Алматы қаласындағы смогтың әсері және тұрғындардың экологиялық ұстанымдары: сауалнама нәтижелері

Жоғарыда аталған әдістеме арқылы Алматы қаласының тұрғындарынан сауалнама алуды Жас натуралистер станциясында жүзеге асырдық. Бұл станцияда біздің мектептің оқушылары үйірмелерде жұмысжасайды. Сондықтан мен сол жердің жергілікті халықтарынан сауалнама алуды жөн көрдім. Сауалнама барысында мынадай сұрақтарға әр түрлі жауаптар алдым.

Үлкен орта және кіші буындағы қала тұрғындарына сұрақ қойып пікірлерін білдік.

Нәтижесінде Алматыдағы смог жағдайы ауыр ма? сұрағына улкен буындағы адамдар толығымен ия деп жауап берді

Екінші сұрақ: смог денсаулыққа әсер етеді деп ойлайсыз ба?

Үлкен буындағы тұрғындардың 90%

Орта буындағы тұрғындар 80%

Кіші буындағы тұрғындар 60% ия деп жауап берді.

Денсаулықтары нашарлаған үлкен буындағы тұрғындар улы түтіннің денсаулыққа қатты әсер ететінен хабардар екен.

Үшінші сұрақ: қалай ойлайсыз смогқа қатты не әсер етеді?

Үлкен буындардың ойынша автобус троллейбус, орта буындағылар завод-фабрикалар

кіші буындағы жас жеткіншектер жеңіл көліктер деп ойлайды екен.

Төртінші сұрақ: жеңіл көліктен бас тарта аласыз ба?

Бұл сұрақта кіші буындағы тұрғындар белсенділік көрсетіп ия деп жауап берді. Жеңіл автокөліктен бас тарта алмайтын орта буындағы тұрғындар жоқ деп үзілді кесілді айта алды, үлкен буын 50 де 50 жауап берді.

Бесінші сұрақ: ауаны тазартуға үлес қосасыз ба?ағаштар егесіз бе? сұрағына орта буындағы тұрғындардың 70% ия деп жауап берді. Бұл қуантарлық жауап болса да смогтың жойылуына көп әсер ете алмас. Себебі біз таулы аймақта өмір сүреміз. Географиялық орнымыз бойынша шаң ауа тек жасыл өсімдік үстінде тұрып қалады.

Кіші буын төртінші орта буын бесінші үлкен буын екінші сұраққа белсенді жауап берді. \

Сонымен қатар мектепте де өз сыныптастарым мен мектеп оқушыларынан сұрақтарға жауаптар алдым. Мемлекеттік кітапханаларға барып осы тақырып жайында материалдар жинақтадым.

Қорыта айтқанда әсем қала Алматымыздың табиғаты біз адамзаттың өз қолында.

Сондықтанда өз ісәрекетімізге жауапты қарайық деген үндеумен қорытқым келеді.


Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы улы түтіннің химиялық құрамы мен адам денсаулығына әсері: тұрғындар сауалнамасына негізделген зерттеу
Тың және тыңайған жерлерді игеру: саясаты, нәтижелері және демографиялық әсері
Алматыдағы смог: себептері, денсаулыққа әсері және алдын алу шаралары
Тың игеру саясатының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық нәтижелері (1954-1959 жж.)
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық әсері
Экологиялық факторлар мен тірі ағзалардың өзара әсері
Жанартаулар, ыстық бұлақтар және гейзерлер: құрылымы, экологиялық әсері және оқыту әдістемесі
Абиотикалық факторлар: температура мен ылғалдың өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық топтарына әсері
4-сынып: Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері және экологиялық жауапкершілік
Алматы облысы Қаратал ауданы №97 балабақшасының 2011 жылғы Үштөбе қаласындағы Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілігі Әскер - әліміз, армия абройымыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz