Әдептілік - әдемілік: оқушыларға арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы. Әдептілік - әдемілік.
Мақсаты:1 ) оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға
үйрету;
2) танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін
дамыту;
3) адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал-мәтелдер, кеспе әріптер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қызығушылығын ояту.
Мазмұнды суреттер бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау. (Үлкенге жол беру, орын беру, сәлемдесу.
2. Мағынаны тану.
1. «Әдептілік - әдемілік». Тақырыппен таныстыру
2 . Топтарға бөлу.
1-топ «Сыпайылық» тобы
2-топ «Ізгілік» тобы
3-топ «Инабаттылық» тобы
3. Әр топқа мазмұнды сурет беріледі . Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып, айтып береді.
1-топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы сурет.
2-топ . Ата-анасына үйде көмектесіп жатқан балалар туралы сурет.
3-топ . Әжеге көмектескен бала туралы сурет.
Әр топ өз әңгімесін ауызша айтады.
4. Сұрақтарға жауап:
-Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не деу керек?
-Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек? «Көршіңді, досыңды, танысыңды т. б. »
-Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не істейсің?
5. Әр топ сыпайылық, ізгілік, инабаттылыққа байланысты «алтын» сөздер жазады. Оны оқып береді. Мысалы:рақмет, кешіріңіз, рұқсат па? т. б.
3. Ой толғаныс
Әр бала тәрбие сағатында не үйренгенін, сабақтан не түсінгенін өз тобында жолдастарына айтып береді
IV. Қорыту.
Әдептілік туралы мақал - мәтелдер.
1. Әдепті бала -арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
2. Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі.
3. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
4. Үлкенге құрмет - кішіден ізет.
5. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
6. «Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген - көмек.
Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік!