Үндескен семсер жырлар: Фариза мен Мұқағалидың поэзиялық кешінің бағдарламасы


«ҮНДЕСКЕН СЕМСЕР ЖЫРЛАР»

Балнұр : Қайырлы кеш! Қадірменді «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым!

Ерасыл : Сырым да -осы,

Жырым да-осы,

Алдыңда.

Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали жырларын да бір тыңда!

Балнұр : Семсер жырдың,

қанатынан ұстаған

Фариза да осында.

Ерасыл: Құрметті жиналған қауым!

Балнұр : Оқушылар!

Ерасыл : Қонақтар!

Хормен : «Үндескен семсер жырлар» атты поэзиялық кешімізді тамашалауға шақырамыз!

Балнұр : Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Аймухамбатов Нұрсадық Сейітқазыұлына береміз.

Фариза анкетасы:

І слайд: Ақындардың портреті және қысқаша өмірінен мәлімет.

Ерасыл: Туған жерің?

Балнұр: Аққуымын Каспий Батыс Манаш атты ауылдың.

Ерасыл : Туған жылың?

Балнұр : Сұрағың не? Білесің ғой бәрін өзің, бауырым.

Ерасыл : Ұлтың қандай?

Балнұр : Ұрпағымын қайсар қазақ қауымның

Ерасыл : Білімің ше?

Балнұр : Болар, бәлкім, жоғар деп жазуым

Ерасыл : Мамандығың?

Балнұр : Белгілі ғой, ұстаздықты қаладым.

Ерасыл : Қоғамдағы міндетің?

Балнұр : Табиғаттың берген сыйын жоғалтпай, ақындыққа жарадым.

Мұқағали анкетасы:

Балнұр : -Ал сенің туған жерің?

Ерасыл : Ұланымын Қарасыз деп аталатын ауылдың.

Балнұр : Туған жылың?

Ерасыл : 1931. Құрдасымын Шәмілдің

Балнұр : Жынысың кім?

Ерасыл: Еркекпін ғой, еркекпін және дағы тәуірмін.

Балнұр : Білімің ше?

Ерасыл : Орташа ғой, алайда өзім жоғарыға балаймын.

Балнұр : Қайда істедің?

Ерасыл: Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.

Балнұр : Қоғамдағы міндетің?

Ерасыл : Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қағаз, қалам, уақыт бер тек аздаған

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

(Ерасыл: «Фариза қыз», Балнұр «Мұқағали туралы жыр» орындайды)

ӘН: Орындайтын:

ІІ слайд: «ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС»

(Теңіз суреті, Хантәңірі суреті. Туған жер туралы өлеңдер тізімі)

Ерасыл: Пай! Пай! Пай!

Киелі неткен жер.

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Балнұр: Фариза мен Мұқағалидың туған жер туралы үндескен семсер жырларын тыңдауға шақырамыз!

«Туған жер» Назым 9а «Қарасаз» Дәулет 6а

«Туған жер» Әлия 5а « Хантәңірі» Қуаныш 7а

«Ауыл» Динара 5а « Көлің қайда?» Еркебұлан 6а

ӘН: Орындайтын:

ІІІ слайд: «МАХАББАТ ЖЫРЛАРЫ»

(Аққу суреті, табиғат)

«Махаббат диалогы»

Балнұр: - Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

Ерасыл: - сені іздеумен мәңгілік өтер едім

Балнұр: -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Ерасыл: -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

Балнұр: - Бұлдырасам, сағымдай не етер едің?

Ерасыл: - Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Балнұр : - Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Ерасыл: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін

Балнұр: ӘН: Орындайтын:

Ерасыл : «Махаббат менімен егіз бе едің?!» тақырыбындағы жырларға кезек береміз.

« Мен тағы ғашықпын» Раушан 6а «Махаббат па?» Архат 9а

« Махаббат» Әсел 9а « Байқалмай махаббат» Мейір 7а

«Мен сенсіз өмір» Жансая 9а « Махаббатым өзімде» Ернұр 9а

ІҮ слайд. «ӘКЕ-АСҚАР ТАУ, АНА - ҚАЙНАР БҰЛАҚ»

(Ақ жайлықты әжелер мен аталардың суреті)

Балнұр : ӘН: Орындайтын:

Ерасыл : Әке, сенің тастап кеткен мұраңды

Төрт немерең көрген шақта қуанды.

Терің сіңген тақияға жармасып,

Алма -кезек бірінен соң бірі алды.

Балнұр : Ақындарымыздың ата-ана тақырыбына қалам сілтеген жырларына құлақ түрелік!

«Әке, сенің жасыңнан асып барам» Ернат 9а

«Шеше, сен бақыттысың» Ержан 6а

« Жаулықтар » Дана 6а

Ү слайд : «ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»

(Ақындар қолтаңбалары, портреті, кітаптар жинағы)

Балнұр : Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сені мен сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Ерасыл: Сая болып жаныңда, емен, терек.

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей сөзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz