Ауыр атлетика

Дене тәрбиесі

БҚО Шыңғырлау ауданының дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Кулушев Айбек Сансызбайұлы

Тақырыбы: Олимпиадалық ойындар

Мақсаты: Зерттеушілік әдіс арқылы өз бетімен білім алуға, күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешудегі біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу

Міндеттері :

- оқытушылық : тақырыпты топтық жұмыс барысында зерттеуге үйрету, олимпиада ойындарының шығу тарихымен, түрлеріне шолу жасау, рефлексия жасату және жеке басының қол жеткізген білім, біліктілік, құзыреттілік деңгейін «қосу» әдісімен әділ бағалау;

- тәрбиелік : мазмұнды салауатты өмір салтына тәрбиелейтін мәні бар тапсырмалар беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

- дамытушылық : деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың олимпиадалық ойындар туралы танымдарын арттыру.

Көрнекілігі : Олимпиада жеңімпаздары туралы мәлімет беретін слайдтар, Қазақстан картасы мен олимпиада жеңімпаздары бекітілген магниттер, жұмыс дәптерлері.

Қолданылатын әдіс : Үшөлшемді әдістемелік жүйе

І кезең (5-7 мин)

а) ұйымдастыру сәтін өткізу (Оқушыларды түгендеп, бүгінгі күннің сабақ тақырыбын таныстырып, жұмыс дәптерлері ұсынылады)

б) үй тапсырмасын тексеру, в) жаңа тақырыпты меңгеруге арналған үй тапсырмаларын тексеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап алу:

«Көпір» тапсырмалары

  1. Олимпиада сөзі қай елден енген?

Ж: олимпиада сөзі греция елінен енген.

  1. Бірінші олимпиада грецияның қай жерінде өткізілді?

Ж: Бірінші олимпиада грецияның Олимп тауында өткізілді.

  1. Олимпиаданың неше түрі бар? Қандай?

Ж: Олимпиаданың екі түрі бар. Қысқы олимпиада және жазғы олимпиада.

4. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін қай жылдан бастап олимпиадаға қатысты?

Ж: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1996 жылдан бастап олимпиадаға қатысып келеміз.

ІІ кезең (10 мин)

«Білу» тапсырмалары

1 . Бос орынға қажетті өрнектерді жаз:

1. Олимпиада 4 жыл сайын өткізіледі?

2. Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 653 жылдан бастап ойналып келеді?

3. 2012 жылғы олимпиада Англия елінің Лондон қаласында болды.

4. 2012 жылғы олимпиада да қазақстандық спортшылар барлығы 13 медаль алды, оның 7 -еуі алтын, 1 -еуі күміс, 5 -еуі қола.

5. Қазақстан Республикасының спортшылары олимпиаданың ауыр атлетика, жеңіл атлетика, веложарыс , бокс ойындарынан алтын медаль алды.

6. Лондон олимпиадасына 189 мемлекет қатысты.

«Түсіну» тапсырмалары

2. Тапсырмада берілген анықтамаларда түсіп қалған сөздерді тауып жаз:

1. Олимпиада неліктен 4 жыл сайын өткізіледі?

Ж: Спортшылар дайындалып жаңа рекордтар жасау үшін.

2. Кеңес үкіметі кезінде қазақстандық спортшыларды халықаралық олимпиадаларға неліктен қатыстырған жоқ?

Ж: Себебі шет елдерге шығуға шектеу қойылды.

3. Қазіргі таңда егемендігіміздің арқасында спорттық жарыстарда жылма жыл үлкен жетістіктерге қол жеткізудеміз.

«Талдау» тапсырмалары

1. Кестені толтырып, салыстырып, айырмашылығын талдаңыз

Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары: Серік Қонақбаев - бокс
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Бекзат Саттарханов- бокс
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары: Қуаныш Жетпісов - күрес
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Василий Жиров - бокс
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары: Жақсылық Үшкемпіров - күрес
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Бахтияр Артаев - бокс
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары: Шамиль Сериков - күрес
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Юрий Мельниченко - күрес
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары: Виктор Демьяненко - күрес
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Александр Парыгин - жеңіл атл
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Бакыт Сарсекбаев - бокс
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Ольга Шишигина - жеңіл атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Владимир Смирнов - шаңғы
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Болат Жумадилов - күрес
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Александр Винакуров - веложарыс
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Майя Манеза - ауыр атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Зульфия Шиншанло - ауыр атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Светлана Подобедова - ауыр атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Илья Ильин - ауыр атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Ольга Рыпакова - жеңіл атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Ермухан Ибраимов - жеңіл атлетика
Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздары атанған қазақ спортшылары:
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары: Серік Сапиев - бокс

2. Ұқсастығы : Қазақстандық спортшылар

Айырмашылығы: Кеңес Одағы дәуіріндегі олимпиада жеңімпаздарымыз өте аз болса, егемендігімізге қол жеткізгелі жетістігіміз артып келеді.

3. Үлкен жетістіктерге қалай қол жеткізуге болады?

Үнемі үзіліссіз дайындық пен олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған жағдайда.

«Жинақтау» тапсырмалары

Тірек-сызбаны толтыр

Олимпиада Греция елінен шықты

4 жыл сайын өтіп отырады, бүкіл әлем елдері қатысады.

Түрлері:

Практикалық жұмыс

а) Картамен жұмыс (Олимпиада жеңімпаздарының суреттерін картадағы өз қалаларының тұсына жапсыру)

Қазақстан картасынан 2012 жылғы жазғы Олимпиада чемпиондарының қай қалалардан шыққанын көрсет.

Серік Сапиев - Қарағанды
Серік Сапиев - Қарағанды: Александр Винакуров - Алматы
Серік Сапиев - Қарағанды: Майя Манеза - Талдықорған
Серік Сапиев - Қарағанды: Зульфия Шиншанло - Талдықорған
Серік Сапиев - Қарағанды: Светлана Подобедова - Талдықорған
Серік Сапиев - Қарағанды: Илья Ильин - Қызылорда
Серік Сапиев - Қарағанды: Ольга Рыпакова - Шығыс Қазақстан

ә) Баға беру

Болашақта Қазақстандықтар олимпиадаға қатыса ма?

Ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып тұрғанда біздің спортшыларымыз олимпиада ойындарына қатысады және көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.

ІІІ кезең Кері байланыс (10 мин)

І деңгей

Білу тапсырмалары:

1. Олимпиадалық туралы мәліметтер қандай елдерде кездеседі?

Ж: Бүкіл әлем елдерінде кездеседі.

2. 4 жыл сайын өткізілетін ойын қалай аталады?

Ж. Олимпиада ойындары

3. 2012 жылғы олимпида қай қалада өтті?

Ж: Англияның Лондон қаласында

4. Қазақстандық спортшылар 2012 жылғы олимпиадада қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Ж: 2012 жылғы олимпиада да қазақстандық спортшылар 7 -і алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алды.

Қазақстан спортшылары 7 алтын медаль алды

Қолданылуы:

5 . Жазғы олимиада ойындарындағы спорт түрлерінің астын сызыңыз.

Жеңіл атлетика , шаңғы , ауыр атлетика, коньки , күрес түрлері, спорттық ойындар, биатлон , в еложарыс

ІІ деңгей

Түсіну тапсырмалары:

1. Олимпиада ойындары неге «Олимпиада» деп аталды?

Ж. Себебі, алғашқы олимпиада ойындары Греция елінің Олимп тауында өткізілді.

2. Кеңес Одағы дәуірінде қазақстан спортшыларының олимпиада ойындарындағы жетістіктері неге аз болды?

Ж: Себебі, қазақстандық спортшылардың олимпиада ойындарына қатысу үшін шет елдерге шығу мүмкіндіктеріне шектеу қойылды.

Талдау тапсырмалары:

3. Бос орынға тиісті сөзді жаз

Кеңес одағы кезінде
Тәуелсіз Қазақстанда
: Ұқсастығы
Кеңес одағы кезінде: Олимпиада ойындарына қатысты
Тәуелсіз Қазақстанда: Олимпиада ойындарына қатысты
: Ерекшелігі
Кеңес одағы кезінде: Олимпиада жеңімпаздары аз
Тәуелсіз Қазақстанда: Тәуелсіздігімізді алғалы олимпиада жеңімпаздары көп

Ұқсас жұмыстар
Оқушының көпшілігі. Оқушылардың кейбірі
Сауалдар көмегімен кестелерден мәліметтерді таңдау
Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы
Натурал сандарда еселік салыстыру
Нольмен аяқталған санға көбейту және бөлу. бастауыш сынып
Қазақша спорт
Купер тесті.6 минуттық жүгіру, 6 класс
Ауыр доппен жаттығулар
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Денешынықтыру календар план
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz