Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
М. Әуезов атындағы орта мектебі
« Жұлдызды сәт»
интеллектуалдық ойыны
(8а,б сыныптар арасында)
Орындаған: информатика-математика
пән мұғалімі
Шарафиденова Алмагүл
Өтеуліқызы
Ганюшкин – 2012 жыл
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика және математика пәндерінен алған
білімдерін жинақтау, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру
арқылы білімін тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту.
Жүргізуші:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!
“Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын”, - деп бүгінгі “Жұлдызды сәт”
атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып
«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары.
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар
алқасымен таныстырып өтейін.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы ірбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей ендігі кезек оқушыларда. (Әр
топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
І – топ: “Болашақ”
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
ІІ – топ: “Тапқырлар”
Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға
биік қонғайсың демекпіз.
Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі
ойынымыз 7 кезеңннен тұрады: бәйге, тіл-өнер, ғажайып алаңы, біліктілік,
интеллектуалды дуэль, қиял әлемі, сиқырлы әріптер.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – деп алғашқы “Бәйге” кезеңімізді
бастаймыз.
І – кезең. «Бәйге»
Бұл кезең бойынша сіздерге информатика және математика пәндерінен 20
сұрақ беріледі. Сол сұрақарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Жауап
беруші алдында тұрған карточканы көтереді. Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 5
ұпайдан қосылады.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (интернет)
3. Сурет салуға арналған программа. (пайнт)
4. Компьютердің “ақыл-ойы”, ең басты бөлігі. (процессор)
5. Компьютер ауруы. (вирус)
6. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші. (сканер)
7. Қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)
8. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер. (файл)
9. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)
10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)
11. Компьтер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)
12. “Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы”
сөзінің авторы кім? (Гаусс)
13. Тұңғыш қазақ геологы, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының
авторы. (Қ.Сатпаев)
14. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)
15. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)
16. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
17. Бір қабырғасы 9 см, ал ауданы 108 см2 болатын тіктөртбұрыштың келесі
қабырғасын табыңыздар. (12)
18. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасын сен оны. (квадрат түбір)
19. Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына
“Теңдеудің түбірлері нешеу?” – деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)
20. ax2+bx+c=0 қандай теңдеу? (квадрат теңдеу)
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте”, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас
қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі кезеңіміз “Тіл - өнер”.
ІІ – тур. «Тіл - өнер»
Бұл кезеңде сіздерге сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде
айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.
✓ Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан,
мышка, mouse)
✓ Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
✓ Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз – восемь - eight)
✓ Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык - language)
✓ Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе – окно
- window)
✓ Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет – корзина - basket)
✓ Сабыр түбі – сары ... (алтын – золото – gold)
✓ Артық ғылым ...
Ерінбей оқып көруге. (кітапта – книга - book)
✓ Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз?
(көшіру – копировать - copy)
✓ Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру –
удалить - delete)
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын. – деп келесі кезеңіміз “Ғажайып алаңы”.
ІІІ – кезең. «Ғажайып алаңы»
Бұл кезеңде сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі.
|Информатика |10 |20 |30 |40 |
|Математика |10 |20 |30 |40 |
|Әр түрлі |10 |20 |30 |40 |
«Информатика» бойынша сұрақтар
10 - Бірінші электронды машина (ENIAC)
20 – Стандартты бағдарламалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)
30 – ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік
программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. Ms Dos, Windows 95/98,
Windows2000/XP, Windows NT, Windows UNIX)
40 – 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған
ғалым?
(Блез Паскаль)
«Математика» бойынша сұрақтар
10 - 5-6 сыныптардағы математика оқулығының авторы. (Т.М. Алдамұратова)
20 - Аристотель еңбегін зерттеген, “Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз”
аталған 870-950 ж.ж. өмір сүрген ғалым. (Әл-Фараби)
30 - Виет теоремасы. (келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің
қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, көбейтіндісі
бос мүшеге тең)
40 - 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға
түсінік берген францкз математигі. (Рене Декарт)
«Әр түрлі» бойынша сұрақтар
10 – Қазақстандағы халық саны? (17 млн)
20 – ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
30 – Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі
құрылғы)
40 – “Эврика” кімнің еңбегі? (Архимед)
ІV – кезең. «Біліктілік»
Бұл кезеңде екі топқада информатика және математика пәндерінен есептер
беріледі.
1. Теңдеуді шешіңдер:
2х2-13х+20=0
2. Сандарды бір санау жүйесінен екінші жүйеге ауыстырыңдар:
а) 29210= … 2
б) 1101,012= … 10
V – кезең. «Интеллектуалды дуэль»
Бұл кезеңде де 4 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта 1-1 сұрақ және топ өз
қалауынша “ставка” қояды (50 , 40, 30, 20, 10). Дұрыс жауап
берсе ұпай саны қосылады, бұрыс болса, сонша ұпай саны шегеріледі.
1. Джон фон Нейман Позициялық с.ж. Цифрлар
Американ ғалымы Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ арифметикалық
есептеулерді мына санау жүйесінде орындайды, яғни кез келген мәлімет
“0” және “1”-ге сәйкес сигналдардың 2 түрлі тізбегімен қолданылады.
Бұл қандай позициялық санау жүйесі?
(екілік санау жүйесі)
2. Логика Ықтималдық Тиын
Ықтималдық логикада алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер
санына тәуелді.Тиынды лақтырғанда “елтаңба” немесе “жазу” жағының түсу
ықтималдығы неге тең? Тиынды лақтыру саны арқан сайын осы ықтималдық
нақтылана түседі.
(1/2)
3. Бил Гейтс Программа Империя
Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар
отбасында дүниеге келді.
Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы Билл
Гейтс және Пол Аллен бірігіп, университет бітірулеріне 2жыл қалғанда
... деп аталатын фирма ашты. Алғашында Билл программа құрып, көп
ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды
да қоса фирманы сатып алды. Осылайша ... ....империясы пайда болды.
(MICROSOFT)
4. Позициялық емес санақ жүйесі Сан Өсімдіктер
Белгілі бір санды өрнектеу үшін лотос гүлінің үш талы, бүктелген екі
пальма жапырағы, бес доға, екі сырық бейнеленген. Бұл позициялық емес
санақ жүйесіндегі қандай сан?
(3252)
Айналайын алға ұмтылған дарныдар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.
VІ – кезең. «Қиял әлемі» топ басшылар сайысы.
Топ басшыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы
тиіс. Топ басшыларына дайындалуға 3 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін
ортаға салады.
Егер мен робот болсам...
Егер мен хаккер болсам...
Егер мен программист болсам...
Егер мен мұғалім болсам...
VІІ – кезең. «Сиқырлы әріптер»
Бұл кезеңде екі топқа анаграмма беріледі. Артық сөзді табу керек және
себебін түсіндіру қажет.
1. терчесвин – винчестер
такедис – дискета
акткомксиди – компакт – диск
сорецпро – процессор
(«процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
2. рептьюкром – компьютер
тамикатема – математика
азакиф – физик
лиягоибо – биология («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.)
Информатика және математика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға
берейік.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды ойын “Жұлдызды сәт” ойыны өз
мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz