Өлеңдегі жоқ сөздерді тауып өлең құрастыру

Ю - әрпінің жазылуы

Мақсаты: Оқушыларға сөзде йу дыбысы естілгенімен, оның орнына ю әрпі

жазылатындығын түсіндіру

Есте сақтауын, зейінін, логикалық ойлауын және шығармашылық

қабілетін дамыту

Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакатқа жазылған өлең-сөздер, әріптер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде неше ай бар?

Күз келеді, амандасып, қонаққа келгенін хабарлайды.

  • Үй жұмысы, 107 - жаттығу, оқыту; сөздерден сөйлемнің дұрыс құрылғанын тексеру; я дыбысы бар сөзді атап, я әрпінің алдынан келген дауыстыны атау; ережені қайталау.
  • Ойын «Я әрпі бар сөз айт-тез айт»
  • Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақ : Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады.

- Аю деген сөзде көп кездеспейтін қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Қанша дыбыс естіледі?

- Ю әрпі де я әрпі сияқты орыс тілінен енген дыбыс. Ю әрпін қосарлы дыбыс дейміз. Ол дауысты дыбыс, бірде жуан, бірде жіңішке идыбысталады. Аю-айу (жуан) , есею (жіңішке) .

Оқулықпен жұмыс

110-жаттығу, суретті атау: аю, ою, -екеуіне ортақ әріп? - ю

Музыка сабағынан жан-жануарларға әндер тақырыбында аю туралы ән жаттадық

Кәне айтайық.

ІV. Сергіту сәті «Аю» әні

Балпаң, балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

- Ал ою бейнелеу өнерінің қай жанрында қолданылады?

111-жаттығу. Өтірік өлеңді оқытып ю әрпінің қандай дыбыстан құралғанын сұрау; осыдан қандай ереже шығаруға болады?

- Ержені қайталау. 3-4 оқушы.

Табиғаттың түрі пәс

Бау-бақшалар жалаңаш

Орманның да жоқ шуы,

Естілмейді құс үні

Ұйқыға кетті аю да,

Болады бұл қай айда? (қазан айы)

- Осы айда аю балға тойып ұйықтау керек. Сол туралы 112-жаттығу өлеңді оқиық. Оқушы өлеңді оқиды, бәрі қайталап оқып жаттап дәптерге жазады.

Бір оқушы тақтаға жазады.

  1. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу. 112-жаттығу жазады

113-жаттығу. Тапсырмасын оқытып, тақтаға сөздерді өзгертіп жаздыру (күшей+у-күшею)

Күше ю , аза ю , мола ю , тою, көрке ю , тыңа ю .

Қалған оқушылардан күзде не күшейетіні, не азайатыны, не молаятыны туралы сұрақтар қоямын.

114-жаттығу тапсырмасын оқытып тиісті іріпті қойып өз бетімен жазуды тапсыру.

Үлке ю , шалқа ю , есе ю , сарға ю , қо ю .

  1. Ойын «Әріптерді тіркестіріп сөз құра»

б е к ө ю көбею

ғ с п а ю а сарғаю

ү к е л ю үлкею

Шығармашылық жұмыс. Плакат ілу

Өлеңдегі жоқ сөздерді тауып өлең құрастыру

Қойды. . . . . . . . керек

Етін сорғытып. . . . . . . . керек

Терісін тұздап. . . . . . . . . керек

Қуырдағына . . . . . . . . . . . . керек

Сонан соң қалаға. . . . . . . . . керек

VII. Сабақты қорытындылау

  • Бүгін қай әріпті өттік?
  • Ол қандай дыбыс?
  • Ю әрпін сөзде қалай жазамыз?

Бағалау .

VIII. Үйге тапсырма - 115-жаттығу. Ребусты шешіп, сол туралы әңгіме жазу.


Ұқсас жұмыстар
Құндылықтарға дарыту
Қасым аманжолов. көктем
Өлеңнің идеясы
Махамбет өлеңдерін талдау
Абай құнанбаевтың "қыс"өлеңі
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту
Торы құлын өлеңі
Ж.молдағалиевтің "ар-ұят туралы" өлеңі
Қанат туралы хикая
М.жұмабаев «балалық шақ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz