Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
ХХІ ғасырда білім мен ғылымның жаңа белесі басталмақ. Ұлттық
білім деңгейін, әлемдік білім кеңістігіне енгізу арқылы өркениетті
мемлекет құруға қадамдар жасалды. Ал, өркениетке жеткізетін жол білім
мен ғылым жолы екендігі жұртшылыққа мәлім. Демеке, білім беру
проблемасы қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –
білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп,
мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты,
білімі қажет. Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық
білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол -12 жылдық білім беру
орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы
мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы
оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз
өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап
табатындай білім нәрін беруге бағыталып отыр. 12 жылдық білім
жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады.
Олар:
1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық
бағытта оқыту.
2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып
жеке даралық бағытта оқыту.
3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық
бағытта оқыту.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін
мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық
компонент- мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен
мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін
меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының
мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын
пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент –
оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты
мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру. Жаңа
үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа менің
берер жауабым:
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Мұғалім үшін жауапты тағы бір нәрсе ол оқушының жас ерекшелігін
ескере отырып, оқушылардың не қалайтынын (ұжымға сіңісу, сынып
алдында бедел жинау, белгілі бір пәнге қызығушылық, сыйлы болу,
жолдастарының өзіне деген ынта-ықыласы және т.б) қанағаттандыруды
ұйымдастыруымыз керек. Кез келген жаста оқушы үшін көпшілік алдында
ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға бару ішкі жан дүниесін бұзады.
Сондықтан ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деп айтқандай, мұғалім үшін кәсіби
шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда
болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы
ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық
аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі
мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық
және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.
Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда мол
білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды
қажет етеді. Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі
көзі- сабақ болып табылады. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат-
міндеттерін (оқытушылық, білім берушілік, тәрбиелілік, дамытушылық) осы
сабақта жүзеге асыра алады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен
ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің
мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына
мүмкіндік жасайды.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты етіп өткізу үшін не
керек?
Сабақты талаптарға сәйкес өткізу үшін біріншіден, әлеуметтік-
педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің
белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен
оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен
кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден,
дидактикалық жағдай- бұл оқыту процесінің принциптерінің және
әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды
қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін
терең зерттеп, пайдалана білу.
Оқытуда сабақты ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық,
топтық, жұп және дербес формалары жатады.
Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі
бағдарламалап және компьютерлі оқыту.
Оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының
міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне,
үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
Оқыту процесіндегі ең басты тұлға – бала. Егер мұғалім әрбір
балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер
салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді,
оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды. Осындай
ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істей
білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.
Мектепте информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі
– сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін
себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс
жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың
маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. Сыныптан тыс жұмыс - бұл
оқытушылар мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері
мен іс-шараларын» ұйымдастыру болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс- сыныптан
тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік
іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс
жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық
құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы сыныптан тыс
жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен
мүмкіндіктерін ашады. сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне
сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі
жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі
туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар
бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс
жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып
жұмыс істеуге үйренеді.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында
оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Информатика курсы бойынша жүргізілетін
дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар,
экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми
жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын
арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу,
өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын
қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы,
формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер
отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан
тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен
басқаруында болады. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт
ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:
информатика кеші;
ғылыми жұмыстар;
информатикадан викториналар;
іскерлік ойындар;
информатикадан диспуттар;
клубтық қызметтер;
байқау;
көрмелер;
үйірме;
сөзжұмбақтар құру;
олимпиадалар;
пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар;
танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия);
Информатикадан факультативтік сабақтар – оқытудың формасы
оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсаты: пәнге деген
оқушылардың қызығушылығын, ғылыми теориялық білімін, танымдық
ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Факультатив
оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі.
Факультативтік сабақтар өткізудің басты түрлері семинарлар,
әңгімелесулер, есептер шығару, оқушылардың рефераттары, оқушылардың
баяндамалары т.б. болып табылады.
Информатика пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы, ол өз алдына
келіп отырған оқушыға өзінің көмекші құралы жайлы, яғни копьютерді
оқыта отырып сол құралында жасалған бірнеше бағдарламалар арқылы
ақпараттарды өңдеуді үйретеді. Соның ішінде дарынды оқушылар
арасында информатика пәнінен олимпиадаға даярлау жұмыстары
атқарылады. Олимпиада- оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын,-
олардың бойында информатика қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін
жарыс.
Информатикадан үйірме жұмыстары оқушылардың информатиканың
өмірмен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі
түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың
алғышарттарын анықтайды, ал кейбір оқушылардың бойында ізденушілік іс-
әрекетке ұмтылысты туындатады. Үйірме – сыныптан тыс жұмыстардың ең
тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен
бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып
сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен
ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа
бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.
Экскурсия пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс
жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер
пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық
принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалық ой-өрісін
кеңейтеді, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының түрлері:
А) кіріспе саяхаты-жаңа тақырыпты (оқу материалдарын) түсіндіру
алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;
ә) кезектегі саяхат – ұзақ мерзімде оқушылардың техникалық үлкен
тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
б) қорытынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін
өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және
бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер
бейнеленеді:
1. Саяхаттың мақсаты мен объектісі.
2. Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар
жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б.
3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу,
есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру.
Мысалы, бірінші топ-бақылау, өлшеу, екінші топ-сурет салу,
сызу, үшінші топ- есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
5. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен
таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі.
Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз
сөйлейді. Конференция бірнеше қатар сыныптар оқушылармен өткізу
өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім
қорытындылайды.
Семинар сабағы - бұл жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. Семинарға
қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады.
Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал
жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке
барады.
Семинар сабақтар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді:
зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап
дәлелдейді.
Практикумдар- курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен
орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық
жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік
есептер шығарады. Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және
мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын
анықтайды, оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды
өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді.
Үй оқу жұмысы- бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және
қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін
тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы сабақ
кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін
пайдаланылады. Бірақ, үй оқу жұмысын орындауда балаларға шамадан
тыс күш түседі. Мәселен, әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үй
тапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда
4-5 сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушының
мектептегі күнделікті оқитын 5-6 сабағын қоссақ, оның жұмыс күні
кем дегенде 9-11 сағатқа созылады. Бұл балалар үшін өте ауыр.
Сондықтан олардың денсаулығын қорғау және сақтау үшін, жұмыс
қабілетін арттыру үшін барлық мұғалімдерді ойландыратын, жете
зерттеуді қажет ететін және кезек күттірмейтін проблемаларының
бірі- үй оқу жымысы. Осыған байланысты, мұғалімдердің мына
мәселелерді ескергені жөн: Бірінші, әрбір мұғалім сабақ үстінде
оқушылардың оқу материалын толық игеруін қамтамасыз ету жолдарын
іздестіреді, екінші, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең оқып
шығармашылықпен пайдалану әрбір сабақтың теориялық және
практикалық дәрежесін көтереді.
Міне, осы жағдайда үй оқу жұмысының көлемі бірте-бірте азайып,
оқушылардың бос уақытында өз бетімен түрлі іс-әрекеттерімен
айналысуына мүмкіндік туады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын
қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат
ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық
технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін
қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен
ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын
оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда. Бүгінгі ақпараттық қоғамда
өмір сүруге лайық, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін
мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін
дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге
арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Информатика және
оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар және
программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны ерекше
және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
қажет. Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін
тексеру мақсатында – сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп
дайындау керек.
Қорыта келе, информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жиі ұйымдастыру
қажет. Сонда оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады,
өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. 12 жылдық Білім журналы.
2. Информатика негіздері журналы.
3. Қоянбаев. Педагогика
4. Халықова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000.
-----------------------
Информатика пән мұғалімі: Қожағұлова Ш.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz