Түбір және қосымша: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

БҚО Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы
Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша
Сабақтың мақсаты: а/ балаларға сөз құрамы соның ішінде түбір және
қосымшалары туралы кеңірек мағлұмат беру;
ә/ ұқыптылыққа, жинақылыққа, ширақтылыққа, таза
жаза білуге тәриебелеу;
б/ сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру
Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау
Сабақтың көрнекілігі :интерактивті тақта, суреттер, кестелер, топшамалар
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі :
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау
ІІ. Қызығушылықты ояту
- балалар қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/
Жұмбақ
Қыста жер бетiн жабады,
ал көктемде су болып ағады. (қар)
Көркем жазу
Балалар «қар» сөзін көркем етіп жазады
ІІІ. Мағынаны тану
Көру диктанты
1-жаттығу.
Ақыл сөз
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
- Берілген өлеңді сөз құрамына талдау.
- Оқушылардан А. Құнанбаев туралы сұралады
- Өлеңді жатқа жазу
Тақтамен жұмыс.
2-жаттығу.
Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып жазу.
Сурет/шы, ші/, дәрі/хана, қана/, өнер/лы, лі/, қала/лық, лік/, дос/тық, тік/
3-жаттығу /топпен жұмыс/ Өлеңді мәнерліп оқы.
Мен ғарышкер боламын.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын. .
Мен ғарышкер боламын!
Ітоп
- ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап
ІІтоп
- ғарышкерлерден кімдерді білесің?әңгімеле
ІІІтоп
- ғарышкер сөзіне сөйлем құрау
Семантикалық кесте « Сөз құрамы»
Өсімдіктер
Түбір сөз
Қосымша
Орындық
Теңіз
Етік
Қобызшы
Дәптер
Жаңалық
Қаздар
Бишілер
Арба
Ойыншық
5-жаттығу
Сабырлы- асықпай, ойлап іс істейтін адам
Өнегелі- көпке жақсы үлгі таратушы.
Атақты- бүкіл елге сыйлы, белгілі
ІҮ. Қорытынды.
- иә, балалар бгін біз қандай тақырыпты қайталадық? /түбір және қосымша/
- сіздер кімсіздер? /біз оқушылармыз/
- ендеше қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
Ү. Үйге тапсырма.
4-жаттығу, ереже жаттау
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап
ҮІ. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқын балалар бағаланады
Оқушының
аты-жөні