Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушы жетістіктері

Бақтыгереева Шынар Меңдіханқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин
ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде,орыс мектептеріндегі қазақ
тілі мен әдебиет пән мұғалімі .

Мемлекеттік тіл пәнін оқытуда коммуникативтік құзырлықты дамытудың
ерекшеліктері.
«Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл, сондықтан
бұл тілді білмеу мүмкін емес ».
Н. Ә. Назарбаев.
Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа
негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден
бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген
жағдайда ғана алға басады.
Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ тілінің білім
мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Оқушы
ана тілінен басқа екінші тілді үйрену барысында өзіндік ой-тұжырымдарын
дәйекті жеткізудің тілдік жаңа тәсілдерін меңгерту бағытында, оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын
жасақтадым.
Атап айтқанда:
1. «Әңгімелесушінің жаднамасы»;
2. «Көпшлік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі»;
3. «Жас қаламгер» айдары;
4. «Жазбаша қатынас»;
Мақсаты:
1. Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ тілінде
қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызу.
2. Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына
ықпал ету.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мына ұстанымдарды негізге алдым:
1. Оқушының ана тілін негізге алу ұстанымы.
Бұл ұстанымда коммуникативтік қарым-қатынас жасауда оқушының ана тіліндегі
білім мен сөйлесу дәрежесі ескеріліеді.
2. Тақырыптық ұстаным.
Бұл жерде қазақ тілінде сөйлесу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу
түрінде практикалық жолмен меңгерту жұмыстары жүргізіледі.
3. Жүйелілік ұстаным.
Жүргізілетін жұмыстарды жеңілден ауырға қарай жүйелілік негізінде
жоспарлау.
Жүзеге асыру жолдары:
«Әңгімелесушінің жаднамасы».
|Амандасу |
|Әңгімелесуші әңгімені сәлемдесуден |Сәлемдемеге жауап беру. |
|бастауы керек | |
| |Қойылған сұраққа толық жауап беру. |
|Әңгімелесуші сұрақтан бастайды | |
|Әңгімелесуші өз сауалдарының мақсатын|Түрлі жағдайда өзіне қажетті |
|хабарлайды. |нәрселерді мәлімдейді. |
|Әңгімені аяқтап, қоштасады. | |

Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық
компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде
өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары
қалыптасты. Мәселен, 3-4 сыныптарда «Кітапханада», «Дүкенде» деген
тақырыптарды өткен кезде «Әңгімелесушінің жаднамасы» әдісін қолдандым.
Алдымен оқушыға «Балалар кітапханасында », «Азық-түлік дүкінінде» деген
жағдаяттар берілді, оқушы «Әңгімелесуші жаднамасын» қолдана отырып,
берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.
«Жазбаша қатынас» әдісі 4-5 сыныптардағы «Менің атам мен әжем»,«Менің
досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді «Жазбаша қатынас» үлгісін
қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.
«Жас қаламгер» айдары оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін
арттырумен қатар, көркем сөзді шексіз сүюге баулу, онда бейнеленген өмірді
өзінше талдауға, көркем дүниені терең түсіну мүмкіндігі туып, оқушылар
жадынан өлең шығаруға машықтанып келеді. Мәселен, әдебиет пәні бойынша ақын-
жазушылардың шығармашылығын, «Адал достық», «Жер- ана» т.б. тақырыптарын
өткен кезде, «Жас қаламгер» айдары үлгісін негізге ала отырып оқушыларым
өлең жазуға дағдыланды.
«Көпшілік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі» бұл әдіс жоғары сынып
оқушыларына тиімді, күнделікті сабақта реферат жазғыза бергеннен көрі, әр
сабақтың бір этапында белгілі- бір тақырыпта баяндама, шағын шығарма жаза
отырып, оқушы көпшілік алдында, ой ұшқырлығын, сөз этикасын сақтап,
мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.
Сабақтар үлгісі:
Тақырыбы: Фонетика тарауы бойынша нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. білімдік: Оқушылардың фонетика тарауы
бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау,
практикамен ұштастыру.
2. дамытушылығы: Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, сатылау кешенді
және математикалық тәсілмен талдауда шапшаңдық танытуға үйрету.
3. тәрбиелік: Өз заманының озық ойлы, кең өрісті, шығармашыл, мәдениетті
азаматын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ.
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл », сынақ жұмысы, сатылай кешенді және
математикалық тәсілмен талдаулар, «Полиглот » ойыны, «Жас қаламгер» айдары,
«Көпшілік алдында сөз сөйлеу алгоритмі».
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер, мультимедиалық
проектор, А. Жорабаеваның орындауындағы «Астана » әні, А. Еңсеповтың
орындауында «Балалық » күйі.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың портреті, «Астананың » көрікті жерлерінің
суреттері слайдтар.
Сабақтың барысы: Эпиграф: «Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл, сондықтан
бұл тілді білмеу мүмкін
емес ».

Н. Ә. Назарбаев.
1. Ұйымдастыру сәті:
«Шаттық шеңбері » жаттығу.
Қосылып еккен ағаш орман,
Ынтымақ -бұзылмайтын қорған,-деген ата-бабамыз, осындай тату- бірлікте
сабағымызды бастаймыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл
тілді білмеу мүмкін емес»,-деген, сол себепті біздің республикамызда өмір
сүріп отырған өзге ұлт өкілдері қазақ тілін білуге міндетті екен.Олай
болса, бүгінгі сабағымызда біздің мемлекеттік тілді қаншалықты үйреніп,
меңгеріп келе жатқанымызды фонетика тарауы бойынша нәтиже сабағында
көрсете аламыз.
Сендерге үйге тапсырмаға фонетика тарауын пысықтап келу тапсырылған
болатын.
Ендеше сендерге сұрақ:
2. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл »
1. Фонетика ғылымы нені зерттейді?
2. Буын дегеніміз не?
3. Үндестік заңы дегеніміз не?
4. Орфография қай тілден енген сөз?
Оқушылар бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңді
күнделікті сабағымызда қолданып жүрген бағытымыз бойынша бағалау парағымен
өздеріңді бағалап отырасыздар.
I кезең . Мәтінмен жұмыс
Биыл оқушылар Астанаға қатысты қандай мерекелік шара өтті? Дұрыс Астана
қаласының он жылдық мерей тойын атап өттік. Ендеше қазір танысатын мәтіннің
тақырыбы «Астана » деп аталады.
1. «Астана » мәтінін оқып танысу.
Мәтінмен оқып таныстыңыздар, енді мәтінде кездесетін жаңа сөздермен
танысайық.
2. Сөздік жұмысы.
рәміздер тәріздес- считается как символ, көз алдымызға елестейді-
представляем себе, аты әлемге әйгілі- известно всему миру т.б.
а) Жаңа сөздерді мәтінен тауып оқы.
ә) сөз тіркестерімен сөйлем құра: көз алдымызға елестейді, аты әлемге
әйгілі, тарихи оқиғалар.
б) мәтінді мәнерлеп, қатесіз оқу.
Оқушылар, жаңа сөздермен таныстыңыздар, енді аударма жұмысы, мәтінді орыс
тіліне сөзбе- сөз аудару тапсырылады.
3. Аударма жұмысы.
Сөзбе- сөз аудару.
Тапсырма:
1. Мәтіндегі асты сызылған сөздерді талда.
1. Әйгілі, үлкен, қала сөздеріне фонетика бойынша математикалық талдау
жаса.
2. Әлемге, жердің, Астана сөздеріне фонетикалық талдау жаса. Сабағымыздың
келесі кезеңі:
II кезең. «Өнерлі өрге озар » «Көпшілік алдында сөз сөйлеу алгоритмі»
Оқушылар жаңа «Астана » туралы мәтінмен таныстыңыздар. Ендеше қазақ
халқының ақын- жазушылары, сазгерлері Астананың мерей тойына байланысты
көптеген өлеңдер, шығармалар жазды. Сендердің де араларыңда Астана қаласына
арнап өлең, шығармалар жазған оқушылар бар. Қазір, Саша «Ел тұғыры- Елорда
» тақырыбында жазған шығармасын оқып береді.
- Рахмет, Саша шығармашылығың әрі қарай шыңдала берсін.
«Жас қаламгер» айдары - оқушы шығармашылығы.
Қазір, Алена өзінің шығарған «Ару қалам- Астанам » атты өлеңін мәнерлеп
оқып береді. Жақында Алена осы өлеңімен облыстық «Менің шығармашылығымдағы-
мәртебелі тіл » тақырыбында өткен сырттай байқауға қатысып, өлеңі облыстық
жинаққа енді, сонымен қатар Алена өзінің жаңа туындысы «Менің анам » деген
өлеңімен Қазақ радиосының республикалық «Қылқалам» сырттай байқауына
қатысып жатыр.
- Рахмет, Алена алға қарай да сәттілік тілейміз.
III кезең
«Білгенге- маржан »
«Полиглот » ойыны.
-Өте жақсы, ал енді келесі тапсырма жеті, жұрттың сөздеріне сатылай кешенді
талдау тапсырылады.
IV кезең
«Ойлан, тап! »
1. «Аудан » сөзіне 5 жолды тұжырымдама құрастыр.
1. Зат есім: Аудан.
2. Сын есім: Әсем, таза
3. Етістік: тойлады, салынды, айналды
4. 4 сөзді сөйлем. Ауданымыз сексен жылдығын тойлады.
5. Синоним: Аймақ
2.Фото сурет бойынша сөйлем құрастыр.
V кезең
«Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады »
Сынақ жұмысы. Фонетика тарауы бойынша сынақ сұрақтарына жауап беру.
Компьютермен жұмыс.
3.Қорытынды.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы » заңында елбасымыз Қазақстанның
барлық азаматтары қазақ тілін жете білуге, меңгеруге міндетті екенін айтқан
болса, бүгінгі сабағымызда сізде қазақ тілін қаншалықты
меңгергендіктеріңізді, білімдеріңізді көрсете алдыңыздар. Алға қарай да,
«Қазақстанның болашағы- мемлекеттік тілінде »деген ұғымды ұстана отырып,
білімімізді жетілдіріп шыңдай түсеміз. Бұл әрқашан естеріңізде болсын.
3.Бағалау.
Енді, оқушылар бағалау парағы бойынша бүгінгі сабақта жинаған ұпай сандарын
есептей қойыңыздар.
Бағалау нормасы:
20-25- «5»
18- 20 - «4»
12- 18- «3»
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер»
Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушыларды қазақ, орыс халықтарының ұлттық киім
түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілінде сөйлеу, жазу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Туған халқымыздың мәдени мұрасымен,сәндік киім
түрлерімен танысу, оқушылардың әсемдік талғамдарын арттыру.
Сабақтың әдісі: «Көпшілік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі»
Өтетін орны: М. Жолжанов атындағы аудандық мұражай.
Көрнекілігі: үнтаспа, мұражайдағы ұлттық киімдер, қазіргі ұлттық киім
түрлері, шығармашылық жинақтар, зергерлік бұйымдар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті.
Сабақ екі кезеңнен тұрады. 1-кезең- дайық кезеңі. «Өз бетінше ізденіс».
2-кезең- негізгі кезең. «Көпшілік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі».
Шығармашылық жұмысты қорғау.
Алдымен сынып оқушыларынан 4 шығармашылық топ құрылады.
«Әңгімелесушінің жаднамасы».
Оқушылар мұражай қызметкерлерімен амандасып, келген мақсаттарын
айтты. Мұражай қызметкерлері, мұражай туралы жалпы мәлімет беріп өтті.
ІІ. Жаңа сабақ. 1. Үнтаспадан М.Ералиеваның «Үкілі кәмшәт» әні қойылады,
сынып оқушылары қазақтың «Қыз бен жігіт» киім үлгілерін көрсетеді. (Мұғалім
бұл киім үлгілеріне жалпы шолу беріп отырады.)
3. Аудандық мұражайдың ғылыми қызметкері әңгімелейді. (Ауданға танымал
болған М. Жолжановтың, Д. Нұрпейісова, Ә. Сәрсенбаев т.б. адамдардың
ұлттық киімдерімен таныстырып өтті).
ІІІ. «Көпшілік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі»
Дайындық кезінде әр шығармашылық топқа ұлттық киім түрлері туралы мәлімет
жинау тапсырылды.
І топ-«Ұлттық бас киім, аяқ киім »
ІІ топ- «Ұлттық ерлер киімі»
ІІІ топ-«Ұлттық нақыштағы қазіргі сән үлгілерінде тігілген киім үлгілері»
және ауданымыздың әуесқой сәндеуші шеберлері туралы баяндау.
ІҮ топ- «Әйелдер ұлттық киімі» туралы жинаған шығармашылық жұмыстарын
қорғады.
ІҮ. Аударма жұмысы.
Топ оқушылары өздерінің жинақтарына аударма жасап отырды.
Ү. Бекіту. Топ оқушылары орыс, қазақ халықтарының ұлттық киімдерінің
ерекшеліктерін салыстыра білді.
ҮІ. Қорытынды: «Поэзия минуты».
Оқушы жетістіктері.
1. Филипова Алена 5- сыныптан бастап қазақ тілінде өлең шығарып келеді.
Оқушы туындылары аудандық «Серпер» үнжариясына жарияланды: «Анама»,
«Әкеме», «Достық туралы», «Настя досыма», Мысығым «Марсикке», Күшігім
«Бимге» т.б.
2. Елордасы Астананың 10 жылдық мерей тойына арнап «Ару қала- Астана»
өлеңін жазды.
3. Облыстық «Менің шығармашылығымдағы мәртебелі тіл» сайысына қатысып,
оқушы еңбегі облыстық шығармалар жинағына енгізілді.
4. Қазақ радиосы «Жасөспірімдер мен балалар» редакциясының ұйымдастыруымен
өткен «Қылқалам» сырттай байқауына қатысты.
5. Облыстық «Ассамблея- мәдениетаралық диалог мектебі» тақырыбында
шығармашылық жұмыстардан сайысқа қатысып, дипломмен марапатталды.
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: «Қазақтың салт-дәстүрлері».
6. «Тірлігің де, тілегің де тілінде » халқаралық семинарда Алена өзінің
шығармашылық жұмысын қорғады.
7. Атырау облыстық кіші ассамблеяның ұйымдастыруымен өткен «Ұлтаралық-
келісім- Қазақстан қоғамын біріктірудің негізі» тақырыбындағы ғылыми-
конференцияға қатысып, Алена өз өлеңдерін көпшілікке тарту етті.
8. Кіші ассамблеяның жолдауымен республикалық «Балдәурен» тынығу-сауықтыру
лагерінде демалып қайтты. Лагерде ұйымдастырылған «Көркем сөз шебер»
байқауында «Ең үздік Конферансье» атағына ие болып, дипломмен марапатталды.
Пәндік олимпиада жетістіктері.
1. Бабушкина Люда- облыстық олимпиаданың жеңімпазы, республикалық
олимпиадаға қатысушы.
2. Белова Настя.
3. Ноженкина Нина.
4. Сон Валера.
5. Ардельянов Алеша.
6. Филлипова Аленалар аудандық, облыстық олимпиада жеңімпаздары.
Мұғалім жетістіктері.
Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын
институты. Куәлік № 23.
5-8 сыныптарға арналған диктанттар мен мазмұндамалар жинағының авторы. 2003-
2004 оқу жылында І облыстық әдістемелік фестивальде «Алғыс хат», еңбегім
әдістемелік жинаққа енді.
Республикалық ғылыми- педагогикалық басылымға жарияланған мақалалар.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.
2004 ж. №2 «Ұлттық киімдер»
2004 ж №8 «Қатемен жұмыс»
2005 ж №3 «Нәтиже сабақ»
2007 ж №4 «Тәрбие құралы» журналы «Достық» тақырыбында.
2007 ж №4 «45 минут» журналында «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Филипова Аленаның шығарған өлеңі.
Ару қалам- Астанам.
Туып өскен Отаным
Алтын бесік секілді
Кіндігімнен қан тамып,
Буыным сенде бекіді.

Бәйтерегі биіктеп,
Астанам тұр гүлденіп.
Көк байрағың желбіреп,
Ғажайып бір түрге еніп.

Ару қалам- Астанам.
Мақтанышым елімнің
Мен де бүгін шаттанам
Биігін көріп төрімнің.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ПӘНІН ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ
ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Бақтыгереева Шынар Меңдіханқызы

М. Әуезов атындағы орта мектеп

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Алматы, 1996.
2. Омарова Р.С. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру: теориясы мен практикасы.
Ақтөбе, 2008.
3. Ә. Табылдиев. «Қазақ этнопедагогикасы ».
Алматы, 2001.

-----------------------

«Көпшілік алдында сөз сөйлеуші алгоритмі»

Баяндама тақырыбын анықтау

Тақырыпқа байланысты мазмұнын жазу

Баяндау

Қойылған сұрақтарға жауап беру

«Жазбаша қатынас»

Амандақ, қал-жағдайды сұрау.

Өзінің амандығын баянаду

Жаңалықтарды хабарлау

Сабағы туралы айту.

Сағынышын жеткізу

«Жас қаламгер» айдары

Өз ойын анықтау

Сезім арқылы ойын жүйелеу

Ойдың орамдылығын, әрекетін бағалу

Ұйқасын келтіріп,іс жүзінде қолдану

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының портфолиосы
Карл линнейдің эволюциялық көзқарасы
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалы
РобоҚол роботын құрастыру
Қазақстан тәуелсіздігінің дара жолдары
Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері
Тәуелсіздік жетістіктері
Оқулықтағы тапсырма бойынша кесте құрыңдар
Нарық және нарықтық қатынастар
Қышқылдар мен сілтілер әсерінен өздерінің түсін өзгертетін заттар
Пәндер