Мұғалімнің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру жүйесін қалыптастыру

Ж. С. Нуртазинова

№2 магниттік мектептің оқу-ісінің меңгерушісі

Жезқазған қаласы,

Кеңгір ауылы

Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін

қалыптастыру

В докладе рассматривается проблема непрерывного совершенствование профессионального мастерства учителя.

In project work is given problems of developing professional masterwork of teachers.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби қызметке де өз ықпалдарын тигізуде. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.

Демек, жаңаша білім беру - жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Білім - адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Креативтілік жеке тұлғаның бағыттылығынан (танымдық мотивацияның басым болуы, танымдық қызығушылық, танып-білуге ұмтылу, білімқұмарлық және т. б. ) ; қабілеттерінен (стреотиптерді жеңе білу, проблеманы сезіну, ой жүйріктігі мен алғырлығы және т. б. ) ; мінез-құлқынан (бірегейлік, бастамшылдық, шыдамдылық, зеректік және т. б. ) танылатын, оның интегралды сапасы ретінде қарастырылады. Оның мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда алатын орны ерекше. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.

2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.

1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі) .

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге

жағдай туғызу. )

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т. б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Жоғарғы оқу орындары жаңа формация мұғалімдерін дайындауға енді ғана бағыт алып отыр. Осыған байланысты мектеп жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеу әрбір мектеп басшыларының басты міндеті болмақ. Осы жауапты іздеу барысында мектепте педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы үлкен көмек болар еді.

Педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы. 1-таблица

Әдіс және форма
Мектеп -к
Қал-қ
Обл-қ
Рес-қ
№: 1
Әдіс және форма: Сабақққа қатысу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 2
Әдіс және форма: Ашық сабақ өткізу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 3
Әдіс және форма: Әдістемелік жұмыстарға қатысу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 4
Әдіс және форма: Семинарға қатысу, өткізу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 5
Әдіс және форма: Біліктілікті арттыру курсынан өту
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 6
Әдіс және форма: Авторлық курстардан өту
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 7
Әдіс және форма: 12 жылдық білім беру
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 8
Әдіс және форма: Ақпараттық технология (Компьютер курстары)
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 9
Әдіс және форма: Пәндік білім беру бойынша курстар
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 10
Әдіс және форма: Іс-тәжірибені тарату (жеке ұжыммен)
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 11
Әдіс және форма: Шығармашылық жұмысы жинаққа ендіру
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 12
Әдіс және форма: Конференция, байқауларға қатысу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 13
Әдіс және форма: Дидактикалық -әдістемелік құрал дайындау
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 14
Әдіс және форма: Басылымдарға мақала беру
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:
№: 15
Әдіс және форма: Ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізу
Мектеп -к:
Қал-қ:
Обл-қ:
Рес-қ:

Ұқсас жұмыстар
№51 М.Қаратаев атындағы мектепте мұғалімдердің үздіксіз кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін қалыптастыру
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру және жетілдіру жүйесі
Мұғалімнің кәсіби дамуы мен үздіксіз өзіндік білімін жетілдіру жолдары
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру: сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу және өзіндік талдау
Математика пәнінде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру: мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту әдістері
Желілік қоғамдастықтар - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы: коучинг-сессия жоспары
Инновациялық мәдениет және заманауи мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру: Даму қоғамдастығының тәжірибесі
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі: кәсіби дамудың теориясы мен практикалық тәсілдері
Робот техникасы элективтік курсын енгізу және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz