Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Қызылорда қаласы
№ 4 С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебі
Экономика пәні мұғалімі:Мейрамкүл Ахметова

Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете
отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу
тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық
мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін
дамыту қажет.Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл техникада,
экономикада, жаңа жолдармен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл ақыл-
ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі.Сондықтан экономиканы оқыту
процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздылығын
арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті
көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық
ойлауы да дамытылады.
Қазіргі экономиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен
ойлау жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін,
танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуальды ойлау
мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оқушының танымдық
мүмкіндіктерін арттыруды мұғалім басты рөл атқаратындығын соңғы зерттеулер
анықтап отыр.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы
қатынасы, әдістемелік шеберлігі-оқушының білімге деген ынтасын арттырудың
кепілі. Сондықтан оқушының жан-жақты мүмкіндіктерін ашуда мұғалім тәрбиесі
негізгі рөл атқарады.
Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оқушының өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасау, оқу-тәрбие ісінде оң жетістіктер береді.Үздіксіз
оқыту процесінің барлық бөліктерінде танымдық қызметтің артуына байланысты
жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады.Оқушының алған қарапайым білім қоры
оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді.Міне, осы аралықта әр
пән бойынша алған білім заңдылықтарды біріктіре қорытындылай білетін бала
зор табысқа жетеді.Сондықтан осы тұста әрбір мұғалім оқушының танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруда өзіне өте жоғары талап деңгейінде көрсете білуі
басты мақсат.
Танымдық қызметті арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық
мәні мен өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір сабақтың өткен
материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады.
Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады.Біріншіден,
оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл
істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді.Ең бастысы ол танымдық
қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ.Сонымен бірге
мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып бала талғамының
білімінің артуына септігін тигізеді.
Осыған байланысты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы
шығармашылыққа баулуды сызба-нұсқа арқылы жүзеге асырамын:

Оқу материалының маңыздысын бөліп алу, дәлелдеу, үйрету оқушылардың
маңызды ой қорытулар жасай алуына тәрбиелейді.Оқушыларды экономикалық
зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру
арқылы экономикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады.Зерттеу
жұмыстарын жүргізу жағдайында ұшырасатын танымдық қиындықтарды өз бетінше
жеңу кейбір оқушыларға оңай соқпайтыны белгілі, өйткені, мұғалім ондай
қиындықтарды жеңуге үлгерімі жақсы оқушыларды кеңірек тарта отырып, ұжымдық
талдау арқылы бүкіл сыныпқа көмектесуге әрекет жасайды.Оқушының өз бетінше
жұмыс істеуіне мұндай бірлескен іс-әрекет тиімді әрі қонымды.Оқушылардың
сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың
негізгі мәселесіне оқушылардың өздері зерттеу барысында кенгендігі,
экономикалық ережені өздері ашқандай сезімде болуы үлкен рөл атқарады.
Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады.Педагогика
ғылымы тиянақты білім маңызына әсер етпейді, қайта оқушыларды оқытуға
тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында жаңа мақсаттардың рөлін айқындап береді.
Яғни;
- білімді өз бетінше қабылдау қасиетін ұлғайту;
- қисынды ой-тұжырым білігімен дағдысын, ғылыми ойлау тәлім-тәрбиесін
кеңейту;
- Экономиканы оқып-үйрену кезінде кездесетін барлық танымдық бастауларды
өз бетінше пайдалануын қалыптастыру, атап айтқанда:мұғалім түсіндіруі
кітап оқу, тапсырмаларды орындау, бақылау;
- өз бетінше ойлануын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері бір-бірімен
байланысты.Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы сатысы болып
табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде шығармашылық іс-
әрекеттерге айналып отырады.Есептерді шығару барысында оқушының
шығармашылық ізденісін, тапқырлығын,зеректігін, ойлауға икемділігін
дамытуға ықпал етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың экономика пәніне
қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі-сабақ барысында оқушылардың алған
білімін баяндауға ынталығын және экономика тарихының элементтерін енгізе
отырып, есептің мазмұнының тартымдылығын арттыру керек.Экономика туралы
қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты есептер ойындар сабақ үстінде
өзінің орынын табады.

«Халықаралық сауда» ойыны
Мақсаты:оқушыларға саңғы жылдары халықаралық сауданың күрт өсуін
түсіндіру, халықаралық сауданың күнделікті өмірдегі әсері, экспорт,
импорт ұғымдарын маңыздандыру.
Керекті заттар:дүниежүзі картасы, түрлі-түсті карандаш.
Үақыты:30 минут.
Ойын барысы:қатысушыларды бірнеше топқа бөлу.Әр топ 5-тауарды табу
керек.Қағазға тауар атымен шығарылған елі көрсетіледі.Әр топ шығарылған
елді (тауар) дүниежүзілік картадан көрсетуі тиіс.
Төмендегі тауарлардың Отаны қай ел?
1.Нестле – 9.Кока кола -
2.Шелл – 10.Боинг -
3.Чай Липтон – 11.Сони -
4.ЛОреаль – 12.Хенкель -
5.Филипс – 13.Фиат –
6.Найк – 14.Аспирин Байер –
7.ДЭУ – 15.Хонда -
8.LGЭлектроникс - 16.Адидас –
17.Сименс -
Кроссвордтан бастап шытырман ой-жұмбақтардың психологиялық, логикалық
есептермен жаттығулардың құпия сырларына үңіліп олардың шығу тарихымен,
өзіндік ерекшеліктерімен танысу, ой-өрісін кеңейтумен бірге қабілетін
шыңдап, білім аясының артуына көмектеседі.Осындай танымдық ойындар бос
уақыттың көңілді де мазмұнды өткізуді мақсат еткен үлкен-кішінің жол
серігіне айналады деп ойлаймын.
Үлкен кроссворд
1.Тауар шығарамыз, яғни бізде ...... бар.
2.Кәсіпкерлік, іс, экономикалық қызмет, ........
3.Жеке кәсіпкерлерге белгілі бір еркіндік дәрежесін ұсынатын
экономикалық жүйе - .........
4. Иесі пайда аламын деген үмітпен ....... құрады.
5.Акция иелері ...... алады.
6.Коммерциялық фирма құрып, пайда алу үшін оны жұмысын басқаратын адам -
............
7.Оны жақсы көрмейді, бірақ онсыз мемлекетте ақша болмайды ........
8.Жеке иадам иелігіндегі заттар - .......
9.Тауарлардың елге әкелінуі мен елден тыс жерлерге шығарылуын .........
реттейді.

Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-
тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.
Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың экономика пәніне деген
ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, экономикалық ой-
өрісін дамытады.
Оқушының шығармашылық қабілетін арттыры.
1.Сөзжұмбақ құрау, шешу;
2.Суретін салу (геометриялық дене)
3.Ізденуге мүмкіндік жасайтын ситуация тудыру.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты,
шеберлікті, жоғары әдістемелік дайындықта талап етеді.Өзіндік жұмысын
ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолдануы жөн:
1.Жұмыстың орындалуын қадағалау керек;
2.Өзіне-өзі талдау жасау, байқау;
3.Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін талдау;
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі-олардың білімді өз
бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып
табылады.
Ойлан!
Мәтіндегі бос жерлерді толтыр.
Қазақстан – табиғи _________________ бай ел.
_____________,_____________,______________ ,
__________қорлары Қазақстан Республикасының табиғи басымдылығы.Қазақстан
Республикасы _______________________________________________ қатысушы болып
табылады.Қазақстан көмір, түсті металдар, мақта, былғары бұйымдарын
_______________________6 тұрмыстық техника, машиналар ме құрал-жабдықтарды
және басқаларды __________________-.

Баспалдақтар.
Бос торларға жетіспейтін әріптерді жазып, сөзді түсіндір.

Экономикалық мағыналы сөзді тауып, жазып ал және түсіндір.

С Ж З К А П И Т А Л Қ Ж 1. ____________________
У Т А Б Ы С У Ш Ы Ғ Ы Н М 2._____________________
С М Қ Т Ұ Т Ы Н У Ш Ы Ж Б 3._____________________
Қ Ф И Р М А Қ А Р Ы З С Д 4._____________________
Т Е Ң Б Е К Т Ж П С А Л Ы Қ 5._____________________
Т Т А У А Р К Ә С І П К Е Р 6._____________________
П Қ Ж К И І М Р Е С У Р С Ж 7._____________________
С Р Ы Н О У У К В О Т А Ж Қ 8._____________________
9._____________________
10.____________________
11.____________________
12.____________________
13._____________________
14._____________________

СӨЗЖҰМБАҚ «Инфляция»
Сұрақтар:
1.Мынау қай елдің штрих коды:890
2.Басқа сатушылар мен өндірушілердің ығыстыру мақсатымен бір компания не
компания тобының белгілі бір тауар рыногын немесе сол тауарды өндіруді
басып алуы.
3.Тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қатынасы туралы ғылым.
4.Табиғат тепе-теңдігін бұзатын қандай да бір зілзалалық құбылыстардың
болуы.
5.Мынау қай елді штрих коды:80-83
6.Баға немесе тарифке қосымша баға ретінде белгіленеді, яғни салық
төлеушінің табысымен немесе мүлкімен байланысты емес.
7.Акцияларға иелік ететін адам.
8.Қоршаған орта туралы ғылым.

Қызылорда қаласы

-----------------------

Топтық
жұмыстар

Ұлттық танымдық экономика ғылымымен байланысты

Өзіндік
жүмыс

Шағырмашылық
жаттығулар

Зеттеу жұмыстарына баулу.

Танымдық
ойындар

Оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Экономикалық әдебиетке баулу.

Үйірме жұмыстары

Саныптан тыс іс-шара

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Е К
Ж
К

Э
Э
Б

Т Л
А Р

Ы

Р

Т
А
Ы

Қ

1

3

4

2

5

6

7

8

Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Таным үрдістері
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық деңгейге жету
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру - оқытудың маңызды факторы
Қазақ тілін оқыту технологиясы
Шығармашылық жұмыстың тиімді жолдарын жүйелеу
Оқушының шығармашылық әрекеті және соған сәйкес қалыптасатын қабілеті
Пәндер