Суретшілер шығармалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№ 64. Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназия
Сайыс сабақ
Тақырыбы: Бояулар сыр шертеді
Пән мұғалімі: Егембердиева Гульнара
Шымкент 2011 жыл
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: “Бояулар сыр шертеді”
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, .
ә) Дамытушылығы: оқушының ой - қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, озін - өзі тексеру, сайыс.
Көрнекілігі: қалам, қағаз, сулы бояу, мақал - мәтел, жұмбақ, суретшілер шығармалары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу.
Сабақтың формасы: өзін - өзі тексеру, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, иллюстрация.
Бақылау: өзара бақылау.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мұғалім:
− Балалар, “Бояулар сыр шертеді” тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық. .
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.
К. Маркс
−Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой - қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.
I - топ “Акварель” II - топ “Гуашь”
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель - седа жақсы еритін бояу
Гуашь - суға езілетін қою бояу.
- Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1. Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал - мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.
- Үй тапсырмасы бойынша “Ғарышкер болу арманым” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.
2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.
Акварель тобы:
Гуашь тобы:
3. Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты - жөнін табу тапсырылады.
4. Жұмбақтар сайысы.
I. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
(Күн)
Ақ қойым тұрып кетті
Қара қойым жатып алды
(Қар мен жер)
Айдалада ақ шатыр
Ішінде қызыл көзді шал жатыр
(Аспан, күн батуы)
Қара суда суат жоқ
Қалың тауда бұтақ жоқ
(Көз бен кірпік)
II. Қос ішекке қонақтаған қаланы
Қара тұлпар алға сүйреп барады
(Поезд)
Қара тайым мықты
Қара бием сүтті
(Қазан, ошақ)
Қызыл сиырды байлап салдым
Көк сиырды айдап салдым
(От, түтін)
Үстіндегі көйлегі түрлі - түсті не демек
Қызықтырар көргенді мұның атын не демек
(Көбелек)
5. Мақал - мәтелдер сайысы.
Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.
Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.
Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.
Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.
Өрмекшінің торы
Қара шыбынның соры.
Қайғысыз қара суға семіреді.
Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.
Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді.
Сабыр түбі сары алтын.
Сараңның асын сары ит ішеді.
Ел - жұрттың қадірін іс түскенде білерсің,
Сары тонның қадірін қыс түскенде білерсің.
Сарғайған жетер мұратқа
Сабырсыз қалар ұятқа.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz