Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы және есептерге қолданылуы

9 сынып. Алгебра пәні. Пән мұғалімі: Исаева Гүлжауһар

Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қорытып шығара отырып, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, формулаларын сатылай, жүйелі, комплексті меңгерту.

2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерін, танымын дамыту. Алған білімдерін өз бетімен қорытындылауға, өмірде қолдана білуге үйрету.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың ұйымшылдығын, белсенділігін арттыру. Өз бетінше оқуға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Театрландырылған-шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту, тест алу, мағынаны тану, ой қорыту, топтастыру стратегиясы, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тест, шығармашылық есеп материалы, шахмат, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару

ә) сыныпты екі топқа бөлу

б) сабағымыздың ұранын айтқызу: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» М. В. Ломоносов

2) Үй тапсырмасын сұрау

А) Танымдық деңгей: - Арифметикалық және геометриялық прогрессияға тізбек құра және ол тізбек жайлы толық мағлұмат бер.

І топқа: 1-ден 30-ға дейінгі сандар аралығы бойынша

ІІ топқа: 1-ден 40-қа дейінгі сандар аралығы бойынша

1. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?

2. Айырмасы, формуласы

3. n-ші мүшесінің формуласы

4. Қасиеті, формуласы

5. Алғашқы n мүшесінің қосындысы, формуласы

1. Геометриялық прогрессия дегеніміз не?

2. Еселігі, формуласы

3. n-ші мүшесінің формуласы

4. Қасиеті, формуласы

5. ?

-Балалар, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты білесіңдер ме? Онда 20 ұяшық бар. 2 ұяшық-қазына, тастарды жинау үшін қолданылады. 18 ұяшықта 162 тас бар. Бұл ойынға 2; 18; 162 сандары қатысады. Бұлар қай прогрессияны құрайды? Неге? (геометриялық прогрессияны, мүшелері 9 есеге артып отыр)

Ә) Алгоритмдік деңгей: Құрылған тізбек бойынша есептеу жұмыстарын жүргізу

І топ: d=? a 5 =? a 3 =? S 5 =? ІІ топ: q=? в 5 =? в 3 =?

3) Жаңа сабақ:

Аңыз бойынша үнді патшасы Сирам мен өнертапқыш Сета арасындағы оқиғаны көрініс арқылы баяндау (3 оқушы)

-Патшаның Сета өтінішін орындай алмау себебін бүгінгі жаңа сабағымызда білетін боламыз. 64 шаршының бәріне қажетті астық мөлшері төмендегі сандар қатарының қосындысына тең:

S n 1 + в 2 + в 3 +…+ в n Бұған n-ші мүшесінің формуласын пайдалансақ:

S n 1 + в 1 q+ в 1 q 2 +…+ в 1 q n-1 Бұл теңдіктің екі жағын да q-ге көбейтсек:

qS n 1 q+ в 1 q 2 + в 1 q 3 +…+ в 1 q n теңдігі шығады. Мүшелеп азайтсақ:

qS n -S n 1 q n 1 ; S n (q-1) =в 1 (q n -1) ; S n 1 (q n -1) /(q-1) -геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.

(ережесін балалар өздері қорытады)

-Енді, балалар, Сетаның қанша астық сұрағанын өздерің формула бойынша есептеп табыңдар:

S=2 64 -1=18 446 744 073 709 551 615 бидай дәні (20 таңбалы сан)

1 дән 9грамм болса, жуықтап 10грамм деп алсақ, бидай массасы триллион тоннадан асады (1 844 674 407 370т)

-Үлкен сандардың жазылуымен танысып өтейік:

10 9 - миллиард

10 12 - триллион

10 15 - квардиллион

10 18 - квинтиллион

10 21 - секстиллион

4) Сабақты пысықтау

Б) Эвристикалық деңгей: Тест (оқулықпен жұмыс)

Тапсырмалар
Жауаптар
Берілгені
Табу керек
А
В
С
№: №222
Тапсырмалар: в 1 =10, q=2
Жауаптар: S 10
10230
10200
10105
№: №223
Тапсырмалар: в 8 =2, 56, q=2
Жауаптар: в 1
0, 2
0, 02
2
№: №226
Тапсырмалар: в 1 =√6, в 2 =3√6
Жауаптар: S 4
40√6
36√6
46

В) Шығармашылық деңгей:

І топқа : ΔАВС - теңқабырғалы. АВ=4см. Қалған үшбұрыштардың қабырғаларын тауып, өспелі тізбек құра. Мүшелерінің қосындысын тап.

В

М N

А С

P

ІІ топқа : Ежелгі Мысырлықтардың папирусына мынадай сөйлем жазылыпты: «7 үйдің әрқайсысында 7 мысық бар, әр мысық 7 тышқан жейді, әр тышқан арпаның 7 масағын жейді, әр масақта 7 өлшем арпа өседі». Осыған геометриялық прогрессия тізбегін құра.

5) Сергіту сәті: Мына кестеде шахмат тақтасының бір бөлігі берілген. Ойын ережесі бойынша жүретін болсақ қазақ математигінің нақыл сөзін оқимыз.


Ұқсас жұмыстар
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы
9-сынып: геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Арифметикалық прогрессия: алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы
§13 Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы
9-сынып: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар - геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы
9-сынып: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы бойынша сабақ жоспары
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу: формула мен практикалық есептер
9-сыныпқа арналған алгебра сабағы: геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы және n-ші мүшенің формуласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz