Ертегілер туралы түсінік және түрлері: 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер туралы түсінік
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығымды дамыту, ертегі оқуға деген қызығушылығымды арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сөздік, көрнекілік, жартылай-ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, эйлер дөңгелегі, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.
Ресурстары: интерактивті тақта, 5 сыныптық оқулығы авторы:Ә Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. Алматы «Атамұра» 2010
Мазмұны: 1. Ертегі туралы түсінік, оның түрлері
Морфологиялық карта
ҰБТ, ОЖСБ,
5-11 сынып әдебиеті
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
- Ұйымдастыру
Кезеңнің міндеті - оқушылардың психологиялық дайындығы, сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.
- Тақырыпқа енгізу
1 - деңгей білім
«Қане жауап ізделік»
- Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?
- Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Мақал - мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?
- Мақал мен мәтелдің айырмасын айт?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
ІІ деңгей. Түсіну
1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
- Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
- Өнер алды - қызыл тіл
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)
ІІІ деңгей Қолдану
1) Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады. )
мақал - мәтелдер жұмбақтар Батырлар жыры
Тұрмыс салт - жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар
2) Мына сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел жазыңдар.
Отан, жер, еңбек, оқу, тіл, білім
3) Эйлер дөңгелегі арқылы қарама - қарсы мағыналы мақал-мәтелдерді көрсетіңдер
Оқулықпен жұмыс. 26-27 бет
ІV деңгей Талдау
Мұғалімнің сөзі. Мына суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.
- ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?
Толықтыру (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр. Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі, тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты жатыр. )
Оқулықпен жұмыс 34-35 бет
- Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
- Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр
Ертегілер
Хайуанаттар туралы
ертегілер
Қиял - ғажайып
ертегілері
V деңгей. Синтез
(Шежіре ағашы) Геанологическое древо
Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы) .
Діңі - Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандайды ( мәселе - адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)
Сабағы - ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т. б. )
VІ деңгей бағалау.
«Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері маған неге ұнайды?» тақырыбында шағын ертегі жазу.