Лепті сөйлем: Астанаға саяхат түріндегі сабақ жоспары

Тақырыбы : Лепті сөйлем

Мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру . Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау . Білімдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу .

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуін, логикалық ойлауын дамыту .

Түрі : саяхат сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация

Барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі

Қазір бізде қай сабақ . Қазақ тілі

2) Психологиялық дайындық

Осы біздер қандаймыз ?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз !

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін

Біз қазақ елінің болашағымыз

Бүгін бізге қонақтар келіп отыр . Бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтарға өз білімдеріңді ортаға салайық .

Астана қаласына саяхатқа шығамыз . Ол үшін берілген тапсырманы толығымен орындауымыз керек . ( Астана суреті Автобус )

Автобусқа міну үшін

3 . Үй тапсырмасын тексерейік .

4 . Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек яғни билет алып, Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік .

- Мәтін дегеніміз не ?

- Сөйлем дегеніміз не ?

- Сөйлемнің неше түрі бар ?

- Олар қалай аталады ?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

1

Астана вокзалы . Маршрут схемасын алдық .

Фонетика жыр жолдарында

Қ

Қарағым, халқыңды сүй, қор болмайсың

Қасиеттің не екенін ойлағайсың

Қарапайым қамқоршың, ел - жұртындай

Құдіреттің иесін таба алмайсың

5 . Дәптермен жұмыс .

Дәптерімізді ашып күн, айды жазамыз .

Көркем жазу .

Қ қ

Қазақстан қонақ .

6 . Жаңа сабақ .

Тәуелсізідік монументы

Лепті сөйлем

Адамнаң көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі ( ! ) қойылады .

7 . Оқулықпен жұмыс

« Қазақстан » спорт кешені

1 жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрастыр ( Сурет құрастыру керек )

Балалар алаңға келді . Топ - топ болып футбол ойнады . Футболшы гол соқты . Жанкүйерлер қатты қуанды . Жарайсыңдар !

- Құрастырған мәтінде сөйлемнің қандай түрлері бар ?

Спорттың пайдасын айт . ( Азиада суреті )

« Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады » деген ойды аяқта .

Біздің мектепте Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көптеген іс - шаралар өтуде . Волейбол, баскетбол жарыстары өтті . Белгілі спортшыларымыз бар .

Сергіту сәті.

8 .

Оқулығымыздың 100 бетін ашып, оқулықтағы 2 жаттығуға назар аударайық .

Өлеңді түсініп оқы .

Білім терең теңіз бе,

Білім, еңбек егіз бе ?

- Рухани азығым -

Осы екеуі де, -

Дейді атам,

Білімді еңбекпенен ізде сен !

2

Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы . Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап . Осы

сөйлемді қандай дауыспен оқыдың ?

9 . Шығармашылық жұмыс .

«Хан шатыры»

Деңгейлік тапсырма .

.

!

?

10 . Дәптермен жұмыс.

«Бәйтерек»

3 жаттығу

Дәптеріңе көшіріп жаз .

Туған өлкем . ( орнында )

- Слайд « Ауылым - алтын бесігім » ( Бестөбе көрсету )

- Дыбыстың талдау жолы . ( тақтада 2 оқушы )

туған алқабы .

Туған - 2 буынды 5 әріп 5 дыбыс

т - дауыссыз, қатаң

у - дауысты

ғ - дауыссыз, ұяң

а - дауысты, жуан

н - дауыссыз, үнді

алқабы - 3 буын 6 әріп 6 дыбыс

а - дауысты, жуан

л - дауыссыз, үнді

қ - дауыссыз, қатаң

а - дауысты, жуан

б - дауыссыз, ұяң

ы - дауысты, жуан

11 . Тақтамен жұмыс . « Думан »

5 жаттығу : Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз . Менің Отаным - күн шұғылалы Қазақстан . Отанымыздың даңқы арта берсін !

Дұрыс орындадың саяхатымызды жалғастырайық .

3

12 . Семантикалық картамен жұмыс

Сөйлемдер: Сөйлемдер
Лепті: Лепті
Сұраулы: Сұраулы
Хабарлы: Хабарлы
Сөйлемдер:

Самал қайда бара- +

сың ?

Өркенің өссін, қа-

рағым ! +

Қыс келді +

Ауа райы қандай та- +

маша !

Сабақты қорытындылау

Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық ?

Лепті сөйлем дегеніміз не ?

Үйге тапсырма

Бағалау

Рефлексия

Балалар сабақтан алған әсерлерінің қандай ? Сабақ несімен ұнады ? Сабақ сендерге ұнаса, Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз .

4


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ тілі сабағы: сөйлем мүшелерін қайталау - Астанаға саяхат
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Лепті сөйлем
4-сынып: Қорытынды сабақ - Астанаға саяхат
Сабақ жоспары: Лепті сөйлем - мақсаттар, әдіс-тәсілдер және бағалау
4-сыныпқа арналған Астанаға саяхат тақырыбындағы сабақ жоспары
Астанаға саяхат: етістің түрлерін қайталау
Сөйлем және айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті - сабақ жоспары
Қазақ тілі: Сөйлем және оның түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) - сабақ жоспары
Астанаға саяхат: қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Лепті сөйлем: мағынасы, дауыс ырғағы мен тыныс белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz