Ашық сабақ: Күләш Ахметованың Астана өлеңі (2-сынып, ана тілі)

Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. « Астана»

Сабақтың білімділігі: оқушыларға ақын Күләш Ахметова ның өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру .

Сабақтың дамытушылығы: Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. Сабақтың тәрбиелілігі: Болашағымыздың жалғастырушы ұрпақтардың бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:дүниетану, математика.

Көрнекілігі: Автордың суреті слайдтар, сюжетті суреттер, ребустар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

ә) оқушы қызығушылығын ояту

Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?
Балалар(хормен)
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Оқушылар, Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін

б) Сұрақ - жауап

- мәтін неше бөлімнен тұрады?

-Мәтіннен көкейіңе не түйдің?

-Өз тұрған жерің саған несімен ұнайды?

-сонымен, бізге таныс үш кейіпкер жақсы мекен, жайлы қоныс тапты ма?

1. тапсырма 1слайд

3. Жаңа сабақ. Ребустарды шеш.

2 . тапсырма 2 слайд

3 . Ребустардың шешуіндегі екі қала туралы не білесің?

4. тапсырма 3 слайд

-Күләш Ахметованың өміріне тоқталу.

5. Осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованы «Астана»өлеңін оқу.

6. тапсырма 4 слайд «Сергіту сәті»

4. Кітаппен жұмыс . Оқушыларға оқыту.

Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.

5. Ой-толғаныс.

«Күн шұғыласы » ойыны . Астана деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?

6. Бекіту

Сұрақтарға ауызша жауап беру.

-Өлеңнен осы сөздердің әрқайсына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

-Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?

-82- беттегі суретке зер салып қара. Сурет сенде қандай сезім туғызады?

7. тапсырма 5 слайд

7. Қорытындылау.

-Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін! Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақта жалғастырамыз. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!

8. Үйге тапсырма . «Астана »өлеңін мәнерлеп оқу.

9. Оқушыларды бағалау.

№25 орта мектеп

2 «А» сынып жетекшісі:

Атамбаева Назгүл Социалқызы

ММ «№25 жалпы білім беретін орта мектеп»

Ана тілі сабағынан ашық сабақ.

«Астана»

Өткізген: Атамбаева Н. С

abildina-dinara-Kyzgaldak-arular. doc

2010 жыл


Ұқсас жұмыстар
2-сынып Әдебиеттік оқу: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған ашық сабақ
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған патриоттық сабақ
Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған сабақ жоспары: оқу, талдау және патриоттық тәрбие
Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған аралас сабақ: АКТ қолдана отырып мәнерлеп оқу мен ұйқасын талдау
Қалалық ашық сабақ: Астана (Әдебиеттік оқу, 2 ә сынып)
2-сынып ана тілі: Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңі бойынша кіріктірілген сабақ (ана тілі, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері)
Ана тілі сабақ жоспары: Астана туралы саяхат
Ана тілі пәнінен ашық сабақ: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі (3-а сынып)
Ана тілі 2-сынып Құстар айтысы (Үнді ертегісі) ашық сабақ жоспары
4-сынып: Ғ. Қайырбековтың Ана тілі өлеңі бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz