Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

«Не? Қайда? Қашан?» атты брейн-рингтің бағдарламасы.

Құрметті Оқушылар! Ұстаздар! Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты
сайысымызға
қош келіпсіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе ортаға «Не? Қайда? Қашан?» атты
сайысымызға қатысушыларды шақырамыз. Қарсы алайық!
Бүгінгі сайысқа қатысатын, өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы тұрған
ойыншыларымызды сайыстың шартымен таныстырамын.
Сайыс 9 кезеңнен тұрады:
1. «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруы. (Аты, ұраны, эмблемасы)
2. «Болашақ компьютері» атты шығармашылық жұмыс
3. Сұрақ-жауап. «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларымызға сұрақтар қойылады.
Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
I топқа:
1. Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі. (Backspace)
2. Жалпы желіге қосылу үшін қажет құрылғы. (Модем)
3. Мәліметті енгізу пернесі? (Enter)
4. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы. (Монитор)
5. Кез келген санның 0 дәрежесі. (1)
6. Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969)
7. Циклдік алгоритм деген не? (Жеке команда немесе команда топтары көп
рет қайталанатын алгоритм)
8. Принтердің неше түрі бар? (3)
9. Ноутбук қандай компьютер? (Тасымал)
10. «Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын
компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)
II топқа:
1. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру пернесі. (Delete)
2. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)
3. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)
4. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)
5. Кез келген санның 0 дәрежесі. (1)
6. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? (Провайдер)
7. Алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқылы графиктік
түрде жазылуы. (Блок - схема)
8. ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)
9. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж)
10. Билл Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? ( 13 жаста)

4. «Жас программист» программа құру.

1. Нютонның ІІ-заңы.

Алгоритм тілі Паскаль тілі
алг заң (арг. бүт а, нәт.бүт F) program
zan;
басы var F, a, m: integer;
енгізу т, а begin
F:= ma readln (m, a);
шығару F F:= m*a;
соңы writeln (‘F=’, F);

end.

2.

Алгоритм тілі Паскаль тілі

алг у есептеу (арг.бүт x, z, нәт.бүт y) program
y esepteu;
басы var x, z, y: real;
енгізу x, z readln (x, z);
Y: =(2x-3z)/(x-5) y:=(2*x-3*z)/(x-5);
шығару y writeln (‘y=’, y);
соңы end.

5. Топ басшылар сайысы «Қатені тап»

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол
әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді
іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді
пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті
қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.
Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды
сақтаймын
Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең
ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек
сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы
программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін
мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.

Ж ауабы: 3 қате
жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

6. «Ғажайып үштік».
Бұл бөлімде оқушылар кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс
жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр сұраққа 1 минут беріледі.
Математика және Информатика саласы бойынша.

7. «Құпия жәшік»
Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс
Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар
«серобян» деп атаған.
Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?
Жауабы: Есепшот

8. «Бұл кім?» сайысы
Оқушыларға және қатысып отырған көрермендерге ғалымдар туралы қысқаша
мәлімет беріледі. Суретте кім бейнеленгенін айтып беру керек.
1. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында
дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман
атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация
қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып
тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы
академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.
(Сергей Алексеевич Лебедев)

2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833 бұл
ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын
жасады. сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.

(Чарлз Бэббидж)

3. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық
машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті
жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші
перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне
әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.

(Герман Холлерит)

4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама
жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел
атақты Байронның қызы.

(Ада Лавлейс)

5. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде
бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен
дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

(Блез Паскаль)

6. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының
президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.

(Билл Гейтс)

9. „Бұл не?„ сайысы

1. Компьютер ақылшысы?

(процессор)

2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы

(модем)

3. Сыртқы жады

(диск)

4. Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді

(тышқан тетігі)

7. Көп пернелі құрылғы

(пернетақта)

6. Компьютердің теледидары

(монитор)

9. Қорытындылау, жеңімпаз топты анықтау.

Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпаз
топты анықтайды. Жеңімпаз топ
марапатталады.

Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы,
Подстепный қазақ ЖОББ мектебінің информатика
пәнінің мұғалімі Усаева Светлана Тархипқызы.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

С Ы Н Ы П Т А Н Т Ы С С А Б А Қ

Тақырыбы:

«Не? Қайда? Қашан?» (Брейн-рингтің
бағдарламасы)

(8, 9 – сыныптар)

Өткізген: Усаева С. Т.
Информатика пәнінің оқытушысы.

2010-2011 оқу жылы

«Жүйрік болсаң жетіп көр»
Бірінші оқушы П әрпінен басталатын, екінші оқушы С әрпінен басталатын
информатика пәніне тән сөздерді атай отырып, белгілі бір қашықтықтан табан
астындағы қағазды жылжыта отырып, мәреге жетуі керек. Қайсысы бұрын жетіп,
тапсырманы дұрыс және тез орындаса сол жеңімпаз. Бұл сайыс сәйкесінше 20
ұпаймен бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
«информатика әлемінде» сайысы 6-сынып
Информатика әлемінде
Компьютер тобына
Таңғажайып Интел планетасына саяхат (сайыс сабақ)
Негізгі объектілері
Компьютер тілін меңгеру
Интеллектуалдық ойын. 6-сынып
«білгірлер тапқырлар» атты білім сайысы. 10-11 сынып
Компьютердің миы
Информатикадан сыныптан тыс іс-шара "алтын қақпа"
Пәндер