Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті оқушылар. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Сегіз қырлы, бір сырлы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін,
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған
халқының тілін, мәдениетін саналы да парасатты,
ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу
2. Қазақ халқының қасиетті қанатты сөздері арқылы
баланың ақыл –ойын, рухани жан-дүниесін байытуға,
адамгершілік сезімін тәрбиелеуге, халқымыздың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауына көңіл бөлу
3. Өз ұлтының тарихына деген мақтаныш сезімін
қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын сабағы
Сабақтың әдіс –тәсілдері: баяндау, сұрақ- жауап, мақал-мәтел сайысы
шешендік ой-толғау
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,өлең жолдары, слайд, электронды есептеу
машинасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар! Бүгін сендер қызықты және жұмбақты да тартымды әлеммен
танысасыңдар: Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар
мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыс бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Халқын
сүйген-салтын сүйеді» Бұл бөлімде оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап береді
және екінші бөлім «Сөз қадірі-өз қадірің» бұл бөлімде мақал –мәтелдер
беріледі. Сол мақалдарды толықтыру керек. Осы екі бөлімнен кейін ойыншылар
іріктеліп артта қалған үш ойыншы ойыннан шығады. Үшінші бөлім «Өнерпаз
болсаң арқалан» бұл бөлімде әрбір сайыскер кезектесіп ұяны ашып сұраққа
жауап береді. Бұл бөлімнен кейін алға шыққан екі ойыншы ғана келесі бөлімге
өтеді. Төртінші бөлім «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бұл бөлімде оқушылар 1
минут ішінде берілген өлең жолдарын толықтырып, авторын айту. Бесінші бөлім
«Шешендік» бұл бөлімде 1 минут ішінде оқушылар өздеріне берілген сұраққа
шеберлікпен жауап беріп, өзінің шешендігін көрсету арқылы жеңімпаз
анықталады.
1-бөлім «Халқын сүйген-салтын сүйеді»
1. Байғазы қай кезде ұсынылады? (көрімдік жандыға, байғазы жансыз дүниеге
беріледі)
2. Жігіттің неше жұрты бар (Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
3. Баланың тұсауын қандай жіппен кеседі (Ала)
4. Жұт неше ағайынды (7)
5. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7)
6. Түйенің сүтінен дайындаған сусынның аты қандай? (шубат)
7. Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады? (көктем)
8. Сыңсу қай тойда айтылады (қыз ұзату)
9. Тары түйетін ыдыс (келі, келсап)
10. Қазақта неше жүз бар? (3)
11. Оразаны неше күн ұстайды (30)
12. Ерулік деген не? (жаңадан көшіп келген көршіні үйіне тамаққа шақыру)
13. Қымыз ашытатын ыдыс (күбі, саба)
14.Қонақкәде дегеніміз не? (қонаққа келген адамның өнерін көрсету)
15.Жеке үй, отау болып шыққан жастарға ата-анасы не береді? (енші)
2-бөлім «Сөз қадірі-өз қадірің»
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Жер түбінде жатқан тас
Жел толқыса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқыса шығады - дей келе
Келесі кезекті мақал-мәтелге берейік
Сіздер мақал –мәтелді жалғастырыңыздар
1. Батыр туса-ел ырысы (Жаңбыр жауса –жер ырысы)
2. Малы жоқ деп, ерден түңілме (Шөбі жоқ деп, жерден түңілме)
3. Жау жоқта батыр көп (Дау жоқта ақыл көп)
4. Дұшпан күлдіріп айтады (Дос жылатып айтады)
5. Жаман да болса ағамыз (Жақсыны қайдан табамыз)
6. Алтауы ала болса ,ауыздағы кетеді,(Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді)
7. Еңбек қылмай ер оңбас (Бірлік қылмай ел оңбас)
8. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық (Ерте тұрған еркектің ырысы артық)
9. Ақымақ күлкіге тоймайды (Жалқау ұйқыға тоймайды)
10. Оңай олжа (тұрмас қолда)
11. Су ішкен құдығыңа (түкірме)
12. Көзің ауырса қолыңды тый (ішің ауырса тамағыңды тый)
13. Өзіңді өзің сыйламасаң, (өзгеден сый дәметпе)
14. Әкені көріп ұл өсер, (Ананы көріп қыз өсер)
15. Батыл жігіт жол бастар (Ақын жігіт той бастар)
16. Ауру -астан (дау- қарындастан)
17. Қанағат қарын тойғызады (қанағатсыз жалғыз атыт сойғызады)
18. Жақсыға айтсаң білер (жаманға айтсаң күлер)

3-бөлім «Өнерпаз болсаң арқалан»

1. Қазақстан тарихы 20
Қазақстан қашан Тәуелсіз Республика болып жарияланды?
(1991 жыл 16-желтоқсан)
2. Қазақстан тарихы 30
Қазақстан Республикасының алғаш рет президенттік сайлау қашан
болды? (1991 жыл 4-желтоқсан)
3. Қазақстан тарихы 40
Бірінші Қазақ мемлекетінің құрылған жылы (1465-1466 жылдар деп
есептеледі негізін құрушы Керей мен Жәнібек хандары )

1. Қазақстанның пайдалы қазбалары 20
Мұнай мен газдың мол қоры Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
(Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облстарында
шоғырланған. )
2. Қазақстанның пайдалы қазбалары 30
Қазақстан дүниежүзі бойынша қандай пайдалы қазбадан бірінші орынға ие?
(вольфрамның коры жөнінен)
3. Қазақстанның пайдалы қазбалары 40
Алтын қоры бойынша Қазақстан дүниежүзінде қаншасыншы орында?
(алтыншы)

1. Астана 20
Қай жылы және қашан –Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана
болып өзгертілді (1998 жылы 6 мамыр)
2. Астана 30
Астананың символы болған «Астана-Бәйтерек» манументі қашан ашылды.
(2002 жыл 29 тамыз)
3. Астана 40
ЮНЕСКА шешімімен Астанаға « Бейбітшілік қаласы» сертификаты қашан
берілді? (1999 жыл 16 шілде)

4-бөлім «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Өлеңнің бірінші сөзі оқылады. Сол өлеңнің авторын айту керек.
1. Кел, балалар оқылық!
(Ыбырай)
2. Әсемпаз болма әр неге
(Абай)
3. Ау қызғыш құс, қызғыш құс,
(Махамбет)
4. Мен, мен едім, мен едім,
(Махамбет)
5. Өнер –білім бар жұрттар
(Ыбырай)
6. Желсіз түнде жарық ай
(Абай)
7. Хан емессің қасқырсың
(Махамбет)
8. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
(Абай)
9. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
(Абай)
10. Құлақтан кіріп, бойды алар
(Абай)
11. Үміт қып менен қарайсың
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
12. Уа, туған жер топырағыңнан жаралдым
(Әбу Сәрсенбаев)
13. Қан сонарда бүркітші шығады аңға
(Абай)
14. Қараңғы қазақ көгіне
(Сұлтан махмұт Торайғыров)
15. Шырқ айнала шіркін тауық
(Сәке Сейфулин)
16. Ағынды менің ақ суым
(Ілияс Жансүгіров)
17. Күлдей күңгірт шашы бар
(Мағжан Жұмабаев)
18. Толқынан толқын туады
(Мағжан Жұмабаев)
19. Өзге емес, өзім айтам өз жайымды
(Қасым Аманжолов)
20. Бір үйде жиюлы екен қазына мал
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

5 бөлім «Шешендік»
Финалдағы екі оқушы «Қазіргі әлемдік дағдарыстан қалай шығуға болады»,
туралы өз шешендіктерін көрсетеді.

Қорытынды бөлім
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгін сіздер тамашалап отырған интеллектуалды
ойын сабағының қорытындысы бойынша «Сегіз қырлы, бір сырлы» азаматымызды
марапаттауға рұқсат етіңіздер дей келе
Ақ жол ізде өмірде көп ойланып
Алдыңнан атар таңың арайланып
Азаматы бар ел деп, бұл қазақтың
Талай жұрт құрметтесін қайран қалып,
Әр бір күнің ақ шуаққа малынып,
Алдыңнан тек арман оты жағылсын,
саған тілерім,
Осы тілектің барлығы, тәңірімнің құлағына шалынсын.
-----------------------
20

Қазақстан тарихы

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Астана

20

20

30

30

40

40

30

40

Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы
Сын есім туралы ақпарат
Спортты ал серікке ..
Қазақ тілі - қащынам
СЕНІМ
Әр бала - болашақ данышпан
Сабақ ортасы
Бұлдырты - құтты мекенім
ЕКОЕ пен ЕҮОБ
Оқушының сөзі
Пәндер