Буынға бөлу арқылы сөздік және сөйлеу дағдыларын дамыту (ертегі сабақ)

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

№5 орта мектебі

МАД тобының тәрбиешісі

Камила Қойшыбайқызы Рейм.

Сабақтың тақырыбы: Буынға бөлейік

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Сөздердің бір буыннан тұратынын білдіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын білдіру.

дамытушылығы: Балалардың ойлауын, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, алғырлыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада дайындалған слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Қайырлы күн жер Ана!

Қайырлы күн достарым

Сіздерді көргеніме қуаныштымын!- деп балалар бір- біріне қарап күлімсірейді.

Балалар біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

  • Балалар, ертегі көргенді жақсы көресіңдер ме?

Ендеше біз «Мақта қыз бер мысық» ертегісін тыңдайық.

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін динап жүріп бір мейіз тауып алады.

Мейіз тапсырмасы: Құлпынай теру

Өте жақсы, балалар, мейіздің тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Мейізді мысыққа бермекші болып мысықты шақырады. Мысық келмейді. Мақта қыз ашуланып мейізді жеп қояды. Мақта қыз мейізді жеп болған соң мысығы келеді. Мысық мені неге шақырдың?- дейді. Мақта қыз үндемейді. Мысық ертегісін Мақта қыздың қатығын төгіп тастайды.

Қатыққа тапсырма: Қайсысы артық?

Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

  • Мақта қыз менің құйрығымды берші- дейді. Мақта қыз қатығын сұрайды. Сүйтіп мысық қатық іздеп жолға шығады. Қатық сұрап сиырға келеді. Сиыр қатықты оңтайлықпен бермейді. Сиырдың қатығын алу үшін мысыққа көмейтесейік.

Сиырдың тапсырмасы:

«Буындардан сөз құра»

Балалар енді сиыр оңайлықпен сүтін бере қоймайды. Сиыр маған қарным ашып тұр, маған жапырақ бер, -дейді. Жапырақ алу үшін, талға келеді.

Ағаштың тапсырмасы: «Буынды жалғастыр»

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі.

Тал одан су сұрайды. Мысық қыздарға келеді.

Қыздардың тапсырмасы: «Буындардан сөз құрастыр»

Қыздар мысықтан сағыз сұрайды. Сағыз алу үшін дүкеншіге барады.

Дүкеншінің тапсырмасы:

Дүкенші мысықтан жұмыртқа сұрайды. Жұмыртқа алу үшін тауыққа барады.

Тауықтың тапсырмасы: «Сөйлемді жалғастыр»

Тауық тары сұрайды. Мысық не істерін білмей тұрғанда алдынан тышқан шығады. Тышқанды қорқытып, тары алады. Тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды талға береді. Тал жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда буындардан сөз құрадық, буындарды жалғастырдық, дауысты дыбыстарды таптық, сөйлемдерді жалғастырып, ребустар шештік.

Бағалау. Оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ертегі сабақ: Б дыбысы мен әрпі - дыбыстық талдау, буынға бөлу және оқу-жазу дағдыларын дамыту
Ашық сабақ: Бассейнде - 1А сынып. Сөздік қор мен сөйлеу дағдыларын дамыту
Тіл дамыту сабағы: Буынға бөлу және дыбыстық талдау
Менің атам: сөздік қорын байыту мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту
3-сынып: Көктем тақырыбы бойынша сөздік қор мен ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Ойын технологиялары арқылы оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын дамыту
How are you feeling? тақырыбындағы сабақ жоспары: денсаулыққа қатысты сөздік, грамматика және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Күн көзін бұлт баспасын өлеңі арқылы сөздік пен сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Бейнелі сөздердің орны мен диалог арқылы сөйлеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? - ертегіні талдау арқылы оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz