Токтың жұмысы

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты, физика кафедрасында қорғалған сынық сабағы 17. 02. 2011жыл.

Пәні Физика, 10 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт, кафедра әдіскері Жақыпова Назима Балапанқызы,

Сабақты қорғаған Есік гуманитарлық-экономикалық колледж оқытушысы Усенбаева Зағира Усенбаевна.

Панорамалық сабақ -сабақ интерактивтік тақтамен өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тұрақты токтың

жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Тұрақты токтың жұмысының және

қуатының физикалық мағынасын түсіндіру.

Математикалық өрнектермен таныстыру. Физикалық

шамалардың өлшем бірлігін меңгерту. Джоуль- Ленц

заңымен таныстыру. Заңның математикалық өрнегімен

таныстыру, мағынасын түсіндіру. Электр тоғының

жұмысы мен Джоуль-Ленц заңының энергетикалық

мағынасын теориялық негізде ұғындыру. Теориялық

білімді практикамен байланыстыра алу машығын

қалыптастыру. Формулаларды есте сақтау үшін

жаттығулар орындату.

Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру, физикалық көзқарас

қалыптастыру. Қорытындылай алуға, нақтылыққа,

жүйелілікке, реттілікке, ұжымға, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім қалыптастыру.

Әдісі: Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-пратикалық, интерактивті .

Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық физика10-сынып, интерактивті тақта, физика есептерінің жинағы, тұрмыстық электр приборлары, топтамалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

III. Жаңа сабаққа мақсат қою.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту- 1-7 кестелер бойынша слайд жасалып оқушылармен жұмыс жүргізіледі.

VI. Білімдерін тексеру. 1-7 слайдтармен

VII. Қортынды.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Амандасу;

Б) Түгендеу;

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. С ұрақтар:

  1. Электр тогы деген не?
  2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
  3. Тұрақты ток деген не?
  4. Электр тогының қандай әсерлері болады ?
  5. Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар?
  6. Электр тогын өткізетін заттар мен денелерді айтыңдар?
  7. Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.
  8. Электр қозғаушы күш деген не?
  9. Электр кернеуі деген не?
  10. Бөгде күш деген қандай күш?
  11. Қандай тұрақты ток заңдарын білесіңдер?

III. Жаңа сабаққа мақсат қою.

Біз бұған дейінгі сабақтарды электр тогын сипаттайдын физикалық параметрлердің бірнешеуімен таныспыз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді.

Яғни бүгін Электр тогының жұмысы және қуаты, Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Теориялық бөлім: Электр тогының жұмысы, қуаты. Джоуль- Ленц заңына теориялық түсінік беру.

Практикалық бөлім

а) теориялық есептер- 19 жаттығу, 1166, 1168 есептер шығарту

ә) практикалық есептер шығарту, тұрмыстық электр приборларын пайдалану

б) топтамамен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

  1. Электр тогының жұмысы

Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жқмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады. A=I 2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж = 1A*1B*1c

  1. Токтың қуаты- Кез келген электр приборы- электр шамы, электр двигателі т. б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген.

Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы, токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді, яғни бірін- бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама;

P=A/t=IU= I 2 R= U 2 /R

  1. Джоуль- Ленц заңы

Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I 2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.

Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж. Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э. Х. Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.

1
2
3
4
1: Өрістің кернеулігі нөлге тең болмауы керек.
2: Өріске әсер етуші күштің бар болуы шарт.
3: Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы болуы керек.
4: Потенцииалдар айырымы нөлге тең болмауы керек.

1. Электр тогының бар болу шарттарын атап көрсетіңдер, дұрыс жауаптар тақтаның пердесін жылжыту арқылы тексеріліп отырады.

2. Электр тогын сипаттайтын параметрлер.

Формуласын жазып көрсет. толықтыру керек қалам арқылы

Атауы
Таңбалануы
Формуласы
өлшем бірлігі
Бірлік атауы.
№: 1
Атауы: Ток күші
Таңбалануы: I
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1A=1кл/1c
Бірлік атауы.: Ампер
№: 2
Атауы: Электр кернеу
Таңбалануы: U
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1B=1A*1Ом
Бірлік атауы.: Вольт
№: 3
Атауы: Кедергі
Таңбалануы: R, r
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1Oм=1B/1A
Бірлік атауы.: Ом
№: 4
Атауы: Заряд
Таңбалануы: q
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1кл=1A*1c
Бірлік атауы.: Кулон
№: 5
Атауы: Электр қозғаушы күші
Таңбалануы:
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1B=Дж/1кл
Бірлік атауы.: Вольт
№: 6
Атауы: Токтың жұмысы
Таңбалануы: A
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1Дж=1A*1B*1c
Бірлік атауы.: Джоуль
№: 7
Атауы: Токтың қуаты
Таңбалануы: P
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1Bт=1A*1B
Бірлік атауы.: Ватт
№: 8
Атауы: Жылу мөлшері
Таңбалануы: Q
Формуласы:
өлшем бірлігі: 1Дж=1A *1Oм*1c
Бірлік атауы.: Джоуль

3. Тұрақты ток заңдары, Формуласын жазып толықтыр қалам арқылы.

1
2
3
1: Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.
2: Толық тізбек үшін Ом заңы.
3: Джоуль-Ленц заңы.
1: Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал
2: Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э. Қ. К күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.
3: Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақтына тура пропорционал.

Жаңа сабақты бекіту.

Практикалық бөлім . 38 бет, физика 6 жаттығу.

Теориялық есептер шығару.

  1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3, 5 В, ал тоқ күші 0, 28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
  2. Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
  3. Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
  4. №1166. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92 А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықта.
  5. №1167. Кернеуі 220В болатын дәнекерлегіштегі ток күші 0, 9 А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын тап.

Практикалық есептер шығару. Тұрмыстық электр приборларын пайдаланады.

  1. Үтікті 5 минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығару.
  2. Плойка-шаш бұйралағышты 7 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар.

Топтамамен жұмыс.

  1. Кернеуі 25В, ток күші 0, 25 А. Токтың қуатын табу керек.
  2. Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5, 2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.
  3. Токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0, 3 А, вольтметр 120В.
  4. Токтың жұмысын есепте. Вольтметр-100В, резистор -30 Ом, уақыт-3 с.

Білімді тиянақтау- тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушы өзі таңдайды.

  1. Генератордың қысқыштарындағы кернеу 380 В, тізбектегі ток күші 5 А. Генератордың қуатын тап.
  2. Электрлік құралда 5А ток күші 45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін тап.
  3. Кедергісі 6 Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В тең болса, онда 2 минут уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

4. Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету керек. қаламмен сызу арқылы.


Ұқсас жұмыстар
Тұрақты токтың жұмысы.қуаты. джоуль-ленц заңы
Тоқтың қуаты
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Оқушының әрекеті
Токтың жұмысы мен қуаты. джоуль-ленц заңы.8 сынып
Мүлдем электр тогын
Токтың жұмысы мен қуаты. джоуль–ленц заңы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосқан кезде ток күштері өзгереме
Токтың жұмысын табыңдар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz