Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығарма аворы

Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен көркем әдебиетті оқыту ізденістері.
Тіл байлығы- ой байлығы. Ой байлығын дамытатын, қуаттайтын- көркем әдебиет.
Бастауыш сыныпарда оқушының тілдік қорын байытудың басты бағыты – көркем
әдебиет. Ертегі,тақпақ,жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ән мен күй әуендерін
тыңдату, көркем шығарма жанрларын айыра білуге үйреу-ұстаздың қажырлы
еңбегінің үлесінде.Бұл мұғалімге үлкен шеберлік пен үлкен жауапкершілікті
жүктейді.Бастауыш сынып оқушылары «Әліппені» оқып үйренгеннен- ақ түрлі-
түсті , оқиғасы қызық,көркем кітаптарды өз бетімен оқи бастайды.
Кейіпкерлердің қызықты оқиғаға толы өмірлері,олардың бастарынан кешкен
түрлі жағдайлар балаларды өз әлеміне тартып, елікіреді. «Әдебиет оқушының
ақыл- сезімін тәрбиелеп, жетілдіруден басқа сол оқушыға қазақ деген елдің
өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуы керек.»деген заманымыздың ұлы
жазушысы М. Әуезовтің сөзін жадымызда ұстай отырып, оқушымыздың әдеби
шығармаға деген қызығушылығын арттыруға қажетті жұмысты жандандыру қажет.

Ойымыз дәлелді болу үшін Қ.Жұмаділовің «Дарабоз» туындысын алайық:

|Шығарма аворы|Қысқаша мазмұны |Оқиға қай кезде өткен |
|Қ.Жұмаділов |Атақты Қабанбай батыр, |Жоңғар шапқыншылығына |
| |оның ерлік жолы, батырдың |қарсы күрес кезі. |
| |Қабанбай атануы. | |

|Басты |Олар туралы не білесің |Әңгіменің өзіңе ұнаған |
|кейіпкерлер | |жері |
|кімдер | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

Кейіпкерлер туралы білетіндерін сұрап, оларды толықтыру мақсатында
энциклопедия, мерзімді басылымдарды , мақалаларды қарап,өздігінен жұмыс
істеуге уақыт беріледі Енді кейіпкердің негізгі қасиеттерін ашып көрсету
мақсатында келесі сызбаны ұсынуға болады:

.

Енді оқушының мәтінмен танысып, өз пікірлерін айтуы барысында зейін-
зерделеріне бағдар берген соң,мәтінмен жұмыс барысында тереңірек үңіліп,
Мазмұнын игеруге ықпал ету мақсатында сөйлемдермен жұмыс бағыттарын
ұсынамын.

|Мәтінен үзінді |Мағынасын түсіндір |
| |(қарамен жазылған сөзге |
| |назар аудар) |
|Ауылдағы жеңгелері ат |Маған да жеңгелерім |
|қойды |Еркетай деп ат қойған |
| | |
|13 жаста-ақ бойы |Күлік дегенді білмедім, |
|үлкендермен теңесті,ол |мүмкін аттың түрі шығар. |
|мінген тайларының белін | |
|қайыстыратын және | |
|екітізесі күліктің мойнын | |
|қағып жүретін. | |

Кітапта берілген тапсырмамен жұмыс мұғалімге берілген бағдар, оқушы білімін
нығайту мақсатында жетілдіре түсу – ұстаз шеберлігінің бір қыры. Кітап
тапсырмаларын орындаған соң, қосымша сөздермен түсіндірме сөздік арқылы
жұмыс істеуді мақсат тұттым.

| |
|Сөздер Мағынасы |
| | |
|Күлік | |
| | |
|Адырна | |
| | |
|Дуалы | |
| | |
|Ойрат | |

Сабақ соңында ой-түйін ретінде төмендегідей сұрақтарға сүйеніп, шағын
5-6 сөйлем пікірін жазуды тырысамын.
«Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген аталы сөз бар. Яғни, бала
бойына қазақ тіліндегі қазақ әдебиетін қасиетті сүттей сіңіре білсек, бұл
мақалдың тегін айтылмағаны. Бала тәрбиесі өзінің халықтық тәрбие
негіздерінен қол үзбей дамып, бүгінгі білім кеңістігінің жетістіктерімен
қарулануы керек.

№ 44 орта мектеп

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен көркем әдебиетті оқыту
ізденістері.

Оқыған: Исина Ж.Қ.

2012-2013 оқу жылы

-----------------------

Маған ұнаған қасиеттер

???

???

???

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары
Шығарма арқауы
ҚАЙ КЕЙІПКЕР
Күз көрінісін бейнелеу
"Натюрморт түстік шешімін табу."
Әдеби шығарма сюжеті
Тілдік мақсат
Құстар біздің досымыз жайлы
Әмірқанның ұрыларға кездескен сәтін бейнеле
Текстильдік аппликация. 10-сынып
Пәндер