Серебряковтың сөзі

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

5-7 сыныптар

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қойшиева Мөлдір Дулатқызы

  1. оқу жылы

Тақырыбы: «Әдеби кейіпкерлер әлемі» (Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу.

Түрі: интеллектуалдық олимпиада.

Әдісі: сұрақ-жауап, анықтау, сахналандыру.

Көрнекілігі : электронды слаидтар

Барысы:

-Бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.

-Кітаптың біздің өміріміздегі маңызы қандай?

-Кітап оқығанда қандай күйге бөленесіздер?

-«Кітап-заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»- деген Ф. Бэкон сөзі біздің бүгінгі жұмысымызға эпигроф болады. (ойнға үш ойыншыдан құралған екі топты шақыру. )

Ойын шарттары

І Тур. Әдеби шығармалардан үзінді беріледі.

Кейіпкерлер бейнесін анықтау.

10 сұрақ қойылады, әр сұрақ 10 балды құрайды.

ІІ Тур. Әлем әдебиетінің озық шығармаларынан үзінділер беріледі. Авторы мен шығарманың атауын табу керек.

Алдын ала ұпай сандары тігіледі.

Жауап алынбаған жағдайда 3 мүмкіндікті пайдалануға болады.

Әр мүмкіндік алған сайын ұпай шегеріле береді.

ІІІ Тур. Мысал өлең арқылы көрініс қою.

Сахна мәдениетіне -5 ұпай,

Кейіпкерді сомдау шеберлігіне - 5 ұпай,

Дауыс ырғағының үйлесімділігіне -5 ұпай.

І Тур

1- топқа

  1. «Менің қалтамда садағымның ұшын шығаратын Төстіктің егеуі бар, Төстік онсыз жүре алмайды. Мен соны осы араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда өзің ұстап ал» Бұл «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейдің сөзі. (әкесі Ерназар)

Иә Жоқ

  1. Е, жарандар, жарандар,

Бәрің де бермен қараңдар!

Бүгін жатып түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім,

Заманым менің қағынды,

Қағынбаса не қылды?

Бір арыстан өзіме шабатұғын көрінді.

«Алпамыс батыр» жырындағы Тайшық ханның түсі.

Иә Жоқ

  1. Балталы, Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап- күліп, ер жеткен жер, аман бол!

«Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырындағы баянның елімен қоштасуы. (Ай мен Таңсық)

Иә Жоқ

  1. Қайрат деген қыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін,

Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шалып өртейтін,

Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып, қуат алдырар,

Жылау деген азап бар,

Қуарып отқа жандырар.

Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,

Қайратыңды қолдағалы келдім.

Бұл Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Айғанымға Байдалы бидің көңіл айтуы.

Иә Жоқ

5. «Кейде жапа көрген ой жәбіршіге қарғыс айтқысы келеді. Дүние желі олай соғып, бір теңбіл шаңды соның ішіп отырған шайына апарып түсірсе қандай жақсы болар еді дейді. Ар жағы белгілі, о да сондай мүгедек. . . Туатын баласы қиқы-шойқы, жарымжан. . . Баласының баласы тағы сондай. . . »

Ғ. Мүсіреповтың «Жапон балладасындағы» Тастың әңгімесі. (Көздің әңгімесі)

Иә Жоқ

6. Ол ән салса өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам.

Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Ақтамақ туралы сөз болып отыр. (Әмірқан)

Иә Жоқ

7. Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам. . . Зытып келе жатқаным-қашып келемін, артыма қарай беретінім қорқып келемін. . .

Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Бораштың сөзі. (Қайрош)

Иә Жоқ

8. -Бұл кім?

-Мен ғой, ата. Мен Қожамын.

-Мұнда неғып отырсын?

-Педсоветке келдім.

-Онда сенің не шаруаң бар:

-Мен жөнінде мәселе қозғап жатыр.

-Мәселе, қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

-Директор етеміз дейді.

Б. Соқпақбаевтың шығармасындағы Қожамен әңгімелесіп тұрған Сүттібай қарт. (Сәйбек)

Иә Жоқ

9. -Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда?Кел, ботам, өзіме!

Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесіндегі ананың сөзі.

Иә Жоқ

10. -Бүгін, түн ортасында Десятидровкада жатқан 120 немістің бәрін қырып тастағаныңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі ұстап алып келмегеніңіз бе: Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат берген емеспін. Менің қай жерге болса, сол жерге жұмсап, шаша беретін командирлерім жоқ.

Б. Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесіндегі полковник Серебряковтың сөзі.

Иә Жоқ

2-топқа

1. Бір күндерде қалың жиынның үстінен шықтым. «Жақсы болды ғой, осы жиында етігіме де, кездігіме де сұрай салайыншы» деп, ошақты жағалап келе жатқанымда, тойда табақ тартып жүрген баяғы қашқын етігім анадайдан көзіме түсіп кетті, қуанғаннан есім щшығып секіре беріппін».

«Керқұла атты Кендебай » ертегісіндегі Кендебайдың сөзі. (Тазша бала)

Иә Жоқ

2. - Бай, бағлан боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі бооп, сол өнерін ұстай біліп қадірлі болады. «Өнерпаз болсаң, өр бол» дейді . Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілік емес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң- ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті!-деп Абай Барлас ақынға бір түйін тастады. (Біржан салға)

Иә Жоқ

3. Оны қанша тәрбиелесе де ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: «Же» дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді.

М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі көксерек туралы сз болып отыр.

Иә Жоқ

4. -Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіндегі Антонның сөзі.

Иә Жоқ

5. Содан бері, міне жиырма жыл өтті. Мен ауруханаға он алты рет жатып шықтым. Арқамды он алты рет жаматтым. Бір елдің бедерлі географиясын арқалап жүре беру ауыр болды. Жапон географиясының бір беті ұлы Мұхит теңізі, бір беті жЖапон теңізі ғой. Сол теңіздер сияқты менің денемде де сау жер қалыпты. Содан тілдіріп алам да жаматам. . .

Ғ. Мүсіреповтың «Жапон балладасы» әңгімесіндегі айконың сөзі. (Арқаның)

Иә Жоқ

6. Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңіәрегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, арқасына асынған шиті мылтығы түспейтін адам.

С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы саятшы Ораз бейнесі.

Иә Жоқ

7. Қалшиған күйі Кет-Бұғаның қолындағы көтерулі қобызға қарап біраз тұрды да кенет:

-Құлынынын алған құлындай құлынымнан айрылдым,

Айрылысқан аққудай ер ұлымнан айрылдым. . . -

деп еңіреп отыра кеткен кейіпкер Асан Қайғы. (Шыңғыс хан)

Иә Жоқ

8. Бір түрлі болды нұсқасы. . .

Кеудесі болды кепедей.

Мұрны болды төбедей,

Күрек тісі кетпендей,

Кеңірідегінің тесігі

Жүгімен түйе өткендей.

Құлағы болды қалқандай,

Мұрнына қарасаң,

Сығымдалған талқандай.

«Алпамыс батыр» жырындағы Қараман бейнесі. (Ұлтан)

Иә Жоқ

9. Ол нанаға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе, асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті- екі шелекпен еңірете өзеннен су тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы.

Ш. Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесіндегі Хасболат туралы сөз болып тұр. (Әлтай)

Иә Жоқ

10. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» деп сары даланы күңірентіпсалған зарлы әнін біз шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. Елін сүйген ер жігіт қазіргі заманда «Елім -ай» десе, ол-ант! Ол -серт.

Б. Бұлқышевтың «Шығыс ұлына» жазған хаты.

Иә Жоқ

ІІ Тур

Әлем әдебиетінің озық шығармаларынан үзінділер беріледі. Авторы мен шығарманың атауын табу керек.

Алдын ала ұпай сандары тігіледі.

Жауап алынбаған жағдайда 3 мүмкіндікті пайдалануға болады.

Әр мүмкіндік алған сайын ұпай шегеріле береді

1. “Біздің кемеміз ашық теңіз бетіне сұрапыл қатты дауылға кездесіп, апатқа ұшырады. Кемедегі меннен басқа адамдардың бәрі де суға батты. Мен шала жансар күйімде қарғыс атқан осы аралға лақтырып тасталдым. Ол аралға “Түңілу” аралы деп ат қойдым.

Үзінді қай шығармадан алынған?Авторын ата.

  • Ағылшын жазушысы осы жалғыз романымен-ақ әлемге әйгілі болды.
  • Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалған Робинзонның 28 жыл бойы жалғыздық жапасын шеккен өмірі шытырман оқиғалы баяндалады.

Даниэл Дефо “Робинзон Крузо”

2. Қанағат болды десек етер шағы,

Құтырды өскен сайын кемпір бағы.

Өткен соң бірер жұма, шақыртады

Балыққа жібермекке шалды тағы.

Үзінді қай шығармадан алынған?Авторын ата.

  • 1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қаласында дүниеге келген.
  • Оны Арина Родионовна атты күтушісі тәрбиелейді.

А. С. Пушкин “Балықшы мен Балық” (А. Байтұрсынов аудармасы)


Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың бәрі жақсы ,қалауыңша таңдап ал 9сынып
Қастек баянбаев <<араша>>
Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ер болмайды
Құжатты сақтау және ашу
М. Әуезов ақын қонақтар жайлы ақпарат
Ғ.мүсірепов жаңа достар . 5 –сынып,екінші сағаты
Көңілді балалар әні
Біздің еңбегіміз оқу. 8 сынып
Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Отан - өлкең астанаң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz