Озық оқушы

Батыс Қазақстан облысы. Тасқала ауданы.
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Буентаева Гүлмира Абилгазиевна.
Озық оқушы
Тақырыбы: Озық оқушы
Мақсаты:
1) Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу.
2. Оқушылардың математика, дүние тану пәндеріне деген қызығушылығын молайту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ойын сабақ.
Қолданылатын құралдар: көрнекілік, плакат, карточкалар.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу. Бұл сабаққа 3-4 сынып оқушылары қатысады. Оқушыларды екі топқа бөлу.
3- сынып I-топ 4- сынып I I- топ
Барысы:
Ойын 3 турдан тұрады. Әр турдың бөлек- бөлек тапсырмалар беріледі.
I - ТУР
ОЙЛАН, ТАП
1. Алдымен танысамыз.
Таныспастан бұрын «менің атым» . . . деген сөздерден бастап өзін- өзі таныстырады.
2. Сұрақтарға жауаптар жазу, жауап беру.
Алдымен оқып алады. Сосын жауаптарын кезектесіп айтады.
3- сынып
I тапсырма
1. Отбасына кімдер жатады?
2. Сөйлем неден тұрады?
3. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
4. 1 тоннада неше кг бар?
5. Өз атын атап шақыратын құс?
Жауабы:
- Әке, ана, бала, әже, ата.
- Сөздерден.
- 3ке
- 1000кг.
- Көкек.
4сынып
II тапсырма
1. Құрманғазының шәкірті?
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Көбейтудің компаненттері.
4. = км
5. Мысық тектес жануар.
Жауабы:
1. Дина
2. 2-ге
3. Көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні.
4. 1000М= км.
5. Жолбарыс, Сілеусін.
III тапсырма Жұмбақтар оқылады солардың жауаптарын, қазақша және орысша айту керек.
- Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (Күн -солнце)
2) Қабат - қабат қаптама .
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)
3) Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі. (Қалам-ручка)
4) Ілулі тұр кең дала,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп.
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта-доска)
4) Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім. (Жол-дорога)
5) Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш-веник)
6) Ішіне мұз қатқан, өзін - өзі мұздатқан. (Тоңазытқыш-холодильник)
7) Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе.
Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзінде. (Ұйқы-сон)
II тур. Зерделілер
Тақтаға сөз ілінеді сол сөзде берілген әріптерден басқа сөздер құрастырып жазу.
Екі топ оқушылары тақтаға шығады. Сөздер құрастырады.
Берілген сөз: Алтыбақан.
III тур. Шарықтау шыңы.
Логикалық тапсырмалар.
- Парақ қағаздардан фигуралар жасау.
- Логикалық сұрақтар.
3 сынып.
Ауылда екі ақ қайың өсіп тұр.
Атам біреуінен 2 шелек алма алды,
Екіншісінен 2 есе артық алды,
Неше шелек екінші қайыңнан алды?
4 сынып .
Аулада он екі аяқ 4 бас жүр.
Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр.
Осыларды есептегенде неше бұзау неше тауық .
Жауабы: Екі бұзау 8 аяқ. 12
Екі тауық 4 аяқ.
3-сынып
Мына берілген кейіпкерлердің аттарын жалғастырып айт.
Күн астындағы . . .
Ай астындағы . . .
Алты жасар . . .
Ығай мен . . .
Керқұла атты . . .
Жауабы: Күнекей, Айсұлу, Алпамыс, Сығай, Кендебай.
4-сынып
Кеше Катяның туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Катяның
туған күні аптаның қай күнінде болды ?
Жауабы: Сейсенбі
3-сынып
. Эрика дәптер алу үшін 10 евро төлегенде, сатушы 1 евро қайтарып
берген. Егер бір дәптердің бағасы 3 евро болса, Эрика неше дәптер
сатып алды?
Жауабы: 3 дәптер.
4-сынып
. Жаттықтырушының бірінші рет ысқырығынан кейін маймылдар
6 қатарға сап түзеп орналасқан. Әр қатарда 4 маймыл болған. Екінші
ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда
әр қатарда неше маймыл болған?
Жауабы: әр қатарда 3 маймылдан болған.
Қорытынды: Оқушыларды мадақтау, марапаттау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz