Тіл сындырып әріпке

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Шәкәрім атындағы облыстық

үш тілде оқытатын

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Исабекова Ляззат

Сұлтанмұратқызы

«Әліппе-білім бастауы»

Оқушылар музыкамен кіреді.

Хор: Қазақстан

Барысы:

Мұғалім:

  1. оқушы шығып қазақша, орысша, ағылшынша тақпақ айтады.

1-оқушы:

Армысыздар, ата-аналар,

Армысыздар, балалар

Сөзіме құлақ салыңдар

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз

2-оқушы:

Да здраствует, родители!

Добро пожаловать, дети, на наш праздник!

Разрешите начать наш великолепный праздник,

Все наши песни и танцы посвящаются этому празднику!

-Бүгінгі біздің мерекеміз тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен сәйкес келіп тұрғанына қуаныштымыз.

1. Тәуелсіздік кіндігі

Кескен халық бірлігі

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.

1-оқушы Уа, халайық-халайық

Мұнда назар салайық

Білімді қарсы алайық

Бәріміз қол соғайық

Білім ханшайымын қарсы алайық

Ортаға Білім ханшайымы шығады.

Білім Күн нұрындай Біліммін.

ханшайымы: Күнімін мол білімнің

Құттықтаймын достарым,

Құтты болсын ұлы той!

Білім ханшайымы: Балалар мерекелеріңіз құтты болсын, мен

(балалар қол соғып сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

қарсы алады) Айтыңдаршы!

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,

Ол-сүйікті әліппе!!!

Білім ханшайымы: Ал, балалар әліппе жайлы не білесіңдер?

Соны айтып беріңдерші.

1-оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2-оқушы: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе - білім бесігі

3-оқушы: Әліппе сауатыңмен санамды аштың

Достарыммен теңдес араластым

Үйреніп әріптер мен әңгімені

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

4-оқушы: Әліппем, менің - әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

5-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді

6-оқушы: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес алыс жол

Тырысып бақ намысқа

7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет, ұстаз, алғашқы.

8-оқушы: Бүкіл қазақ баласы әріптелген,

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

9-оқушы: Апам менің, әкем де,

Атам менен ағам да.

Шопан, ұшқыш ғалым да.

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе.

Қош бол, құтты әліппе

Хормен: Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Білім ханшайымы: Балалар, жаттаған өлеңдерің жақсы екен,

әліппені оқып, не үйреніп не білдіңдер?

Білімдеріңді көру үшін бүгін барлық

сабақтарыңа қатысайын.

1-ші сабақ қай сабақ?

(қоңырау соғылады)

Ән: Әліппе

Білім ханшайымы: Әліппеден қанша әріп үйреніп жаздыңдар?

Оқушылар: 42 әріп

Білім ханшайымы: Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс

үйрендіңдер?

Оқушылар: 15 дауысты дыбыс, 25 дауыссыз дыбыс.

Білім ханшайымы:

«Т»: Тәуелсіздік толғауы

Тәуелсіздік ата-баба арманы

Тәуелсіздік жеңісі елді шарлады.

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!

«Ә»: Ата-баба жерінің

Қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен

Әліппесін өмірдің.

«У»: Тау дәу,

Дәу тау

«Е»: Ертіс, Есіл, Еділім

Туған жердің көркісің!

«Л»: Л әрпіне мақал-мәтел айтайын

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

«С»: Сара келіп сабақтан

Сан шаруаны тындырды.

Самаурынға салатын

Сексеуілді сындырды.

«І»: Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

«З»: Зау-зау заңғар заңғарлар,

Замандар бар, заңдар бар

З-да барлық заңдылық

Заңда з мен заң болар!

«Қ»: Қайратым-қайсарым

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздары-ай

«Елім-ай» деп егілген

Қайратым мен жастар-ай.

«А»: Астана-ел ордам

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!

«З»: Оқу инемен құдық қазғандай

«А»: Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

«Қ»: Қарағанды көмірі

Қостанайдың егіні.

Даласындай жомарт қой

Қазағымның көңілі.

«С»: Жағасында Ертістің

Семей деген қалам бар

Туған мұнда атақты

Абай, Мұхтар, бабалар

«Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан

Қылышты жаумен қырқысқын

Ең ежелгі астана

Қасиетті Түркістан!

«А»: Піскен алма топ-топ түсті,

Топ-топ түсті, көптен түсті

«Н»: Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Мұғалім: Өте жақсы балалар, ал енді қандай сөз

Шықты? Кім оқып береді

Хормен: Тәуелсіз Қазақстан

Білім ханшайымы: Рахмет, әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ал енді барлық ғылым бастауы-математика сабағына кіремін. Сендердің математиканы қалай меңгеріп жатырсыңдар, соны сынап көрейін деп логикалық есептер математикалық жұмбақтар әкелдім, қане шешіп көрелік.

Математикалық санамақ:

Білім ханшайымы: Бір дегенің-бесігіңді түзедің

Екі дегенің-егеменді ел дедің

Үш дегенің-ана тілім асылым

Басқа тілден мәртебесін асырдың

Төртіншіңіз төреліктен таймаған

Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған

Бес дегенің-берекелі болғаны

Алты дегенің-ұраның айбынын асырған

Жеті дегенің-ту ұстадың көгілдір

Сегізінші-салт-дәстүрің оралған

Тоғызыншы-атың кетті алысқа

Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа

Он дегенің-орындалып арманың

Тәуелсіздік мерекеңді тойладың

1-жұмбақ: Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің.

Нешеу болды, кәне бол?

Санап шығар кім бұрын? (6)

2-жұмбақ: Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, екі арыстан

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (9)

3-жұмбақ: Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

Бір алма атама

Бір алма апама

Нешеуін алады,

Нешеуі қалады? (3)

4-жұмбақ: Қанша қоян аулада

Сонша тауық айлада.

Аяқтары он екі

Санап көрші, кәнекей? (2қ, 2т)

Білім ханшайымы: Жарайсындар, рахмет, сабақты жақсы


Ұқсас жұмыстар
Әліппемен қоштаспақ балаларың
Білімнің бастауы болған Әліппеден
Қош болыңдар балалар
Мұғалім сөзін буынға бөл
Шуағын төккен 4 жыл (бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)
Әліппе кезеңінде алған білімдерін көрсету
Әліппе - білім бастауы жайлы
Қош, сүйікті Әліппе
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем
Қош бол, менің қасиетті әліппем ( ертеңгілік )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz