БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАЛАҒА ӘСЕРІ

С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ
ЖӘНЕ ТЕЛЕДИДАР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАЛАҒА ӘСЕРІ»
Орындаған информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Қызылқоғам ауылы
2013-2014 оқу жылы
Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді.
Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі.
Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағы агент.
Ұялы телефон арқылы Mail. ru agent жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Агент ауруы - аз-аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. @mail. ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.
Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы агент. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» - ға дайындал!», - дейтін болса оқушылар қауымы агентсіз тұра алмауда.
Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне агент арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді.
Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.
Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады. Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдері шаштарын ағартып білім беруде оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертеді. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады.
Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс.
Қорыта келе ұялы телефон қолданған кезде ескеретін жайт:-ҰБТ-ға педагогикалық - психолгиялық дайындықты қарқынды жүргізуде мектеп оқушыларының ұялы телефоннан және агенттен аулақ болуы керек. - Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесуі керек. -Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болып, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдануы керек. -Денсаулығын ойлайтын азамат болса, жан-жақты ұялы телефоннан гөрі, жай қарапайым ұялы телефон ұстауы керек, себебі көзге де қатты әсер етеді. -Тым экраны жарық шашатын ұялы телефонды қолданғанда, жарықты жағып қолдану керек, себебі қараңғыда ұялы телефондағы химиялық зат адамның денсаулығына екі есе әсер етеді. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz