Жүктер жиыны

Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы,
Каратоғай ауылы,
Қаратоғай орта мектебі,
физика және информатика пәнінің мұғалімі
Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы
Күні: 27. 10. 2010 жыл. Фихзика және астрономия. 9 -класс
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Ньютонның екінші заңы. Масса, оқушыларды таныстыру;
Тәрбиелік: алған білімдерін практикада пайдалана білуге тәрбиелеу, өзара олдастық көмек көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін
арттыру;
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту, бекіту
Оқыту әдістері : демонстрациялық, проблемалық, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Көрнекіліктер: құрал-жабдықтар: арбаша, массасы 20 г, 250 г жүктер, PASPORT Xplorer GLX, PASPORT Қозғалыс сенсоры, 1. 2 м PASCO трек, Gocar, Қысқышты блок, Жүктер, Кір жиыны, Тоқылған жіп
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу, кезекшімен жұмыс;
ә) балалардың оқу құралдарын тексеру, зейіні мен зердесін шоғырландыру
ІІ. Өтілген материалмен жұмыс:
- Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетінинерттілікдеп атайды.
- Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретіндемассадеп аталатын физикалық шамасы қолданылады.
- Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.
- Денелер жүйесінің массасы:m=m1 +m2+m3…mn аддитивті болады. (латыншаadditivios- қосу жолымен алынған) .
- Тәжірбие.
Ньютонның екінші заңы
Мақсаты
Жұмыстың мақсаты - тұрақты тең әсерлі күші және айнымалы массасы бар дененің үдеуін зерттеу.
Кіріспе
Кей жағдайда денеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етеді. Бұл жағдайда тең әсерлі күш немесе күш векторларының қосындысы қарастырылады.
Ньютонның бірінші заңы бойынша, егер денеге әсер ететін тең әсерлі күш нөлге тең болса, онда дененің векторлық жылдамдығы тұрақты болады. Ньютонның екінші заңы, егер тең әсерлі күш нөлге тең болғанда, қандай жағдайлар болатынын түсіндіріңіз.
Ньютонның екінші заңы бойынша, денеге әсер ететін күштің бағыты тең әсерлі күштің бағытымен бірдей, үдеу осы күшке тура пропорционал. Сонымен қатар Ньютонның екінші заңы үдеудің массаға кері пропорционал екенін айтады. Егер дененің массасы артса, ал тең әсерлі күш өзгеріссіз болса, онда үдеу кемиді.
Қауіпсіздік техникасы
- Құрылғыны қолдану нұсқауын қатаң сақтаңыз.
Шолу
Бір біріне қатысты қозғалатын арбашалар қозғалысын өлшеу үшін қозғалыс сенсорын қолданыңыз. Берілгендерді жазып және көрсету үшін Xplorer GLX пайдаланыңыз. Әр күштің модулі мен бағытын салыстырыңыз.
Болжау
- Денеге күш қойғанда не болады?
- Масса өзгермейтін, бірақ оған күшпен әсер ететін модуль тұрақты болып қалса дененің қозғалысына не болады?
Жұмыстың орындалу тәртібі
GLX орнату
- GLX -тің жоғарғы жағындағы сенсор портының біреуімен қозғалыс сенсорын жалғаңыз. Жоғары бөліктегі қозғалыс сенсорын таяу» (арбаша) позициясына диапазон ауыстырғышымен жылжытыңыз.
- GLX () қосыңыз
- Сызба экраны орын ауыстырудың(м) уақытқы (с) тәуелді сызбасын ашады.
Құрылғыны орнату
- Арбашаның массасын өлшеп жазыңыз.
- Тректі жазықтыққа көлденең етіп қойыңыз және трек иілмеуі керек. (Арбашаны трекке қойыңыз. Егер арбаша шетіне қарай құлай берсе, тректің бір шетін көтеріп ретке келтіріңіз. )
- Тректің бір шетіне қозғалыс сенсорын бекітіңіз. Сенсордан 15 см қашықтыққа арбашаны қойыңыз. Сенсорды арбашаға бағыттаңыз.
- Тректің екінші шетіне қысқышты блокты қойыңыз. Блоктың алдына онымен соғылып қалмайтындай етіп шектеуішті бекітіңіз.
- Еденнен арбашаның жоғарғы жағына дейінгі арақашықтықтай болатын 20 см жіпті алыңыз. Жіпті арбашаның соңына байлаңыз және оны блоктың үстінен жүргізіңіз. Жіптің екінші шетіне ілгіш жасаңыз.
- Ілгіші бар 20 грамдық жүктің массасын өлшеп жазыңыз және жіптің екінші шетіндегі ілгішке жүкті іліп қойыңыз.
- Жіптің екінші шетіндегі жүк еденге таяу арақашықтықта болатындай етіп ретке келтіріңіз.
Берілгендер жазбасы
1 бөлім: Қосымша жүксіз
- Жүк блоктан кішкене төмен болатындай етіп арбашаны артқа тартыңыз (арбаша сенсордан 15 см қашықтықта болуы керек) .
- Берілгендер жазбасын бастау үшін Стартбасқышын басыңыз. Арбашаны блокта қозғала алатындай етіп жіберіңіз.
- Арбаша тректің шетіне жеткенше берілгендер жазбасын тоқтату үшінбасқышын басыңыз.
2 бөлім: Бірінші қосымша жүк
- #2 өткізу үшін арбашаға 200г (0. 2 кг) жүк қойыңыз. Арбаша мен жүктің ортақ массасын есептеңіз.
- Берілгендерді жаза бастау үшін Стартбасыңыз. Арбашаны блокта қозғала алатындай етіп жіберіңіз
- Арбаша тректің шетіне жеткенше берілгендер жазбасын тоқтату үшінбасқышын басыңыз.
3 бөлім: Екінші қосымша жүк
- #3 өткізу үшін арбашаға тағы 200 г (0. 2 кг) жүк қойыңыз (енді жүктің жалпы қосындысы - 400 г немесе 0. 4 кг) . Арбаша мен жүктің жалпы массасын жазыңыз.
- Алдыңғы бөлімдердегідей арбашаның қозғалысын жазыңыз.
4 бөлім: Үшінші қосымша жүк
- #4 өткізу үшін үшін арбашаға жалпы массасы 600 г (0. 6 кг) болатын жүк қойыңыз. мен жүктің жалпы массасын жазыңыз.
- Алдыңғы бөлімдердегідей арбашаның қозғалысын жазыңыз.
Сараптама
Әр іске қосу үшін арбашаның жылдамдығын зерттеуге сызба экранын қолданыңыз. Әр іске қосу үшін үдеуді анықтауға көлденең сызбасын табыңыз.
- Сызба экраны арнайы іске қосуды көрсету үшін тік ості мәзір белсендетудібасыңыз. ‘Іске қосу #_’ оң жақ жоғарғы бұрышқа апару үшін () белгісін басыңыз. Мәзір ашылу үшінбасыңыз, өз таңдауыңызды белсендіру үшінбасыңыз.
- Орын ауыстырудың (м) жылдамдыққа (м/с) тәуелді сызба экранын өзгерту үшін, тік ості мәзірді белсендіругебасыңыз. қайтадан мәзірді ашу үшін басыңыз. Сосын ‘Жылдамдықты ’ таңдаңыз. Өз таңдауыңызды белсендіру үшінбасыңыз.
- Жылдамдық сызбасының көлбеулігін анықтау үшінF3() басыңыз. ‘Сызықтық аппроксимация’ таңдау үшін жоғары төмен бағыттауышын немесебасу керек.
- ‘Сызықтық аппроксимация’ барлық жылдамдық сызбасының көлденеңдігін көрсетеді. Өз сызбаңыздан сізді қызықтыратын аймақты таңдай аласыз.
- Сызбада аралықты таңдау үшін белсенді курсорды сызбаның соңына апарыңыз. (Ескерту:Сонымен қатар берілгендердің басында басқа курсор (кішірек) бар. ) ‘Құрал саймандар’ мәзірін ашып ‘Курсорды ауыстыру’ таңдаңыз. Өз таңдауыңызды белсендіру үшінбасыңыз.
- Енді белсенді курсор аралықтың басында, ал кішірек курсор соңында.
- Аймақтың басына белсенді курсорды апару үшін жоғары төмен бағыттауышын пайдаланыңыз. Сызықтық аппроксимация көлденеңдігі көлденең остің төменгі жағында пайда болады.
- Сызбаның көлденеңдігін #1 іске қосудың үдеуі ретінде жазыңыз.
- Әр іске қосу үшін үдеуді табу әдісінің сараптамасын қайталаңыз.
Есеп беру бөліміндегі сұрақтарға жауап беріп, өз шешімдеріңізді жазыңыз.
Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру- 7A жаттығу: Ньютонның екінші заңы
Аты Күні
Болжам
- Егер денеге күш әсер етсе не болады?
- Масса өзгеріп, бірақ оған күшпен әсер ететін модуль тұрақты болып қалса дененің қозғалысын қалай өзгереді?
Берілгендер
Бір іске қосу үшін орын ауыстыру сызбасының жобасын салыңыз. Абсцисса және ордината остері үшін өлшем бірліктер мен жазуларын жазыңыз.
Бір өткізу үшін орын ауыстыру сызбасының жобасын салыңыз. Абсцисса және ордината остері үшін өлшем бірліктер мен жазуларын жазыңыз.
Есептеулер
Масса тұрақты, тең әсер ететін күш өзгеретін жағдайда үдеудің теориялық мәнін есептеңіз. Шығарылған мәндерді 3 кестеге жазыңыз
Үдеудің теориялық мәні тең әсер ететін күштің жүйенің ортақ массасына қатынасына тең.
a = (m жүк *g) /(m арбаша +m жүк )
- #2, #3 және #4 өткізулері үшін жүйенің ортақ массасы (арбаша мен жүктің массасы) артады, ал әсер ететін күш (ілінген жүктің массасы x 9. 8) тұрақты болып қалады.
- Үйкеліс бойынша тең әсер ететін күш ілінген жүктің салмағына тең (масса x 9. 8 Н/кг) .
Үдеудің теориялық және тәжірибелік мәндерінің арасындағы пайыздық айырмашылықты табыңыз және оны берілгендер кестесіне жазыңыз.
Қатысты қателік = (теориялық мән - тәжірибелік мән) / тәжірибелік мән * 100%
1 берілгендер кестесі
Күш (ілінген жүктің массасы x 9. 8 Н/кг) :
2 берілгендер кестесі: үдеудің тәжірибелік мәні
3 берілгендер кестесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz