Қазақстандағы тас дәуірі: интербелсенді оқыту элементтері негізіндегі сабақтың әдістемелік жоспары

Қыпшақбаев Қаныбек

№41 М. Оразалиев атындағы

шағын жинақты жалпы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Интербелсенді оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып жүргізілген бұл сабағымды әріптестеріме ғаламтор бетінде жариялап әдіс алмасу ретінде ұсынып отырмын.

Тас дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Тас дәуірі бойынша алған білімдерін қайталау, нақтылай түсу, пысықтау. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері табылған жерлерді картадан көрсете білуге жаттықтыру, туған жердің тас ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Тас дәуірі» тірек - сызбасы, карталық парақшалар, суреттер, деңгейлік білім кестесі, мониторинг сызылған кесте, қыш құмыралар, қыш тастар.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, ішінара ізденіс әдісі, деңгейлік әдіс, тірек-сызба әдісі.

Сабақ түрі: ішінара ізденіс енгізілген қайталау сабағы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

а) оқушыларды сабаққа дайындау;

ә) сабақтың өту барысын әңгімелеу;

ІІ. Кіріспе. «Тас дәуірі» тірек сызбасын сипаттау.

ІІІ. Негізгі бөлім: деңгейлік тапсырмалар.

а) Алгоритімдік деңгей - ұққанын есте сақтауы арқылы айыра білу.

ә) Оқушылық - мұғалім сұрақтарына жауап беру.

б) Эвристикалық - ішінара ізденіс, археологиялық ескерткіштер табылған жерлерді таба білу, картамен жұмыс жасай білу.

в) Шығармашылық - іздену, тарихи оқиғаны ойда сәулелендіру арқылы ауызша жүйелі әңгімелеу.

1-деңгей. Кестемен жұмыс.

Кесте толтыру.

Дәуір
Адамдар дамуы
Еңбек құралдары
Шаруашылығы, кәсібі
Тарихи шеңбері
Дәуір: Ежелгі тас дәуірі
Адамдар дамуы: Ерте палеолит
Еңбек құралдары:
Шаруашылығы, кәсібі:
Тарихи шеңбері:
Дәуір: Орта палеолит
Адамдар дамуы:
Еңбек құралдары:
Шаруашылығы, кәсібі:
Тарихи шеңбері:
Дәуір: Кейінгі палеолит
Адамдар дамуы:
Еңбек құралдары:
Шаруашылығы, кәсібі:
Тарихи шеңбері:
Дәуір:

Орта тас

дәуірі

Адамдар дамуы:
Еңбек құралдары:
Шаруашылығы, кәсібі:
Тарихи шеңбері:
Дәуір:

Кейінгі тас

дәуірі

Адамдар дамуы:
Еңбек құралдары:
Шаруашылығы, кәсібі:
Тарихи шеңбері:

2-деңгей. Карталық парақшалармен жұмыс.

3-деңгей. «Тастан құрал жасау» тақырыбында тестік 5 сұраққа жауап беру.

4-деңгей: Шығармашылық жұмыс: а) діни наным-сенімдерін көрсету: қазіргі әжелердің айға амандасуы, жер ұшық жасау, сумен аластаумен байланысы бар ма? Диалогтық әңгіме (мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы араларында),

ә) «Үңгірдегі тіршілік» суретіне әңгіме құрастыру.

IV. Тарихи диктант жұмысы. Жаңа сөздердің мағынасын түсінуін тексеру мақсатында «Кілтті тап» ойынын ойнатуға болады. Шарты: Бірнеше сөздерді мұғалім оқиды, ішінен өтілген тақырыпқа қатысты үйреніп -білген сөздерін оқушылар дәптеріне жазады.

V. Маркирова кестесімен жұмыс. Тақырыптары:

1) Тас дәуіріндегі археология ескерткіштер.

2) Тас дәуіріндегі әдет-ғұрып, діни наным-сенімдер.

Мен білемін
Білгім келеді . . .
Мен үшін жұмбақ?
Мен білемін:
Білгім келеді . . .:
Мен үшін жұмбақ?:

VI. Қорытынды. 1. «Идеяларды тоғыстыру» оқыта үйрету ойыны негізінде оқушыларға негізгі ұғымдар беріледі, оны әрі қарай жалғастыру керек.

а) Адамдар тастың сынатынын білгеннен жақсы білгеннен кейін . . .

ә) Адамдар тіршілікпен айналыса жүріп . . .

б) Адамдар тастан . . .

в) Адамдар ағаштан . . .

г) Неандерталдық адам өзіне баспана етіп . . .

2. Медитация әдісін пайдаланып, сабақты қорыту (тыныштықта бір минут отырып, өз ойларын қорыту) .

3. Оқушылардың білімін бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы Тас дәуірі: палеолит, неолит және энеолит кезеңдері бойынша сабақ жоспары
5-сынып: Қазақстан тарихы - Тас дәуірі (палеолит) сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Соңғы тас дәуірі - мезолит, неолит, энеолит және Ботай мәдениеті
Қазақстан территориясының жаңа тас дәуірі: еңбек құралдары мен қоғамдық өзгерістер
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер: түрік кезеңі мен монғол дәуірі
Ежелгі тас ғасыры: кезеңдері, еңбек құралдары және Қазақстандағы археологиялық деректері
Химия пәнінде интербелсенді тақта арқылы инновациялық оқыту технологияларының теориялық-әдістемелік негіздері
Интербелсенді оқыту: теориясы, маңызы және ұйымдастыру тәсілдері
Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындықтың интербелсенді және ынтымақтастық негізіндегі үш кезеңді әдістемесі
Орта мектепте информатика пәнінде интербелсенді оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz