Сабақтың көрнекілігі. Сабақтың тақырыбы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
Кенбай орта мектебінің қазақ тілі пәні және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әділова Гүлдана Қалыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
5 сынып (екінші сағат)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, білім көкжиегін кеңейту. Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы әңгімелеу. Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушының өз бетінше іздене білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелілігі: Адами сезімді қастерлеу, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, отанды сүюге, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
ой қозғау .
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба,
интерактивті тақта, слайдтық көріністер
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (өмірі мен шығармашылығына тоқталу)
ІІІ. Жаңа сабақ. І. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
1. Қ. Жұмаділов туралы не білеміз ?
- Қандай шығармаларын оқыдыңдар ?
3. Мәтін жоспары.
- Қонаққа бару.
- Қонақта.
- Қызық әңгіме.
- Майданға ат апару.
- Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
- Қозыкүреңнің елге оралуы.
- Қозыкүреңді арулап көму.
- Сыйлық.
Әр бөлімді оқушылар мазмұндап, мәтіннен тауып оқиды. Мәтінді дәптерлеріне жазып, ұнаған бөлімге «+» белгісін қояды.
Түсініктеме күнделігін толтырады
Мәтінді талдау
- Повестен алынған үзіндіні не себепті «Қозыкүрең» деп атаған ?
- Шығарманы оқи отырып, қай кейіпкердің іс-әрекетіне сүйсіндіңдер ?
- Қазақ пен қырғыз халқының достығы, ортақ салт дәстүрі туралы не білесіңдер ? (Мәтіннен Ержанның ойларын тауып оқу) .
- Қозыкүреңнің елге қашатынын Саяқбай қайдан білді ?
- Қозыкүрең елге оралғанда Саяқбай неге жылады ?
- Төреқұл досы Ағыбайға «Қоянкөк» дөненді сыйға тартуы, оны Ағыбайдың қабылдап тұрып «Берген жомарт емес, алған жомарт» деуі неліктен ?
- Параллелизм дегеніміз не ?
ІІ. Мағынаны тану. Топтық жұмыс
1 топ. Кейіпкерлерін ата?
2 топ. Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
3 топ. Ағыбайға Төреқұлдық сыйы. Екі достың диалогін оқу.
«Кім көп біледі» ойыны.
Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
- Жылқы - малдың патшасы,
- Түйе - малдың қасқасы.
- Жүйрік атқа жел қамшы.
- Жүйрік ат - бірде ат, бірде қанат.
- Жылқылы елде жау көп,
- Жатақ елде дау көп.
- Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Семантикалық карта.
1
2
3
4
5
6
- Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!
- Бұлар менің жиендерім . . .
- Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар, -деді.
- Жануарым - ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің- ау! . . .
- «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын . . . »
- Мынауың баға жетпес сый болды - ау, Төреқұл!
+
+
+
+
+
+
ІІІ. Ой толғаныс. Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)
- Ақалтеке -
- Бесті -
- Қу мүйіз -
- Өрелеу -
Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы
Бес жастағы жылқы
Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.
Шығармашылық тапсырма.
- «Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу, сурет бойынша әңгімелеу.
Қорытынды.
Үйге тапсырма:
«Туған жерді сағындың ба, Қозыкүрең ?» әңгіме желісі бойынша ертегі жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz