Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер
Білімділік мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар
арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын
таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы
тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін
кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Технология түрі: ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы.
Әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, венн диаграммасы.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.
Көп мағыналы сөздер.
60 - 61 жаттығулар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
- Белгілі
бір ұғымға берілген атау.
2. Сөз мағынасы деген не?
- Сөздің
ішкі жағы, яғни мазмұны.
3. Сөздің қандай мағыналары болады?
- Тура
және ауыспалы мағыналары.
4. Сөздің тура мағынасы деген не?
-
Негізгі, бастапқы мағынасы.
5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
-
Келтірінді мағынасы.
6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?
- Сөздің
бірнеше мағынаға ие болуы.
60 - жаттығу. *Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол
бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.
Салмақты мінез
Менің атам - өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі
ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде
ғана бірде бетінен (жүзінен) ерекше бір тебіреніс көргендей болдым. Атам
қатты қуанғандай болды.
61 - жаттығу. ●Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы
мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
Жел, суық, жылы,
өткір, кілт.
1.Суық күндер алыс емес. (тура)
Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)
2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез-тез аршыды. (тура)
Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)
♦ Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігі
мен айырмашылықтарын айтыңдар.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақырып: Омонимдер
1. Кіріспе бөлім
Венн диаграммасы.
1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.
2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.
3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.
ІІІ. Жаттығулар жұмысы
А - тақтамен жұмыс.
62- жаттығу (тақтамен жұмыс, астын сызу)
Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан
тұрма.
Бас киімді айналдырып киме. Бір қолмен нан үзбе.
Ә - ізденімдік жұмыс.
Үлкенді сыйлау, қарсы сөйлемеу, орынсыз күлмеу т.б.
Б - оқулықпен жұмыс.
63- жаттығу (кейіпкерлеге мінездеме)
Ара. Әсеттің қолын ара шақты. Атам араның жүзін қайрады. Бұл арада
айтылатын сөз емес.
64- жаттығу (үйден мазмұндау)
В - интерактивті тақтамен жұмыс:
Жас бала. Көз жасы.
Оң қол. Оң іс.
Қара көз. Бұлақ көзі.
Үлкен үй. Құмды үй.
Г - жеке оқушымен жұмыс.
65 - жаттығу
Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.
● Адамның қолы; қалың қол.
Ашық сабақ; өсімдіктің сабағы.
Аяқтың сіңірі; суды сіңір.
Қоңыр қой; дәптерді орнына қой.
♦ құлағына сіңіріп қоятын (ұғындырып қоятын)
ІV. Бекіту:
1. Жинақтау, қорытындылау.
2.Үйге тапсырма беру.
3. Бағалау.
-----------------------
Омонимдер
І . Бас
ІІ: Жүз
ІІІ: Алма
Адамның басы /з.е/
Ақырын бас /етіс/
Пышықтың жүзі /з.е/
Арайдың жүзі солыңқы көрінеді /з.е/
Қазақта үш жүз бар /з.е/
Қызыл алма /з.е/
Қаламды алма /етіс/
2
1. Сөз байлығын көрсетеді.
2.Біркелкі дыбысталады.
3
1. Айтылуы бірдей, мағыналары бөлек.
2. Әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек
болады.
1
1.Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
2.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да,бір сөз табына қатысты
болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz