Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Эволюция жолдары
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернаты , биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Орынханова Сәуле Әуезханқызы
Сабақтың тақырыбы : Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі
бағыттары мен жолдары.
Сабақтың мақсаты: Органикалық дүние эволюциясының бағыттарын қарастыру,
А.Н.Северцовтың ұсынған сызбанұсқасын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы
туралы білімді кеңейту, ароморфоз, идиоадаптация,
дегенерация ұғымдарын түсіндіру.
2.Тәрбиелік: өзара сыйластыққа , адамгершілікке
тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру..
3.Дамытушылық : оқушылардың дүниетанымын кеңейту
арқылы «жеке тұлға» қалыптастыру .
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: кіріктірілген – ізденіс сабағы.
Сабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері .
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың әдістері : 1.«Ой қозғау» - нені білеміз?
2. «Іздену» - нені білгім келеді?
3. «Ой дамыту» - танымды дамыту
4. «Ой қорыту» - нені білдік.
Сабақтың көрнекілігі : 1.Интерактивті тақта (слайдтар, сызбалар).
2.Компьютер.
3.Электронды диск «Биолог
анықтамалығы», 2011 №
4.Оқулық.
5.Дидактикалық материалдар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева «Биология»- 9сынып оқулығы.
2. «Биолог анықтамалығы» журналы
3. «Биология және салауаттылық негіздері» журналы
4. Интернет материалдары
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру:
а) ұжымдық әрекет,
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті,
б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,
в) оқушы назарын аудару, сабақ жоспарымен таныстыру:
Сабақ 4 кезеңнен тұрады: 1.«Ой қозғау» - нені білеміз?
2. «Іздену» - нені білгім
келеді?
3. «Ой дамыту» - танымды
дамыту
4. «Ой қорыту» - нені
білдік.
2. «Ой қозғау» - үй тапсырмасын сұрау:
а) жалпылама сұрау
б) жеке сұрақ-жауап.
3. «Іздену» - интерактивті тақтаны пайдалана отырып, көрнекі түрде жаңа
сабақты түсіндіру.
« Эволюция жолдары » тірек сызбасы
Эволюция жолдары
Микроэволюция
Макроэволюция
Түр
Туыс,тұқымдас,отряд, класс т.б.
Түр түзілу Прогресс Регресс
Географиялық Экологиялық
Ароморфоз
Идиоадаптация Дегенерация
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын , берілген сызбанұсқаға қарап, кестені
толтырыңыз:
|Бұрыннан білемін |Мен үшін жаңалық |Түсінбедім |Кейбір ақпаратпен |
|«+» |« !» |«?» |келіспеймін |
| | | |«-» |
| | | | |
Мұғалімнің сөзі:
- Прогресс және регресс терминдерін тарих, экономика сабақтарында жиі
пайдаланамыз.Дамудың прогрессивті , регрессивті түрлері деген термин
биология саласында да пайдаланылады.Бүгін біз, осы даму түрлерін
эволюциялық тұрғыдан қарастырамыз.бейімделушілік, түрлер саны, таралу
аймағы(ареалы).
Сіздер қалай ойлайсыздар , табиғатта прогресс тиімді ме, әлде регресс
тиімді ме?
( прогресс)
Биологиялық прогресске жету жолдары қандай деген сұрақ туады.Бұл сұраққа
орыс ғалымы А.Н.Северцов жауап берді.
4. «Ой дамыту» жаңа сабақты пысықтау.
1.Тұқымды өсімдіктер: ашық және жабық тұқымды. Ароморфоз?
- Жел арқылы тозаңдану, тұқым, гүл, жеміс пайда болды
2.Псилофитерден қырықжапырақтектестер( папоротник),қырықбуындар, плаундар
пайда болды. Осы өсімдіктердегі ароморфоздарды ата?
- Тамыр, жапырақ.
3.Тырнада қандай идиоадаптация қалыптасқан? Бүркітте ше?
-Әртүрлі ортада тіршілік ету сүтқоректілердің түрліше
идиоадаптациялануына әкелді.
4.Дегенерация деген не?
-Дегенерация — биологиялық прогреске ұшыраудың үшінші жолы. Тіршілік
ету ортасының қарапайымдануына байланысты, кейбір мүшелер жойылады.
|Биологиялық |Ароморфоз |Палеонтология |Гомологиялық |
|прогресс |Идиоадаптация |Анатомия |мүшелер |
|Биологиялық |Дегенерация |Эмбриология |Аналогиялық мүшелер|
|регресс | | | |
| | | | |
|Эволюция бағыттары|Эволюция жолдары |Эволюциялық |Заңдылық нәтижелері|
| | |ғылымдар | |
Тақтадағы мына терминдерге және олар қандай топтарға жататынына назар
аударыңыздар!
Содан соң тақтадан ол кестені алып тастаймын.Ал сіздер алдарыңыздағы
параққа биологиялық диктант орындаңыздар, ол үшін мен бір құбылыс
сипаттамасын оқимын, сіздер анықтамасын жазасыздар.
1. Омыртқалы жануарларда жақ сүйектің пайда болуы.(Ароморфоз)
2.Жануарлардағы бүркеніш рең.( Идиоадаптация)
3.Жыландардың аяқтарының болмауы.(Дегенерация)
4.Ақбөкендердің саны мен таралу ареалының азаюы.(Регресс)
5.Көбелек пен құстың қанаты.( Аналогия)
6.Інжугүлдің тамырсабағы, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығы.Бұл
не?(Гомология)
5. «Ой қорыту» жаңа сабақты әрі тарауды қорытындылау.
6. Оқушы біліміне бағалау парағын пайдалана отырып баға
қою.
Рефлексиялық
үлестірме .
Сабақ соңында үлестірмедегі қажетті графаға «+» белгісін қойыңыз.
РАХМЕТ!
|Оқушының аты-жөні |Тақырыпты толық |Тағы да пысықтауды |Көп нәрсені |
| |меңгердім |қажет етемін |түсінбедім |
| | | | |
7. Үйге тапсырма беру.
1.§ 24 оқу.
2. А.Н.Северцовтың ұсынған сызбанұсқасы бойынша өсімдіктер мен
жануарлардағы эволюциялық процестерді құрастыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz