Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғаліммен мин

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редактормен таныстыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларға тапсырма беру арқылы қызығушылықтарын арттыру,
ой-өрістерін кеңейту;
3. Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын
арттыру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар, көзге арналған
арнайы бағдарлама.

Сабақ типі: саяхат-сабақ

БАРЫСЫ

|Кезеңдері |Мұғалімнің іс-әрекеті |Оқушының |Уақыт |
| | |іс-әрекеті | |
|I. |- Сәлеметсіңдер ме, балалар! |Мұғаліммен |2 мин |
|Ұйымдастыру |- Сабақта бүгін түгелі ме? |амандасады. | |
|кезеңі. |- Сабаққа дайынсыңдар ма? |Сынып әкімі | |
| | |сабақта жоқ | |
| | |оқушылардың | |
| | |атын, | |
| | |кезекші | |
| | |баланың атын| |
| | |айтады. | |
|II. Үй |Үй жұмысын тексеру: | |3 мин |
|жұмысын |Paint графикалық редакторын қайталау. | | |
|тексеру. | | | |
|III. Жаңа |- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, Бағдарламалар |Мұғалімнің |10 мин|
|материалды |мен Редакторлар еліне саяхат-сабағы. Сендер |сұрағына | |
|түсіндіру. |дайынсыңдар ма? Олай болса, кеттік! |жауап | |
| |Біз саяхатымызды (ПУСК) ЖІБЕРУ басқару пунктінен |береді. | |
| |бастайық (слайд 2). Ерекше қалалар мен елдерден |Тыңдап | |
| |өтейік. Алдымен Бағдарламалар еліне келеміз, содан |отырады. | |
| |үлкен Стандартты қаладан, сонан соң тек Word Pad | | |
| |қаласына жетеміз. Осы қаламен жақынырақ таныса | | |
| |кетейік (слайд 3). Сендер көріп отырғандай, осы | | |
| |қаланың өзінің көшелері, шағын аудандары, қаланы | | |
| |басқару батырмалары, бағдаршам және де мәлімет | | |
| |бюросы бар екен. Бізге Стандартты көшені жақсылап | | |
| |қарастыру керек (слайд 4). Балалар, сендердің | | |
| |көшелеріңдегі үйлер нөмірленген болса, осында | | |
| |нөмірдің орнында үйлердің аты белгіленген. Әр үйдің| | |
| |тұрғындары мейірімді, кішіпейіл, жауапты. Егер де | | |
| |оларға қонаққа кірсеңдер, олар сендердің кез келген| | |
| |өтініштеріңді орындап береді. Мысалы, Құру | | |
| |(Создать) үйдің тұрғындары сендерге жаңа құжат | | |
| |құрып береді, Ашу (Открыть) үйінің тұрғындары алдын| | |
| |ала құрылған құжатты ашады, Сақтау (Сохранить) | | |
| |сендердің құжаттарыңды сақтайды, Басып шығару | | |
| |(Печать) дайын файлды қағазға басып шығарады, | | |
| |Басылымды қарап шығу (Предварительный просмотр) | | |
| |құжатты алдын ала көрсетіп береді, Табу (Найти) – | | |
| |жоғалған файлды тез тауып береді, Буферге жіберу | | |
| |(Вырезать), Буферге көшіру (Копировать), Буферден | | |
| |қою (Вставить) өзара туыстар, олар біріге жұмыс | | |
| |істейді, Болдырмау (Отменить) – қателеріңді | | |
| |болдырмайды, ал Күні/уақыт (Дата/время) үйіне | | |
| |кірсеңдер, дұрыс уақыт пен күнді көрсетіп береді. | | |
| |Біздің саяхатымызды жалғастырып (слайд 5), | | |
| |Форматтау көшесімен танысайық! Осы көшенің | | |
| |тұрғындары аздау, олардың есімдері: Қаріп (Шрифт), | | |
| |Қаріп өлшемі (Размер шрифта), Қаріп кескіні | | |
| |(Начертание шрифта), Қалың, Курсив, Асты сызылған, | | |
| |Түс (Цвет), Сол жақ, ортада, оң жақ шеті бойынша | | |
| |орналастыру, Маркерлер. Балалар, әр елдің өзінің | | |
| |Заңдары бар екенін білесіңдер ме? Осы қаланың | | |
| |өзінің Заңдары бар (слайд 6). Алдымен ең негізгі | | |
| |заңдар: ҚҰРУ, АШУ, САҚТАУ. Және де ережелері (слайд| | |
| |7). Балалар, егер де сендер Word Pad қаласының | | |
| |тұрғындарына сыйластықпен қарасаңдар, қала Заңдарын| | |
| |қатал сақтап, ережелерін бұзбасаңдар, сендер | | |
| |Информатика елінің лайықты азаматы боласыңдар! | | |
| |Ребус (слайд 8) | | |
|Физ.минутка |Оқушыларға көзге арналған арнайы бағдарлама қосып | |2 мин |
| |беру. (слайд 9) | | |
|ІV. |- Енді карточкалар бойынша практикалық жұмыс |Практикалық | |
|Практикалық |істейміз. (слайд 10) |жұмысты | |
|жұмыс | |компьютерде | |
| | |орындайды |10 мин|
|V. Бекіту |- Сабақты бекіту үшін «Не білдім, не үйрендім?» | |10мин |
|кезеңі. |кезеңінде оқушыларға арнайы бағдарламада |Оқушылар | |
| |дайындалған тест тапсырмасы беріледі. Тесттің |тестті | |
| |қорытындысын бағдарлама автоматты түрде есептейді. |орындайды. | |
| |(слайд 11) | | |
| |1. WordPad - қандай редактор? | | |
| |1) Операциялық жүйе | | |
| |2) Графикалық редактор | | |
| |3) Мәтіндік редактор | | |
| |2. WordPad редакторын қалай іске қосамыз ? | | |
| |1) Пуск -» Программы -» Настройка -» WordPad | | |
| |2) Пуск -» Программы -» Стандартные -» WordPad | | |
| |3) Пуск -» Программы -» WordPad | | |
| |3. WordPad бағдарламасы қай түрге жатады ? | | |
| |1) Қолданбалы | | |
| |2) Жүйелік | | |
| |3) Стандартты | | |
| |4.Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Справка... | | |
| |1) Стандартты панель | | |
| |2) Меню жолы | | |
| |3) Құрал тақтасы. | | |
| |5. Болдырмау командасы. | | |
| |1) Правка - Отменить | | |
| |2) Правка - Вставить | | |
| |3) Правка - Копировать | | |
| |6. Ең бірінші сақтау командасы. | | |
| |1) Файл — Сохранить. | | |
| |2) Файл — Сохранить как. | | |
| |3) Файл — Сохранить как веб-страницу. | | |
| |7. Терезені бүктеу құралы қалай аталады? | | |
| |1) Жималау | | |
| |2)Жаймалау | | |
| |3) Жабу | | |
| |8. Әріптерді бас әріппен жазу пернесі. | | |
| |1) Enter | | |
| |2) Caps Look | | |
| |3) Num Look | | |
| |9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қалай аталады? | | |
| |1) Килобайт | | |
| |2) Байт | | |
| |3) Бит | | |
| |10. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістікті не деп | | |
| |атайды? | | |
| |1) Стандартты тақтасы | | |
| |2) Меню жолы | | |
| |3) Жұмыс алаңы | | |
| | | | |
| |- Жарайсындар! | | |
|VI. Үй |WordPad редакторының құрал-саймандарына ребус, |Күнделіктері|2 мин |
|тапсырмасы |сөзжұмбақ құрастыру. |не үй | |
| | |тапсырмасын | |
| | |жазып алады.| |
|VII. Бағалау.|Оқушыларды бағалау. | |5 мин |
|VIII. |– Сонымен бүгінгі саяхат-сабағы сендерге ұнады ма? |Мұғаліммен | |
|Қорытын-дылау|Назарларыңа рахмет! Сау болыңдар! |қоштасу. | |

-----------------------

Практикалық жұмыс WordPad

1- тапсырма:
1. Өз аты-жөніңді тер.
2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 20, жолдың ортасына орналастыр.

2-тапсырма:
1. Келесі өлең шумағын тер.
2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда.
3. Мұғалімге көрсет.
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт Ел үшін,
Кең дүниенің көлемін

Ұқсас жұмыстар
Сан есім жайлы ақпарат ( 3 – сынып )
Сан аралықтары жайлы
Әке тәлімі Аманжол Алтай
Жауап парағы
Топ ұстанымы
Сабақ жоспарлары. 6 сынып
Информатика пәнінен 2 класқа арналған іі тоқсанның қысқа мерзімді жоспары
Қоқыс тазалағыш робот жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
Ультрадыбысты датчик. Кедергілерге реакция және оларды анықтау
Сабақ жоспарлары. 8 сынып
Пәндер