9-сыныпқа арналған информатикадан Паскаль тілінде есептерді шешу бойынша бақылау жұмысы (сыни тұрғыдан ойлау арқылы)

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Бекқалиев Нұржан Есентайұлы
Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы.
Сыныбы:
Күні:
Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Паскаль тілінде есептер шығара отырып, есепті кезең бойынша шығару, құрамы күрделі операторларды тиімді пайдалану, бір - бірінің пікіріне құретпен қарау.
Күтілетін нәтиже:
- Паскаль тіліндегі есептің қойылымын ашып көрсете алады;
- Шартты операторларға есептер шығару;
Не арқылы бағаланады:
- Сызба арқылы есепті құрай алады;
- Есепте шартты операторларды қолдана алады;
I. Қызығушылықты ояту.
«Паскаль тіліндегі есеп» сөйлемін категориялы топтастыру.
II. Мағынаны тану.
1 - есеп.
Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, « жоқ » деп, егер олардың екеуі бір-біріне тең болса, « иә » деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, « бәрі тең » деп жазу керек.
Шешуі:
program esep1;
var a, b, c:integer;
begin
writeln(’үш сан енгіз’) ;
read(a, b, c) ;
if (a<>b) and (b<>c) and (a<>c) then writeln(‘жоқ’)
else if (a=b) and (b=c) and (a=c) then writeln(‘бәрі тең’)
else writeln(‘екеуі тең’) ;
end.
2 - есеп.
Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f берілген. Қайсы үшбұрыштың ауданы үлкен екенін анықтау қажет.
Шешуі:
program esep2;
var a, b, c, d, e, f, p1, p2, S1, S2:real;
begin
writeln(’1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’) ;
readln(a, b, c) ;
writeln(’2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’) ;
readln(d, e, f) ;
p1:=(a+b+c) /2;
p2:=(d+e+f) /2;
S1:=sqrt(p1*(p1-a) *(p1-b) *(p1-c) ) ;
S2:= sqrt(p2*(p2-d) *(p2-e) *(p2-f) ) ;
if S1>S2 then writeln(‘үлкені 1-үшбұрыш, ауданы =’, S1:8:2)
else writeln(‘үлкені 2-үшбұрыш, ауданы =’, S2:8:2)
end.
III. Ой толғаныс.
Бағалау парағы:
Паскаль тіліндегі есеп
(1 балл)
1 - есеп
(2 балл)
2 - есеп
(2 балл)