |Oct |Hex |
|15 | | | |
|51 | | | |
|1551 | | | |
|419 | | | |

Тапсырма
Сауда орталығындағы бір жәшік жемістердің орташа бағасын есептеу.
Алманың бағасы – 5000, Алмұрттың бағасы– 4500,
Шиенің бағасы – 4000, өріктің бағасы – 3000, Лимонның бағасы – 7000 теңге.
Жауабы 4700 шығады
Жаңа сабақты бекіту
«Ойнай отырып,ойлай отыр» ойыны
Екі жақтағы оқушылар жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтарын бір-біріне қоя
отырып, қойған сұраұтарына жауап береді. Әр топ 3сұрақтан қояды. Сұраққа
толық жауап берген балаға фишка беріледі. Сұрақты қойып, жауап бере алмаса,
келесі оқушы жауап бере алады.
Қосымша тапсырма

Берілген таратпаны балаларға таратып беремін және оны сол параққа
толтырады. Толтырып болған соң тақтаға шығып жеке-жеке жазып шығады.
Қорыту. Бүгінгі сабақты қорыта келе мына гүлдің жапырақшаларын толтырыңдар.

Үйге тапсырма:
1.Функционалдық батырмаларды жазып келу (209-210бет)
2.Батырмаларды жаттап келу
Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан, көп фишка жинаған оқушыларды бағалаймын.

| |Оқушының |«Қызыл»түсі |«Көк»түсі |«Сары»түсі |Ортақ балл |
| |аты-жөні |бестік |төрттік |үштік | |
|1 | | | | | |
|2 | | | | | |
|3 | | | | | |
|4 | | | | | |
|5 | | | | | |
|6 | | | | | |
|7 | | | | | |
|8 | | | | | |

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мақсаты. Сабақтың көрнекілігі
Калькулятордың көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді жүргізу
Программалаудың даму тарихы. программалық қамтамасыз етудің даму тарихы
Санның арифметикалық ортасын табу
EV3 модулі
Ақпаратты өңдеу. Компьютер ақпаратты өңдеу құралы
Мектеп жуналы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - өмір талабы
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Delphi ортасында main menu және popup menu компоненттері
Пәндер