2-сыныпқа арналған ашық сабақ: Арыстан мен Тышқан ертегісін мазмұндау және мінездеме

Әдебиеттік оқу. 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен Тышқан (ертегісі) .

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды ұғындыру, мазмұндай білуге үйрету.

2. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту.

3. Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивтік тақта, арыстан мен Тышқан суреті, аңдар.

Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, дүниетану, ән - музыка.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, барлығымыз бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

-Олай, болса орнымыздан тұрып, тақтадағы балармен бірге біз де өзімізді сабаққа даярлап алайық!

1-слайд:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Міне, балалар! Енді бір - біріңе жылы шыраймен жымиып ғана сәттілік тілеңдер!Енді сабағымызды бастайық! Балалар мен сендердің білімдеріңді

беру арқылы бағалаймын. Кім белсенді қатысса сол көп жұлдызша жинайды.

II. Үй жұмысы: Өткенді пысықтау.

-Балалар өткен сабақта қандай өлеңмен таныстыңдар?

2-слайд: Әдептілік әліппесі. (тақтада көрінеді) .

Үй жұмысына қалай даярланғандарыңды, өткен сабақты қаншалықты, игергендеріңді тексерейін!

3-слайд: I Қызығушылығын ояту.

Мына сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Әдептілік деген не?

2. Сәлемдесудің, қоштасудың қандай түрі бар?

3. Ұнаған шумақтарыңды жатқа айтып беріңдер?(жарайсыңдар, әр балаға жұлдызша беріп отырамын)

III. Жаңа сабақ.

II. Ой қозғау (Дәптерлерін ашқызып ай күнін жаздыру. Қазанның жиырма сегізі) . Өздерің білетін 2 - 3 аңның атын дәптерлеріңе жазындар.

(Ретпен оқытып шығамын) .

4 -10 слайд

Әр аң суреті шығады. (түлкі, аю, қасқыр, арыстан, жолбарыс, тышқан) .

-Балалар, бүгін біз осы аңдардың арасынан «Арыстан мен Тышқан» туралы ертегімен танысамыз.

11-слайд: Сабағымыздың мақсаты:

-Мәтінді түсіне оқып, мазмұндау.

-Арыстан мен Тышқанға мінездеме беру.

-Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.

12 -слайд: Оқулықпен жұмыс, 55 бет.

(Арыстан мен Тышқан мәтінін өзім оқып беремін. 2 оқушыға бөліп жалғастыра оқытамын) .

13-слайд : Балалар, мына сұрақтарға жауап іздейік.

1. Мәтін не туралы екен?

2. Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?

3. Тышқан Арыстанға қалай көмектесті?

4. Сендерге ертегі кейіпкерлерінің қайсысының ісі ұнады?

14-слайд: III Ой толғаныс.

15 -слайд: (Әр қатарға 1 тапсырмадан беріп, бағалау) .

1 - қатар: Арыстан мен Тышқанға мінездеме бере отырып, венн диаграммасын толтыру.

2- қатар: Жақсы қасиеттерді жаз.

3 -қатар: Жаман қасиеттері жаз. (Әр топтан бір бала қорғайды)

19 -слайд: Сергіту сәті.

20-слайд: «Дос болайық бәріміз!»

Әрқашан дос, біргеміз.

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер.

Қ / сы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

21- Слайд IV Қорытынды

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Кімге несімен ұнады? Кім қысқаша мазмұндайды?

V. Бағалау. жұлдызша санайды өздері.

VI. Үй тапсырма: Мазмұндап келу.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ақмола облыстық білім департаменті

Атбасар аудандық білім бөлімі

Сергеевка орта мектебі

Тақырыбы: Арыстан мен Тышқан (ертегі)

/ аудандық «Жыл мұғалімі-2011» сайысында өткізілген ашық сабақ /

Өткізген: Магзум Майра

2011 жыл


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған ашық сабақ: С. Торайғыровтың Арыстан мен тышқан мысалы - мазмұны мен оқу-тәрбиелік мақсаттары
4-сыныпқа арналған С. Торайғыровтың Арыстан мен тышқан мысал өлеңі бойынша сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған С. Торайғыровтың Арыстан мен тышқан мысалы бойынша ана тілі сабақ жоспары
4-сынып Ана тілі: С. Торайғыровтың Арыстан мен Тышқан мысалына арналған сабақ жоспары
С.Торайғыровтың Арыстан мен Тышқан әңгімесін 4-сыныпта оқытуға арналған сабақ жоспары және талдауы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) және Арыстан мен Тышқан мысалының тәрбиелік маңызы
№44 орта мектептің ашық сабағы: Арыстан мен тышқан мысалы арқылы ой-өріс пен адамгершілік қасиеттерін дамыту
Әбділдә Тәжібаевтің Толағай ертегісін мазмұндау мен көркемдеуіш құралдарын талдауға арналған сабақ жоспары
Тіл дамыту сабағы: Арыстан мен тышқан ертегісі - саяхат түріндегі жаңа ұғымды меңгерту
Әдебиеттік оқу (4 «А»): Г. Х. Андерсеннің Түймедағы ертегісін талдау және мазмұндау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz