Көкөніс дақылдары бағалы дақылдар

Сабақтың тақырыбы : Көкөністер, жеміс-жидектік және бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіру.

Мақсаты: Көкөністік дақылдардың түрлері, адам үшін маңызы, Қазақстанда кездесетін түрлері, жеміс-жидектік дақылдар, оларды өсіріп көбейту және бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: көкөністер, жеміс-жидек дақылдарының топтары, бөлме өсімдіктерінің маңызын ұғындыру, алған білімдерін кеңейту, практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: іскерлігін, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Әр түрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту

Тәрбиелік: оқушыларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, еңбек етуге тәрбиелеу. Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Қолданылатын модульдер : диалогтық оқыту, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, өзін-өзі бағалау, дарынды оқушымен жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар : топтық жұмыс, әңгіме, сұрақ-жауап, рефлексия, кластер.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, слайд, үлестірмелі дидактикалық материалдар, ватман, маркер.

Барысы: І. Ұйымдастыру

а) Сыныппен сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аударту

б) сабаққа дайындықтарын тексеру

Психологиялық тренинг өткізу.

«Шаттық шеңбері». Оқушылар дөңгеленіп тұрып, қолдарына жіп алып, бір -бірлеріне жақсы тілектер айтады. Нәтижесінде өрмекшінің торы шығады. Ол деген топпен жұмыс барысында ұйымшыл болуды білдіреді.

Әртүрлі қағаздан жасалған фигураларды таңдау арқылы сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Топ лидерлерін сайлау, оларға бағалау парақтары беріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Реферат «Бидай - бағалы астық тұқымдасы» Кәрім Қазыбек

«Күнбағыс - май алынатын негізгі өсімдік » Асқар Нүрия

Өткен сабақ бойынша 2 топқа шолу сұрақтарын беру.

1. Қазақстанда бидайдың қандай іріктемелері өсіріледі? Дәнді дақылдарға қандай өсімдіктер жатқызылады?

2. Жаздық және күздік бидайдың тіршілік әрекетінде қандай ерекшеліктері бар?

3. Күнбағыс егуге неге ерекше назар аударылады?

4. Қыша қандай өсімдік? Ол Қазақстанда қайда және не үшін егіледі?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

І. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау стратегиясы»

Топтағы оқушыларға сұрақ: «Көкөніс дақылдары, оның түрлері, жеміс-жидектер туралы не білеміз?» Өз ойларын жазу. Жазып болған соң топ мүшелері жұмыстарын қорғайды.

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулық мәтінімен жұмыс.

І топ «Көкөніс дақылдары олардың маңызы, түрлері» шағын хабарлама дайындау.

ІІ топ. «Жеміс- жидектік дақылдар, олардың топтары, түрлері» шағын хабарлама дайындау.

Екі топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды.

Көкөніс дақылдары: орамжапырақ, сәбіз, қант қызылшасы, картоп, рапс, зәйтүн, қыша т. б. Орамжапырақ түрлері: ақ қауданды, қызыл қауданды, кольраби, брюссель, гүлді, савой, пекинді, жапырақты. Құрамында ақуыз, көмірсу, С, Р, К, Д, РР витаминдері болады.

Гүлді орамжапырақ 1 жылдық көкөністік дақыл. Биіктігі 70 см. Жемісі бұршаққын. Жылу талғамайды. Төмен температурада өседі. Көлеңкеде болса, ұзарып өседі. Жарық сүйгіш. Ерте көктемде ексе, жаздың басында түсімалуға болады.

Жеміс-жидек дақылдары 6 топқа бөлінеді.

1. Шекілдеуік жемістілер : алма, алмұрт, айва, долана. Еуропа, Азия, Солтүстік Америкада өсіріледі.

2. Сүйек жемістілер : шие, өрік, алхоры, шабдалы. Топырағы құнарлы жерде жақсы өседі.

3. Жаңғақ жемістілер : жержаңғақ, грек жаңғағы. Қосжарнақты. Ағаш, бұта түрінде өседі

4. Жидек дақылдары : бүлдірген, жүзім, таңқурай, қарақат, құлпынай. Бүлдіргеннің 25 іріктемесі бар. («Аэлита», «Героиня», «Мәншүк», «Крымская», «Кульвер»)

5. Цитрус дақылдары : мандарин, апельсин, лимон, грейпфрукт. Көптеген түрлері Үндістан, Қытай, Үндіқытайда таралған. Бұтақтары тікенді, жапырақтары күрең жасыл болады. Жапырағынан эфир майы алынады. Ол иіс су, әтір жасауда қолданылады.

6. Субтропиктік жеміс : құрма, ананас, банан, інжір. Тропиктік қоңыржай белдеулерде өседі.

«Сергіту сәті» Ынтымақтық атмосферасын қалыптастыру. «Бинго» ойыны.

Дәптермен жұмыс.

Ойланып барып, орнын тап!

Кестенің бірінші бағанасында берілген өсімдіктерге тиісті жемістің тұсындағы санды қойып, кестені толтыр!

Өсімдік аттары
Рет/саны
Жеміс түрлері
Рет/саны
Өсімдік аттары: Асбұршақ
Рет/саны: 2
Жеміс түрлері: Алма жеміс
Рет/саны: 1
Өсімдік аттары: Қайың
Рет/саны: 10
Жеміс түрлері: Бұршаққын
Рет/саны: 2
Өсімдік аттары: Көкнәр
Рет/саны: 5
Жеміс түрлері: Жидек тәрізді
Рет/саны: 3
Өсімдік аттары: Бидай
Рет/саны: 9
Жеміс түрлері: Жаңғақ жеміс
Рет/саны: 4
Өсімдік аттары: Бақбақ
Рет/саны: 8
Жеміс түрлері: Қауашақ
Рет/саны: 5
Өсімдік аттары: Құлпынай
Рет/саны: 11
Жеміс түрлері: Бұршаққап
Рет/саны: 6
Өсімдік аттары: Орамжапырақ
Рет/саны: 2
Жеміс түрлері: Жалған сүйек тәрізді
Рет/саны: 7
Өсімдік аттары: Жоңышқа
Рет/саны: 6
Жеміс түрлері: Тұқымша
Рет/саны: 8
Өсімдік аттары: Күріш
Рет/саны: 9
Жеміс түрлері: Дәнек
Рет/саны: 9
Өсімдік аттары: Мандарин
Рет/саны: 16
Жеміс түрлері: Қанатша
Рет/саны: 10
Өсімдік аттары: Емен жаңғағы
Рет/саны: 4
Жеміс түрлері: Құрғақ жаңғақша
Рет/саны: 11
Өсімдік аттары: Қауын
Рет/саны: 13
Жеміс түрлері: Сүйекті шырынды
Рет/саны: 12
Өсімдік аттары: Қарақат
Рет/саны: 17
Жеміс түрлері: Асқабақ жеміс
Рет/саны: 13
Өсімдік аттары: Ананас
Рет/саны: 15
Жеміс түрлері: Көпсүйекті құрғақ
Рет/саны: 14
Өсімдік аттары: Грек жаңғағы
Рет/саны: 4
Жеміс түрлері: Біріккен жеміс
Рет/саны: 15
Өсімдік аттары: Өрік
Рет/саны: 12
Жеміс түрлері: Жидек тәрізді гесперидий
Рет/саны: 16
Өсімдік аттары: Картоп
Рет/саны: 17
Жеміс түрлері: Жидек
Рет/саны: 17
Өсімдік аттары: Меңдуана
Рет/саны: 5
Жеміс түрлері: Бұршаққынша
Рет/саны: 18
Өсімдік аттары: Соя
Рет/саны: 6
Жеміс түрлері:
Рет/саны:
Өсімдік аттары: Итмұрын
Рет/саны: 14
Жеміс түрлері:
Рет/саны:

2 тапсырма.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Астық дақылдарына

жатады.

Бұршақ дақылдарына

жатады.

Көкөніс дақылдарына

жатады.

3 тапсырма .

Кестеде келтірілген жемістер құрылысының ерекшеліктері мына төменде келтірілген өсімдіктердің қайсысына тән?

Өсімдіктер:

  1. Шие
  2. Қарбыз
  3. Қарақат
  4. Жүгері
  5. Үйеңкі
  6. Күнбағыс
  7. Фундук
  8. Көкнәр
  9. Орамжапырақ
  10. Бұршақ

Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығы
Талдауға дайындықтың үлгісі
Жеміс және көкөніс шаруашылығы
Бұршақ дақылдарының аурулары
Дәнді дақылдар
Қызыл балдыр
Ақдала ауылы
"күз-береке" ашық тәрбие сағаты
Мата өңдеу технологиясы
Ұшты сары жапырақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz