Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бақылаушы жауынгер

«Бекітемін»

_____________ ______________

Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды
таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар,жергілікті жерде бақылау
жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу,
бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бақылаушы жауынгердің міндеттерімен
таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны:

5. Көрнекілік құралдар. АӘД оқулығы, оқпана.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

- ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады?
- миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.
- инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?
- радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады?
- жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Бақылаушы жауынгер.

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы
тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді:
бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген
секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті
заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын
құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап
бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын
бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы
жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға
дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады.
Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды
да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты
түрде түсіреді де, бақылау журналына түсіреді.
Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын
орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе
перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы,
құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа
көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып
орналасуы керек.
Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен
сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық
қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті
жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына
көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны –
оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді
бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-
3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша
белгіленеді. Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді
асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін,
формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер
кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен
орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін
бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді
және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір
шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды.
Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты
бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты
байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын
анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын
бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол
бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.
Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты
айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге
қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл
кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің
мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс
орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс,
оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын,
бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа
бронетранспортер жылжып келеді және т. б.

Бақылау журналындағы жазу формасы

|Бағдарлау уақыты |Қайда, не байқалды |Кімге, қашан баяндалды. |
|6сағ 10мин |«Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, |6сағ 10мин |
| |200-ге жақын, |Бөлімше командиріне |
| |бұта арасында – «бақылаушы» | |
|7сағ 20мин |Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден |7сағ 20мин. |
| |алыс, оқпанада – «танк» |Бөлімше командиріне |

Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса,
ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды
жалғастырады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- бақылаушының міндеттері қандай?
- бақылаушы қайда орналасады?
- бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?
- бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?
- бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Ұқсас жұмыстар
Қорғаныстағы жауынгер
Мотоатқыш бөлімше
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы
Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері
Қасым Аманжолов ақын өлімі туралы аңыз жайлы ақпарат
Қатардағы жауынгер
Абай құнанбаев "жиырма тоғызыншы сөз"
Бауыржан момышұлы "жауынгер тұлғасы"
Әлемге әйгілі ескерткіш
Жазғы мектепте жұмысты түрлендіру арқылы оқушылардың оқуға мотивациясын көтеру
Пәндер