Жас қырандар тобы

Төлеби ауданы №4 Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде өтетін облыстық семинар аясындағы “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың сценарийі

Идея авторы: мектеп директоры Бейсенова Ғалия Дайрабайқызы

Сценарийін жазған: дир. тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандыбаева Ләззат Төребекқызы

Өтілетін орны : мәжіліс залы

Өтілетін мерзімі : 29 сәуір 2011 жыл

Жүргізушілер:

  1. Жұмалітегі Дәулет
  2. Сапарбаева Әсел

Жүргізушілер фанфармен ортаға шығады.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Ассалаумағаллейкум, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Әсел:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі облыстық семинар аясындағы “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер дейміз.

2-Жүргізуші, Әсел:

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту
  2. Кәсіптік деңгейін арттыру
  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету

Мектеп мұғалімдері еңбек өтіліне қарай 3 топқа топтастырылды.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-7 жылға дейінгі мұғалімдер.

2-топ, орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі 8-17 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.

3-топ, жоғары буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 18-28 жыл аралығындағы мұғалімдер топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30-40 жыл аралығындағы мұғалімдер ардагер ұстаз ретінде қазылар алқасы құрамынан орын алды.

2-Жүргізуші, Әсел:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1 -топ, жас буын өкілдері «Жас қырандар» тобы , бұл буынның ерекше белгісі - жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы , бұл буынның ерекше белгісі - қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы , бұл буынның ерекше белгісі - сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.

1-жүргізуші, Дәулет:

Бүгін сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Ахтаев Мұхтар Бексултанович - Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйесін жетілдіру технологиясы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  2. Тамара Махалқызы - орталықтың басшы кадрлар кабинетінің басқарушысы
  3. Құрманбекова Шарапат - орталықтың басшы кадрлар кабинетінің әдіскері
  4. Сұлтанқұлов Әбдіжаппар - аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы
  5. Тұрғанова Ақмарал Жақсыбайқызы - аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
  6. Елеуісова Әлиза Қалмаханқызы - мектептің ардагер ұстазы, химия пәні мұғалімі
  7. Сахаева Тоқсұлу - мектептің ардагер ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі
  8. Елібаев Саин Әбдікерімұлы - мектептің ардагер ұстазы, дене шынықтыру пәні мұғалімі

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ түсті шарфты ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, сахнадан шығарып салайық.

2-Жүргізуші, Әсел:

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

  1. Еркін тақырып.
  2. «Қол жетті, міне, аңсаған күнге . . . »
  3. Менің ұстаздық кредом . . .

ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр . . . ол мынадай бөлімдерден тұрады . . .

  1. Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті (3 мин)
  2. Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин)

(Мұғалім - кеше, бүгін, ертең)

3. Панорамалық сабақ (5мин) «Жаңашылдық жолында», Әрбір сабақ ақ жауын болып жауады.

4. Тосын тапсырма (5мин)

3 командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер таратылып беріледі.

Команда мүшелері бұйым жасайды, оны қорғайды. Әр командадан 6 адам қатысады.

5. “Мұғалім болу қандайды? . . . ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин)

7. Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс) (5мин)

  • Топтар сайыстың алғашқы бөліміне дайындылып болғанша назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауындағы «Қуаныш» биін ұсынамыз.
  • Республикалық «Әнші балапан» байқауының жүлдегері жас әнші Бостан Ақботаның орындауында «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар.

2-Жүргізуші, Әсел:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру ». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан бірінші бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  • Назарларыңызға «Салтанат» би тобының орындауында «Өрлеу» биін ұсынамыз.

1-Жүргізуші, Даулет:

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым - асыл арманым!

Сайыстың келесі кезеңі - сән үлгісі, «Болашақ мұғалім моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  • Назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші, Әсел:

Балғындарға баянды,

Сырын төккен - ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен - ұстазым!

, « Сайыстың келесі кезеңі - панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады» , яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла - ай.

1- Жүргізуші, Дәулет:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі - Тосын тапсырма

3 командаға 1 плакат, 5 шар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаз, скоч, фломастер таратылып беріледі.

Сайыс ережесі бойынша команда мүшелері түгел қатысып, жасалған бұйымды 2 команда мүшесі қорғайды. Бұйымды жасауға берілетін уақыт мөлшері - 5 минут.

  • Командалар өз бұйымдарын жасап болғанша назарларыңызға«Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биінұсынамыз, қарсы алыңыздар.

Ендеше бұйымды қорғау үшін сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Дәулет:

  • Әсел, сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Әсел:

  • Ой, Дәулет, білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді әжемнен естігенім бар . . . ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі - «Мұғалім болу қандайды? . . . » рольдік көрініс әзіл түрінде, берілетін уақыт мөлшері - 5 мин.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Әсел:

  • Дәулет, міне, келесі жылы екеуміз де мектеп бітіреміз. Шыныңды айтшы, кім болғың келеді?

Дәулет:

  • Әсел, осы сұрағыңа өлең шумақтарымен жауап беріп көрейін . . .

Мұғалімдер үлес қосар сана менен ақылға,


Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалды сайыс
Бейне сұрақ
Математика әлеміне саяхат
Рақмет балалар
Жас маман
Сайысқа оқушылардың дайындығы
Біз – әлем балаларымыз жайлы ақпарат
Қадыр Мырза Әли Кәрі қыран
Сынып топ басшысы
Ардақты атамекенім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz