Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл құнарлы ырғақты дамыған қарапайым сөйлеу тілі жергілікті сөйлеу тілі әдеби тіл



Ақтөбе қаласы
№2 мамандандырылған орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Искакова Г.С.

10 класс Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: “Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі”.
Сабақтың мақсаты: а) Тілдің ұлттық құндылықтарын анықтап, кеңінен, жан-
жақты ашып, дәлелдеу
ә) Сұрақ-жауап, дәлелдеу, кеңейту, эссе, мысал арқылы дамыту.
б) Ана тілін қадірлеп, қастерлеуге,терең ұға білуге, таза, мәдениетті
сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру (қызығушылығын ояту)
ІІ Мағынаны ашу.
ІІІ Ой толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, қима-қағаздар,электронды оқулық.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, табиғаттану, адам және қоғам.
Жаңа сабақ: Қызығушылығын оятуға арналған логикалық жұмыс.
Үй тапсырмасын еске түсіру сұрақтары
1. Дамыған тілдің негізгі белгілері не? (сөз байлығы)
2. Үшендік (триадалық) жүйе құрамы? (бейтарап, кітаби, сөйлеу)
3. Сөздің алуан түрлілігі сөз несін көрсетеді?
4. Әдеби тіл (кітаби тіл, сөз сөйлеу тілі) стиль түрлері.
Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар нелер?
Елтаңба, Әнұран, Ту
Ұлт боп жаратылу үшін басты қажет құрал?
Тіл, дін, дәстүр
Қазақ тілі қандай тіл?

1. Дәлелдеу. Сұлу, көркем, келбетті,кескінді, реңді,
арайлы, шырайлы, жүзді.
2. Қазақтың уақыт белгілері:
Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең, таң, таңертең, құланиек, құлан
сәрі, таң сәрі, сәске, сәске түс, ұлы сәске, түс, тал түс, бесін, кіші
бесін, құлама бесін, намаздыгер, ақшам, ымырт, кеугім, намазшам, кеш, түн,
іңір, қызыл іңір, жарым түн, таңға жақын.
3. Уақыт өлшемдері:
Ат шаптырым, сүт пісірім, шай қайнатым.
4. Қашықтық өлшемдері:
Таяқ тастам, қозы көш, ат шаптырым, ит өлген жер.

Жалпыхалықтық қазақ тілінің түрлері:

Байырғы әдеби тіл (жыраулар әдебиеті) Шағатай тілі, ескі кітаби
тіл.
Қазақ тілі “өз буына өзі семіріп, өз қазанында ғана қайнаған тіл
емес”. Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс- берісі бар.
Қазақ тілінің қолданысына кірген сөздер немесе сөз құрамы.
Жеке-жеке мысал келтіру

1. Әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің дамуы үшін тіл қандай болу
керек? (шұрайлы,түсінікті,икемді,өткір,ішкі қуаты мықты).
2. “Тұғыр” деген сөзді түсіндір. (орныққан жер немесе тұғырына тігілді)
3. Үш тұғырлы тілге қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын).
Кім айтты?
Ана тілің арың бұл Әр заманда
бағасы жойылмайтын,
Ұятың боп тұр бетте. бір үлкен
қымбат қазына боп табы-
Өзге тілдің бәрін біл, латын ғылыми
әдебиет жаныры
Өз тіліңді құрметте. жасалады.

Аудару:
қазақша орысша
ағылшынша
тіл язык
language
Отан Родина
Motherland
жер земля
Earth
білім знание
knowledge
арман мечта
dream
мақсат цель
purpose
ту флаг
flag

Шекер сөзінің тарихына үңілу.
Тарихы: Үнді, Қытайда пайда болған.
Қазақ тіліндегі синонимі: шекер, қант, тәтті, шақпақ шекер.
Сіздердің қолданыстарыңыздағы (кірме, жаргон, қыстырма) сөздерді ата,
мағынасын түсіндір.
Тілге қатысты аңыздар:
Басқа пәле неден? (Сырымның жауабы).
Дүниеде не тәтті?
Пысықтау сұрақтары:
1. Тілді жасаушы кімдер?
2. Үш тұғырлы тіл неге қажет?
3. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақстан Республикасының
мелекеттік тілі.
Үйге тапсырма: 36,37 жаттығу.
“Тілін жоғалтқан ұлт (этнос) тағдыры” атты эссе жазу.

№2 мамандандырылған орта мектеп

Тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ

«Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі»

Дайындаған: Искакова Г.С.

Ақтөбе қаласы 2008-2009 о.ж.
-----------------------
бай

тұтастығы
нығайтған

көркем

Тіл

құнарлы

ырғақты

дамыған

қарапайым
сөйлеу тілі

жергілікті
сөйлеу тілі

әдеби тіл

Кірме сөз

Диалект сөз

Жаңа сөз

Сөз
құрамы

Термин
сөздер

Көнерген сөз

Қысқарған сөз

Тұрақты
тіркес

Біріккен сөз

Қос сөз

Кәсіби сөздер

Ұқсас жұмыстар
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Ағылшын тілінен 9-11 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктері
Сөз мағыналары
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар
Әдеби тіл нормасы
Анамның тілі - алтыным менің
Практикалық қазақ тілі
Пәндер