Биология пәнінің мүғалімі

«Жаңа технологияларды қолдана отырып, биология сабағында үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын
жұмыс түрлері»
Әдістемелік кеңес
Дайындаған:
Ақтау қаласы
№13 орта мектеп гимназиясының
Биология пәнінің мүғалімі : Мырзабекова Бахтыгүл.
Мақсаты: Үлгермеуші оқушыларды анықтау және оның түзету жолдарын қарастыру.
Білім беру - жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.
Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан -жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты.
Психолог ғалым А. М. Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.
- Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.
- Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік - бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.
- Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік - бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.
I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы) ; оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік) ; ақыл - ойының дамуының әлсіздігі.
II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;
III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.
1. Ең алдымен балаға зерттеу жүргізу керек
Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер
Оқу үлгерімін тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі жеті кедергіні атап өту орынды.
- Іс-әрекеттің табиғи қарқыны.
- Регресс.
- Антиципация.
- Артикуляция.
- Көрудің кеңістігі.
- Зейіннің деңгейі.
- Жады.
Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді. Сондықтанда мұғалімнің міндеті үлгерімі төмен оқушылармен жекелеген жұмыстарды жүргізуі қажет.
Биология пәнініен үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту керек. Жаттығулардың түрлері өте көп, сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Биология сабағы ауысша сабақ болғанымен кейбір күрделі тақырыптарды балал көз алдына елестете алмайтын тақырыптарда кездеседі.
2. Сондықтан ең алдымен тапсырамаларды меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім
емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,
қасиетін дер кезінде айқындау керек.
3. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол.
А) Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Бірінші, тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т. б.
Ә) Жаңа сабқатың мақсаты қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт.
- Сабақты бастар алдында қойылатын сұрақ бала ұғымына сай болуы керек.
- Бала оны өмірде қолдана білуі керек.
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын бір жылға арналған жоспар болу керек.
Мақсаты: пән бойынша игере алмаған тақырыптар негізінде білім, білік, дағдыны қалыптастыру үшін қосымша жұмыс ұйымдастыру, білім сапасын арттыру.
Міндеттері:
1. Еріктілікті дамыту, танымдық қиыншылықты жеңуге баулу;
2. Танымдық қызығушылығын арттыру, пән бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
3. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
4. Өздік бақылауға, тәрбиелеуге жетелеу, жауапкершілікті арттыру.
Үлгерімі нашар оқушыларға арналған
жылдық жұмыс жоспары
(2014-2015 оқу жылы)
Өткен оқу жылының негізгі бөлімдері бойынша сынып оқушыларының білімдерін бақылау кесіндісін өткізу.
Мақсаты: а) оқушылардың нақты білім деңгейін анықтау
Б) оқушылардың білімдерінде жылдам жоюды талап ететін кемшіліктерін анықтау
Осылайша біздің мектебіміздің биология пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін өткізеді. Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. І тоқсанмен салыстырғанда біраз сыныптарда ІІ тоқсанда білім дәрежесі көтеріледі. Бұл жетістіктер мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Мұғалім, оқушы, ата-ана әрқашан бірігіп жұмыс атқаруы керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz