Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру

Жұмағалиева Рая Рахымқызы.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы. С.Меңдешев
атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
8 – сынып.
Жай сөйлем және оның түрлері.

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сабақтың мақсаты:
← 1.Білімділік: Жай сөйлемнің түрлері: жақты,жақсыз, жалаң және
жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытып, сабаққа деген қызығушылығын және негізгі
мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
← 2. Түрлі әдістер арқылы балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау
қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
← 3. Сабақ барысында сауаттылыққа, ережені есте сақтауға баулып,
белсенді ойлау қабілеттерін жандандыру;
Сабақтың түрі: СТО технологиясына негізделген интегралды сабақ.
Әдісі: СТО стратегиялары: “Блум таксоманиясы”, “Символдар,тірек
терминдер,көрнекіліктер”, “Екі жақты түсіндірме күнделік ”стратегиясы.
Көрнекілігі: Қима суреттер, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, көркем әдебиет, бейнелеу өнері.
Қызығушылықты ояту
“Блум таксоманиясы” стратегиясы
Түсіну сұрағы Сөйлем дегеніміз не?
Білім сұрағы Сөйлемнің қандай түрлері бар?Жай сөйлем
дегеніміз қандай сөйлем?
Жай сөйлемнің қандай түрлерге
бөлінеді?
Талдау сұрағы Үй тапсырмасы қандай?
Қолдану және синтез сұрақтары
Үй тапсырмасы: Жай сөйлемнің түрлері жақты және жақсыз сөйлемдер туралы
оқу, 97-жаттығу “Ым мен ишара”ойыны арқылы сөйлем құрау, 105-жаттығуды
оқып, ереже шығарып, қарамен жазылған сөйлемдерді талдау.
Үй тапсырмасы бағалау сұрақтар:
← Жақты сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
← Жақты сөйлемге мысал келтір.
← Жақсыз сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
← Жақсыз сөйлемге мысал келтір.
← Жақсыз сөйлем қалай жасалады?
← Үй тапсырмасын бекіту тестісі.
1.Жақты сөйлемді табыңыз.

1. Ауа райы салқындай бастады.
2. Менің бұл сөзге қосылғым келмеді
3. Біздің ашық сөйлесуіміз керек
4. Оның бүгін келуі мүмкін.
5. Олардың бұл араға қонғысы келмеді.
2.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
1. Мен оны тыңдадым.
2. Таңертең сабақты оқыдым
3. Бәрекелді май келді.
4. Атың әдемі екен.
5. Ол емтиханға барады.
3. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу керек.
2. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
3. Мен бала емеспін ,-деді анасына
4. Анар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.
5. Ол ұзақ жолға шықты.
4. Жақты сөйлемді табыңыз.
1. Бүгін қалаға бардық.
2. Оның Әбішті сөйлетіп, тыңдағысы келді.
3. Омарды мүлдем хабарсыз қалдыру жөн емес.
4. Ағайын арасына суық сөзді өсіріп айтқысы келмеді
5. Оның тысқа жұртпен шыққысы келді.
5.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
1. Әнді әдемі айту керек.
2. Дұшпан сөзіне ерме.
3. Біз босқа отырмауымыз керек.
4. Қабырғадағы сағат сырт-сырт соғып тұр.
5. Базарға мал айдадық.
6.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
1. Ол кеше үндемеді.
2. Бәрін тыңдауға тура келді.
3. Адам ардақты-ат.
4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.
5. Нұрғали Жұманға қарады.
7.Жақты сөйлем дегеніміз не?
1. Іс-оқиға жөнінде баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл,
мекен т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрі.
2. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем
3. Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлем
4. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.
5. Бастауышы бар сөйлем.
8.Жақты сөйлемді табыңыз.
1. Мен киноға барғым келмеді.
2. Досымның бұл сөзге қосылғысы келмеді.
3. Біздің ашық сөйлесуіміз керек
4. Қалың қар жауды.
5. Оның бүгін келуі мүмкін.
9.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
1. Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл,
мекен т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрі.
2. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем.
3. Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлем.
4. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрі.
5. Құрамындабастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрі.
10.Жақты сөйлемді табыңыз.
1. Былтыр Бурабайға бардық .
2. Менің арзан сөзді айтқым келмеді.
3. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды.
4. Терең судан үзеңгімізді қайырып өтуге тура келді.
5. Оларға жаңалықты айтуға болады.

Мағынаны тану
“Символдар,тірек,көрнекіліктер”стратегиясы

Суреттерді байланыстыра отырып, ой жинақтау(.Қазақ даласы, желтоқсан айымен
келетін Тәуелсіздік мейрамы туралы ой қозғау.)
Жаңа сабақ: Жалаң және жайылма сөйлемдер.
← Мысалдар: Қыс келді. Ауа – райы салқын. Қар жауды. Айналаны ұлпа
қар жапты. Тәуелсіздік мерекесі жақындап келеді. Қазақ елі – бірлігі
мен ынтымағы жарасқан мекен. Елбасымыздың сындарлы саясатының
нәтижесінде Қазақстан қарыштап дамып келеді.
Тапсырма: Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерден құралғанын бір бөлек, тұрлаулы
мүше мен тұрлаусыз мүше араласып тұрғанын бір бөлек жаздыру.
Жалаң сөйлемдер: Қыс келді. Ауа – райы салқын. Қар жауды. Тәуелсіздік
мерекесі жақындап келеді.
Жайылма сөйлемдер: Айналаны ұлпа қар жапты. Қазақ елі – бірлігі мен
ынтымағы жарасқан мекен. Елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесінде
Қазақстан қарыштап дамып келеді.( Сөйлемдерді салыстыра талдап, ережені
оқушылар өздері шығарып айтады)
Оқулықпен жұмыс.
107-жаттығу.( ауызша ) Сынып оқушылары өз іштерінен сыныптастарының өнерін,
қасиетін қатыстырып сөйлемдер айтады, ауызша сөйлем мүшесіне талдайды.
Сынып екі қатардағы топ ретімен жұмыстанады.
І топ.
108-жаттығу. Көзбен шолып, 3 жалаң сөйлем жазу.
ІІ топ
114-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру.
Тапсырмалары бойынша әр топтан 1 оқушы тақтада орындап, сөйлемдерін талдап,
дәлелдейді.
Ой – толғаныс
“Екі жақты түсіндірме күнделік” стратегиясы. Стратегия шарты бойынша
оқушылар әр сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
← Жалаң және жайылма сөйлемдер құрмалас сөйлемнің түрлері ме?
← Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұра ма?
← Құрамында тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлем жайылма сөйлем бола ала ма?
← Жалаң сөйлем тек екі сөзден тұруы міндетті ме?
← Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де қатысқан сөйлем
жайылма сөйлем бола ала ма?
← Бүгінгі сабақты түсіндіңдер ме?
Үйге тапсырма:
← Ережені оқу.
← “Тәуелсіздік тойына сый” тақырыбы аясында :
← І топқа: 111-жаттығу. “Ең үздік деп бағалаймын ” тақырыбына жыл бойы
мектепте өткен шаралардан өзіне ұнағанын әңгімелеп жазу.
← ІІ топқа: 116-жаттығу. Өз өлкеңнен шыққан танымал тұлға туралы шағын
әңгіме жазу.
← Деңгейлік тапсырма: “Ел тірегі - Тәуелсіздік” тақырыбына шағын
шығарма жазу.
Бағалау.
Қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Жалаң және жайылма сөйлемдер. 8 сынып
Тұрлаулы мүше
Жалаң сөйлем
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр
Жалаң және жайылма сөйлем. 3 сынып
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлем .Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау
Атаулы сөйлем
Жақты сөйлем
Құттықтау хат
Пәндер