Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алгоритмді жазу пішімі

Информатика пәні мұғалімі : Абдраманова А.А.
Күні: 23.11.2013ж.
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары.Алгоритмді жазу пішімі.
Блок-схемалар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға алгоритм түсінігін беру
2. Оқушыларға алгоритм құрастыруды
уйрету.
3. Оқушылардың алгоритмдік ойлау
қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс –тәсілдері: Тест,ойындар,практикалық жұмыс.
Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта,компьютер сыныбы,фишкалар,конверт.
Пән аралық байланыс: математика,дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, еңбекке
баулу.
Негізгі бөлім :
І. Ұйымдастыру :оқушылармен амандасып, түгендеу, топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: «Компьютер әлеміне саяхат» ойыны арқылы.
Оқушылар өздері дайындап келген ресбустары мен сөзжұмбақтарын жасырады. Үй
тапсырмасын тексеру үшін сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ: Алгоритм және оның атқарушылар. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-
схема.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына
жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса
әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып
жазылуына шыққан. Ол
санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың
орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды
мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен
құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп,
ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі
деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу
әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең.
Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс
істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген
есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады.
Мысалы: y=(ax+b)(cx-d)
А1= а*х=ах
А2=а1+b=ax+b
A3=c*x=cx
A4=a3-d=cx-d
A5=a2*a4= (ax+b)(cx-d)
A6=y=acx2-axd+cxb-bd
Алгоритмді жасау барысында оны 3 тәсілмен сипаттауға болады:
• Табиғи тілде
• Блок схема түрінде
• Арнаулы тілде
• Қарапайым тілде әрбір адамға түсінікті етіп жазу табиғи тілде жазу деп
аталады.
Мысалы:табиғи тілде жазылуы:
1) алгоритмнің басы
2) a,b,c мәндерін енгізу
3) периметрдің формуласы бойынша Р табу керек
4) ауданның формуласы бойынша S табу керек
5) ауданның мәнін баспаға шығару керек (периметрдің мәнін де баспаға
шығаруға болады)
6) алгоритмнің соңы

• Блок схема деп әр түрлі фигуралар арқылы бағдарламада орындалатын
әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схеманы
айтады.

• Арнаулы тілде жазу деп ЭЕМ түсінетін тілде жазуды айтады.
Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу
керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы
командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс.
Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді
графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген
амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе
блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар
бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады.
Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм
схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады.
Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок
схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын
сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
|№ |Блоктар кескіндемесі |Блоктар қызметі |
|1 | |Алгоритм басы |
|2 | |Алгоритм соңы |
|3 | |Есептеуіш әрекет |
|4 | |Мәліметтерді енгізу,|
| | |мәліметтерді шығару |
|5 | | |
| |жоқ иә |Шартты тексеру |
| | | |
| | | |
|6 | |Циклдың басы |
|7 | |Көмекші алгоритмді |
| | |шақыру |
|8 | |Байланыс бағытын |
| | |көрсету |

Жаңа сабақты бекіту: Адасқан алгоритмдер

2

Практикалық жұмыс:

Дәптермен жұмыс:

Сергіту сәті:

«Кім жылдам» алгоритмді орналастыр:

Қорытынды : Сұрақ жауап (жаңа тақырыпқа байланысты)
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: ережені жаттау, алгоритм құру.

Астана қаласы
№49 орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары.Алгоритмді жазу пішімі. Блок-
схемалар

Сыныбы: 8а
Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі
Абдраманова А.А.

2013-2014 оқу жылы
-----------------------
шарт

Ұқсас жұмыстар
Келтірілген алгоритмге блок - сызба құрыңдар
Паскаль тілінің қарапайым операторларымен жұмыс. 9 сынып
Сызықтық алгоритмдерді программалау. Сабақтың тақырыбы
Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту
Алгоритмнің бұйрығы
Алгоритмнің орындалуы
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема
Пәндер