2-сабақ: Отбасы тақырыбын жүйелеу сабағы

2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: - отбасы туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, бекіту

Дамытушылық: - тақырып бойынша оқушылардьң сөйлеу тілдерін, сауатты жазу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: - үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
сабаққа деген ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі:

дәстүрлі.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы

Сабактың әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, фонетикалық жаттыгу, саяхат, тапсырмаларды орындау, мәнерлеп оқу

Көрнекілік:

суреттер, үй макеті, қоржын, карточкалар, фото-
альбом, матадан табиғаттың суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу;

ә) әңгімелесу;

- Қазір қандай сабақ

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Сыныпта кім кезекші?

-Кім жоқ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста күн кандай болады?

- Қыс айлары қандай?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

б) фонетикалық жаттығу;

Кэ - кэ - кэ - кәмшат

әк - әк - әк - әке

ке - ке - ке - кеме

өк- өк-өк- өкпе

кү - кү - кү - күн

үк - үк - үк - үкі

кі - кі - кi - кici

П. Білімді жүйелеу кезеңі:

1. Тақтаға үй макеті iлінеді

- Мынау не?

- Мынау қандай үй?

- Үйде кімдер тұрады?

- Суреттерді екі топқа бөлу: жуан, жіңішке сөздер.

-Осы адамдар бәрі бір үйде тұрса біз қалай айтамыз?

- Отбасы қандай?

- Отбасында ата, әже болса, сендер кім?

2. Саяхат. (матада табиғаттың суреті)

Бүгін бiз «Отбасы» тақырыбын пысықтаймыз.
Саяхатқа шығамыз. Батыстан Ақтау қаласынан Руслан
деген бала бізге қонаққа келе жатыр. Русланньң

жолында әр түрлі тапсырмалар кездеседі. Біз Русланға

көмектесуіміз керек. Көмектесеміз бе? Сендер
дайынсьңдар ма?

1 -тапсырма: Өз отбасың туралы әңгімеле (Фото-альбом)

2 - тапсырма: жазбаша жұмыс

Қоржыннан сиқырлы гүлді алу.

Жұмыстың алдында дауыстап оқу, орындау.

Дэптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтыктан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

(әp қатардан 1 оқушы тақтаға шығып жазады. )

Сөйлемдерді аудар:

Моя семья большая.

Мама - учитель.

Папа - врач

Сергіту cәтi:

Жаздық, жаздық бәpiміз,
Талды, талды қолымыз.
Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш.

3 - тапсырма: «Отбасы» тақырыбына өлеңдері жатқа оқу.

4 - тапсырма: Бізге Айжан, Ораз, Жайна, Раушан хат жазды

Біз де хат жаздық. Жазған хаттарымызды оқиық.

Оқушылар хаттарды оқып, қоржынға салады.

Тапсырмаларды орындап болғасын, eciктi соғады.

Руслан кіреді. Өзін таныстырады.

Оқушылар сұрақ қояды. Русланға қоржынды тапсырамын.

3 Қорытынды:

а) Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар аударады.

ә) Ата - ананы, үлкендерді бiз не істеуіміз керек?

Ал інілерді, сіңлерді не істеуіміз керек?
б) Ойын. Русланға кім бipiншi келеді? Сөздерді аудару.
в) Бағалау, алған фишкаларын санау. Біз ата - анаға

деген махаббатымызды мәңгілік сақтайық.

Оқушылар сыйлықтарын үйге алады

4 Үйге тапсырма: сөздерді қайталау


Ұқсас жұмыстар
2-сынып: Сын есімдерді жүйелеу және пысықтау сабағы
Өзін-өзі тану сабағы: салауатты отбасы және сүйіспеншілік құндылығы (2-сынып сабақ жоспары)
Аралас сандарды қосу: жүйелеу және қайталау сабағы
Сақтар: білімді жүйелеу және қорытындылау сабағы
8-сынып: Бейорганикалық қосылыстар тарауын жүйелеу және қорытындылау сабағы
Рационал сандарға амалдар қолдану және жүйелеу (бекіту сабағы)
Синоним тақырыбын сатылай кешенді талдау арқылы бекіту сабағы
2-сыныпқа арналған Отбасы мен қоғам: отбасы, ата-тек, әдеп және достық бойынша сабақ жоспарлары
Банк лексикасы және септіктерді қайталау: жүйелеу және пысықтау сабағы
2-сыныпқа арналған дүниетану сабақ жоспары: Отбасы мүшелері мен олардың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz