Сабақ жоспары: балауыз бор мен акварель арқылы қар қиыршығын салу

12. 12. 2012 жыл

І. Сабақтың тақырыбы: Қар суретін салайық

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: қар қиыршығын балауыз және акварель бояумен салу тәсілін меңгерту; түрлі тәсілдерді, бейнелеу құралдарын қолданып сурет салуға үйрету.

ә) дамытушылық: өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру; шығармашылық қиялын ұштау; көркемдік талғамын дамыту; аралас техника бойынша білігі мен дағдысын дамыту.

б) тәрбиелік: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.

ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

V. Сабақ көрнекілігі: қар қиыршықтары бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, қысқы табиғат бейнеленген суреттердің көшірмелері, слайд-шоу.

VI. Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру сәті.
  2. Сабақтың тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме өткізу.
  3. Сурет салу тәсілдерін көрсету.
  4. Оқушылардың өз бетінше жұмысы.
  5. Сабақты қорытындылау.

V. Сабақтың барысы:

Жаңа сабақтың тақырыбын баяндау.

Қар қиыршығын алақаныңа салып, оған жақсылап қарашы. Иә, олар тез еріп кетеді, себебі олар бар болғаны мұзға айналған су түйіршіктері ғана ғой. Дегенмен, сенің көріп үлгергеніңді ғажайып деуге болады. Бірде-бір қиыршығы бір-біріне ұқсамайды және олар өте әдемі!

Қар қиыршығының үлкейтілген көрінісі

Балаларға суреттер мен фотосуреттерді көруді ұсыну. Балаларды жаттықтыру үшін оларға жай қарындашпен салуды ұсыну. 6 және 8 ұшы бар қар қиыршығын салу тәсілін түсіндіру.

Оқушыларға альбом парағында қар қиыршығын бейнелеуді ұсыну. Бұл үшін балауыз бор мен акварельді пайдалану қажет. Аралас техника оқушыларға әрдайым қызық. Қар қиыршығының суретін ақ параққа балауыз бормен саламыз. 6 және 8 ұшы бар түрлі қар қиыршығының суреттерін бейнелейміз.

Қылқаламды пайдалана отырып, параққа көк және көгілдір акварельмен өң береміз. Бормен салынған сурет пайда болады.

Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген кезде оларға берілетін кеңестер:

  1. Қар қиыршығының суретін салу барысында ұсақ бөлшектерге айналып, алданып қалмау, олар акварельмен өңдегеннен кейін нашар көрінеді.
  2. Суретті тиянақты әрі жан-жақты ойластырып салу керек, өйткені майлы бормен салынған суретті түзетуге болмайды.
  1. Суреттің өңін кіргізу үшін тек суық түстерді таңдау керек.

VI. Өзіндік жұмыс

Тапсырма: Қар суретін балауызбен салу

Жұмыс барысында оқушыларға жалпы және жеке көмек беру. Ұқыпты, таза жұмыс істеуге назар аударту.

VII. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінгі сабақта қар қиыршықтарын бейнеледік. Дайын жұмыстарды талқылап, үздік орындалған суреттерді бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру

Қар қиыршықтарын фломастер, түсті қаламмен салып келу.


Ұқсас жұмыстар
Натюрморт салу: композиция, өлшеу, пішін сомдау, жарық-көлеңке және акварель техникасы
Ағаштан қар күрек жасау: технология пәні бойынша сабақ жоспары
Сафуан Шаймерденовтің Қар мәтіні бойынша әдебиет пен дүниетану интеграцияланған сабақ жоспары
3-сынып Қазақ тілі: Қағаздан қар жасау - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Композиция сабағы: Пейзаж - Қыс көрінісі (Алғашқы қар) және матрицамен бейнелеу мен бояу техникасы
Информатика пәні: графикалық редакторда бүріккіш пен қылқалам арқылы сурет салу - практикалық сабақ жоспары
5-6 сыныптарға арналған бейнелеу өнері: күзгі пейзаж және натюрморт (акварель, гуашь)
11-сынып: Оралхан Бөкейдің Қар қызы повесіне арналған қазақ әдебиеті ашық сабақ жоспары
9-сынып ашық сабағы: Атомдардың сәуле шығару мен жұту спектрлері және Бор постулаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz