Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балалар қолдарыңмен құмды

Алматы облысы
Қаратал ауданы
№97 балабақша

«Айна» тобы.

Тәрбиеші: Кадырова Ажар Орманбекқызы.

2012ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным, Қатынас.

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Көркем
әдебиет,Айналамен таныстыру..

Тақырыбы:«Құм қаласына саяхат»
Мақсаты: Білімділігі: Өткен сабақтарда өткен математикалық ұғымдарды
бекіту, Математикаға деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа
тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік : Құм қаласы, ойыншықтар , пирамидалар.
Қос тілдік компонент: Құм – песок,
|Әрекет |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
|Мотивациялық |Шаттық шеңбері |Балалар бір біріне |
|қозғаушы |Қол алысып, кәне біз, |қолдарын беріп шаттық |
| |Достасайық бәріміз |шеңберді айтады. |
| |Айтарым бар сендерге, | |
| |Тез тұрыңдар шеңберге. | |
| |Қандай жақсы бір тұру, | |
| |Достарменен бір жүру! | |
|Іздену- |-Мен сендермен бірге алыс бір |Балалар келіседі. |
|ұйымдастырушы |сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым | |
| |келеді. Сендер менімен бірге | |
| |барасындар ма? | |
| |Ол қала жәй қала емес, құмдар | |
| |қаласы. Ол жерге бару үшін мына | |
| |сөздерді қайталайық, қолдарыңды | |
| |алдыға созыңдар. | |
| | |Балалар қолдарын созып |
| |Алақанға қараймыз |өлеңді бірге қайталайды.|
| |Жылы сезім табамыз. | |
| |Ақылды болып өсеміз, | |
| |Биіктерге жетеміз. | |
| | | |
| |Құмның бетіндегі матаны алады. |Балалар таң қалады. |
| | | |
| |Балалар сендермен бірге құм | |
| |қаласындағы саяхатымызды | |
| |бастаймыз. Бұл жерде сендер | |
| |ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, | |
| |қазір сендер ең ақылды , | |
| |іздемпаз балалар боласыңдар, бұл| |
| |қаланың адамдары сендер қандай | |
| |бала екендеріңді білмей жатыр. | |
| |Кәне қандай бала болуға болады. | |
| | | |
| |-Ашуланған бала | |
| |-Жылауық бала | |
| |-Таңқалған бала |Балалар әр түрлі көңіл |
| |- Күлген бала |күйді көрсетеді. |
| |Мінекей қараңдаршы құм баласында| |
| |да күлген ақылды балаларды жақсы| |
| |көреді. | |
| | | |
| | | |
| |Ақылды бала туралы кім маған | |
| |тақпақ айтып береді. |Мен ақылды баламын |
| | |Айтқан тілді аламын |
| | |Анам нанға кеткенде |
| |Ал кір қожалақ кір бала туралы |Үйде жалғыз қаламын. |
| |не білесіңдер? | |
| | |Анау бала |
| | |Бетін қара, |
| | |Кір – қожалақ қап- |
| |Балалар сендерге бір айта |қараша Тырнағы өскен |
| |кететін жағдай. |Шашы көптен |
| |Құмды ауызға салуға болмайды |Алынбаптау масқара! |
| |Шашуға тағы да болмайды | |
| |Жеуге болмайды келісеміз бе? | |
| | | |
| |1.Балалар құмды |Балалар келіседі. |
| |алақандарыңмен ұстаңдар қатты | |
| |ма жұмсақ па? | |
| | | |
| |Құрғақ құм ба, су құм ба? | |
| | |Балалардың жауабы. |
| |2. Балалар құмды да өзіміз | |
| |сияқты күлдірейікші. | |
| | | |
| | | |
| |3. Балалар қолдарыңмен құмды |Балалар сұқ |
| |алыңдар да ақырындап тырс – тырс|саусақтарымен құмда |
| |жеп жаңбыр жаудырыңдар. |жыланша ойнайды. |
| | | |
| |4. Балалар сендер білесіңдер ме |Балалар құмды жаңбыр |
| |осындай жаңбыр қатты жауып |етіп ойнайды. |
| |ойыншықтардың барлығы құмның | |
| |астында қалып кеттіпті. Кәне | |
| |іздеп шығарайық. | |
| | |Балалар құмның ішінен |
| |-Қандай пішін? |ойыншық іздейді. |
| |-Түсі қандай? |Пирамиданың |
| |-Пирамиданың қайсы |дөңгелектерін табады. |
| |үлкен, қайсы қысқа. -Пирамиданың| |
| |қайсы ұзын, қайсы қысқа? | |
| |Қандай пішіндерді жинадық? |Балалардың жауабы. |
| | | |
| |Балалар мен мына бір хатты тауып| |
| |алдым. Хатта | |
| |Балалар сендер мына | |
| |ойынды бізге ойнап | |
| |көрсетіңдерші, құм жаласының | |
| |балалары депті | |
| | | |
| |«Көңілді адамдар» |Балалар хатты тыңдайды. |
| |Мақсаты: Қандай түсті адам | |
| |болса, сондай түсті пішіндерді | |
| |жинау. | |
| | | |
| |Балалар қараңдаршы мына |Ойын ойнайды. |
| |кішкентай біздің достарымызда | |
| |бір жылауық баладан қашып «Құм | |
| |қаласына» қонаққа барғысы келеді| |
| |екен. Олардың баруына біз | |
| |көмектесе алады екенбіз осы |Аю отыр партада |
| |достарымыз туралы тақпақ айтсақ|Екі қолы қалтада |
| |оларды кіргізеді екен.. |Апай сабақ сұраса |
| | |Ұйықтап қапты масқара |
| | | |
| | | |
| | |Пеш үстінде мысық отыр. |
| | |Екі көзін қысып отыр |
| | |Тышқан етін жегісі кеп |
| | |Оның тісі қышып отыр. |
| | | |
| | | |
| | |Қояным тұршы, |
| |Дұрыс балалар енді апарып құмның|Бетіңді жушы |
| |ішіне достарымызды жылауық |Айнаға қарашы |
| |баладан тығып қойалық. |Шашыңды тарашы. |
| | | |
| |Балалар біз «Құм қаласында» | |
| |ойнадық, қыдырдық енді бізде | |
| |өзіміз әкелген сыйымызды тастап|Достарын құмның ортасына|
| |кетейік. Топта жасаған |тығады. |
| |гүлдерімізді құм қаласына | |
| |отырғызайық. |Гүлдерді қондырады. |
|Рефлексивті |Балалар бері келіңдерші кәне | |
|коррекциялаушы |алыстан | |
| |«Құм қаласын» көрдіңдер ме? |Көрдік |
| |Ұнады ма? |Ұнады. |
| |Онда біз не істедік. |Ойнадық, тақпақ айттық, |
| |Олай болса «Құм қаласына » |ойыншықтар іздедік. |
| |рахмет айтайық |жинадық |
| | | |
| |Кәне қолымызды құмға созып екі | |
| |алақан ортасында доп тұрғандай | |
| |домалақтайық. | |
| | | |
| |Енді қолымызды жүрегімізге қойып| |
| |«Рахмет саған құм» деп айтайық. | |

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Құмның ерекшелігі туралы түсінікті

Меңгеру керек: Өткен сабақтарда өткен ұғымдарды пайдалануды, пішіндер
туралы түсініктер және түстерін.

Істей алу керек: Жұмысын аяқтай білуді..

Картаны толтырған: Кадырова А.О.

Ұқсас жұмыстар
Құм терапиясы
Кел, балалар, оқылық. заттың қимылын білдіретін сөздер
Есепті әртүрлі әдістермен шығару
Чч дыбысы мен әріпін таныстыру
Қар. сафуан шаймерденов. әдебиеттік оқу, 3 сынып
Отбасы оқиғалары жаттығуы
Жасыл қала, таза қала-Талдықорған
Менің отаным-туған өлкем! көркем әдебиет. ортаңғы топ
Ана тілі. түлкі мен тиін.(ә.асылбеков) 2-сынып
Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес
Пәндер