4-сыныпқа арналған музыка сабағы: Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары

Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы, Алтай кенті

Жаңа Ертіс орта мектебі

Музыка

Сабақ тақырыбы: « Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары»

Орындаған: Турымов Е . С .

Сыныбы: 4 «А»

2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы : «Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары»

Мақсаты:

  • оқушылылардың күй өнері жайлы алған білімдерін қорытындылап, халқымыздың музыка аспаптары, олардың түрлерімен ұлттық өнеріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру.
  • ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы танымдарын тереңдету.
  • ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:

  • Музыка аспаптары: домбыра, баян, сылдырмақ, жетіген, қобыз, шаңқобыз, дауылпаз, тайтұяқ,
  • мақал-мәтелдер,
  • слайдтар,
  • сөзжұмбақ,
  • сазгерлердің суреттері,
  • мультимедиялық проектор.

Сабақ түрі:

  • Дәстүрлі, жаңа білім беру сабағы
  • Компьютерлік технологияны пайдалану.

Сабақтың әдістері: сұрақ -жауап, көрнекілік пайдалану

Барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен кіреді.
  2. Сәлемдесу.
  3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
  4. Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау: Қане бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық
  5. Үй тапсырмасын тексеру.
  6. «Ойнайық та ойлайық» нота станындағы ноталардың астындағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру

Жаңа сабақ: Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарымен таныстыру

Слайттардан сыбызғы, асатаяқ, қоңырау, шаңқобыз, қобыз, жетіген, дауылпаз, домбыра, сазсырнай, желбуаз, дауылпаз т. б. аспаптармен таныстыру.

Енді жаңағы танысқан кейбір аспаптардың үндерімен танысайық.

Күйші сазгерлердің бейне суреттерімен, қысқаша өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру

.

Дауыс жаттығуы.

Сергіту сәті: « Дос болайық бәріміз» әнін хормен орындау.

Құлақпен естігенді көзбен көр демекші жиған - терген саз аспаптарын сендерге көрсетейін.

1 Сөзжұмбақ «Домбыра » шешу.

2 . Тест сұрақтары

3. Қане, өнер жайлы мақал- мәтелдерді ортаға салайық Қорытындылау:

Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?

Қандай саз аспап түрлерімен таныстыңдар?

Қандай сазгерлермен таныстыңдар?

Бағанадан тыңдаған, көрген музыкалық аспаптардың кейбіреулерімен біз Ахмет Жұбановтың «Би» күйін орындайық . Домбыра, баян, сылдырмақ, шаңқобыз, сазсырнай, дауылпаз, тайтұяқ аспаптарын пайдаланып күйді ойнау.

Оқушылардың білімдерін бағалау

Үйге тапсырма:

  • саз аспаптарының суретін салып келу
  • саз аспаптарының кейбіреуінің макетін жасау
  • көне саз аспаптар жайлы деректер жинақтау


Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары арқылы оқушылардың эстетикалық тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазақ халқының музыка өнері: 5-сынып ашық сабағының жоспары мен хаттамасы
3 сыныпқа арналған музыка сабағы: Үрмелі аспаптар оркестрі
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті: сабақ жоспары мен бағалау тапсырмалары
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Құдіретті музыка - жанрдар мен ұлттық аспаптар
7-сыныпқа арналған: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының тарихы
3-сыныпқа арналған сабақ: Оркестр құрамындағы қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Музыка - әлемнің рухани елшісі: Орта Азия халықтарының музыкалық мәдениеті мен аспаптары
4-сынып музыка сабағы: Әлемге әйгілі Вена опера театры
4-сынып музыка сабағы: Композитор және музыкалық шығарманың құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz