Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабаққа назарларын аудару

Пән аты: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: таулы жердің ауа-райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен
жануарлар туралы мағлұмат беру;
ә) Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
б) Дамытушылығы: оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру,
танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: карта, кодоскоп, суреттер, кітаптар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Өткен сабақтан шолу жасау.
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Дүниетану сабағы
- Олай болса құралымызды дайындап, сабаққа назар аударамыз.
- Балалар, мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.
Кең дала, көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен.
Әне, сол анам мені тапқан, - деп
Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай Қазақстан – кең байтақ өлке. Ол –
Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі жер көлемі жағынан 4-ші орында.
Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатқанына
байланысты табиғаты да алуан түстерге –
Енді балалар картадан әр алуан түстерге назар аударайықша. Қазақстан
шалғынды жер, мол және шөлейт жерлер су қоймалары орман – тоғай жерлері
бай.
- Олай болса, сынау арқылы тексеріп көрейік.
1. Т-мен дайындайтын шалғынды не дейміз?
1) Шабындық
2) Жоңышқа
3) Сабан
2. Дала өсімдігін ата
1) Селеу
2) Жусан
3) Қарағай
3. Шөлді жерде мекендейтін жанураларды ата.
1) Қасқыр
2) Арқар
3) Кесіртке
4. Қандай дақылдан крахмал алынады?
1) Күріш
2) Мақта
3) Сұлы
5. Қазақстанда қандай су қоймасы бар?
1) Қапшағай
2) Леңгер
3) Бұқтырма

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Олай болса, балалар үйге әр топқа әр түрлі тапсырма берілді.
- І топ: «Жас өскін» - реферат жазу.
- ІІ топ: «Жас табиғатшылар» - сынау сұрақтарын құрастыру.
- ІІІ топ: «Жануарлр қоршаушылар» - сурет салу, оқу.
Үйге: Су қоймасы өсімдіктері жануралары және оларды қорғау тапсырмасы
берілген.
Үй тапсырмасын пысықтап, қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер:
Қызыл түспен боялған таулы жер.
- Дұрыс олай болса таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат
аламыз.
1) Алтай тауы-Солтүстіктен батысқа орналасқан Алтай тауы түркі тілінен
аударғанда «Алтай» - алтын деген сөзді білдіреді. Алтай, орталық Алтай,
кеңді Алтай болып бөлінеді.
2) Сауыр Тарбағатай тауы-бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен оның досы Потанин
зерттеген.
3) Жоңғар Алатауы –оңтүстік шығыста Қытаймен шекарасында орналасқан тау
жүйесі.Ең биік шыңы-Басбақан шыңы.Пайдалы қазбаларға өте бай (Жанғыш
тақтатас, қоңыр көмір, вольфрам т.б.)Мұнда «Достық » темір жолы
салынған.
4)Тянь-Шань –Азия материгінде ең ірі таудың бірі.Қытай тілінен аударғанда
«Тәңір Шыңы», «аспан тауы», дегенді білдіреді. Ең биік шыңы «Хан тәңірі»
7496м. Поглилиталға өте бай. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов Тянь-
Шаньскийдің атымен аталған.
Таулы жер өсімдіктері: көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат,
ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма.

Таулы жер жануарлары:
-Балалар Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2010» стратегиялық бағдарламасында
Қазақстанды ненің символы ретінде алды.
-Қазақстан-2030 дылдары Орта Азия барысына айналды, яғни біздің
мемлекетіміздің ең ірі алпауыт мемлекеттермен терезесі теңелді
деген.Осындағы барыс қандай аң, қандай аймақтарда өмір сүреді деп
ойлайсыңдар?
Барыс өте епті жылдағы, жыртқыш мысық тұқымдас аң. Ол биік-тау құздары
мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір
қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер
өте көп. Апанын үңгірін аяқққа баспас жартастарға салады.
Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді.Түнде мұзды алқапқа дейін
өрлеп түнейдіде, ертеңгісімен жайылымға қайта түседі.
Таулы жер құстары:
Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздараға ұлар тіршілік етеді.
Ұлар-ірі, түсі, реңдес сұрғылт құс. Ол 5-10 нан топтасып жүреді. Олар
қыста тас қуысына топтасып, қонақтайды. Олар бір-бірін жылытып суықтан
қорғайды.
Қозықұймай: ол тік құздарды мекендейтін құс. Еліктің лағы, суыр, арқардың
қозысы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жанураларға шабуыл жасайды.
Бұлардан басқа бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б. құстар
тіршілік етеді.
Шаруашылықтары: бұғы, омарта шаруашылығы дамыған.
Қорытынды:
Үйге тапсырма:
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Ұқсас жұмыстар
Бояумен бізге күз келді
Циклдік алгоритмдерді программалау
Қиял - ғажайып ертегілер
Ілмектер, есік тұтқасының құлағын жасау
Туынды тарауын қорытындылау
Ата- әжеме хат
Мұғалімнің мәтінді оқуы
Шығармашылық білім беру саласы
Портрет. (коллаж). Ашық сабақ
Ислам дінінің ерекшелігіне назарларын аудару
Пәндер