Жылы сөз - жақсы тілек: мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу сабағы

Сабақтың тақырыбы: Жылы сөз-жақсы тілек.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру

-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

-мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, үнтаспа, компьютер, көгершін, жер шары, күннің көзі.

Әдістер : әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.

Сабақ барысы: Музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіріп, шеңберге тұрады.

Шаттық шеңбері -2мин

Мұғалім: - Балалар, далаға қараңдаршы, бізге жылы болу үшін не жетпей тұр? Күннің көзі бізге жылы әкеледі, шаттандырады, бақытты етеді екен иә балалар. Ал егер күннің көзі болмаса не болатын еді? Дұрыс күннің көзі жоқ болса қараңғы, суық, көңіліміз жоқ болар еді . Ал мен сендерге жылы болсын деп, сендер бақытты болсын деп сендерге күннің көзін алып келдім. Ал бәріміз «жылылық шеңберін» құрайықшы. Әрбір оқушы қасында тұрған досымызға жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жимыйып жеткізейік.

-Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың т. с. с Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне айтып, күннің көзін бір-біріне береді.

-Жарайсыңдар, балалар! әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайықшы, қонақтарға да жылы лебізімізді білдірейік.

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар?! Біз сіздерге де сәттілік тілейміз, жұмыстарыңыз жемісті болсын, балаларыңыз аман болсын, барлықтарыңызға бақыт тілейміз! Күннің көзін тақтаға ілеміз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Тыныштық сәті. 1-мин

-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылыуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.

Ризашылық әнін орындау. 2 мин

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!!!

Ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын қазірге

Үстелде жатқан әртүстіі фигуралардан өздеріңе ұнайтын түсті таңдап алыңдар.

-Сары түстер 1-топ, қызыл түстер2-топ, ал, жасыл түстер 3-топқа отырыңдар .

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға құрметті қонақтарымыз, келіп отыр. Бүгінгі сабақта мен сендерге балалар, және қонақтарымызға сәттілік, тілеймін. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Жылы сөз-жақсы тілек » деп аталады.

Ойланайық, пікірлесейік .

Ертегі тыңдау. «Сыпайы қоян» (оқулық 48-бетте) 7 мин

Балалардың ол туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.

Ендеше балалар оқулықтарыңды ашыңдар, 48-беттегі «Сыпайы қоян» деген ертегіні оқимыз. Қане кім оқимын дейді. Қалғандарың тыңдаңдар, балалар.

Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етеді?

Дәйексөз

Мұғалім тақтадағы «Жақсы сөз -жан семіртер» деген халық мақалдың мәнін түсіндіреді.

-Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекет адамның көңілін түсіреді. 1мин

Өздерің жақсылық мен жамандық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сергіту сәті

Бәріміз орнымыздан тұрып, көрсетейік.

Тілек.

Шөліркемей гүл тұрсын

Жерім жайнап құлпырсын

Нұрын сыйлап біздерге

Көкте мәңгі күн тұрсын

Ортақ бізге туыстық

Нұр сыйлаған күн ыстық

Ыстық бізге кең өлке

Ыстық бізге тыныштық 1 мин

Сахналау . «Әжесі мен немересі» сахналау.

Таңертең Әжесі тұрып үйді жинастырып жүреді. Немересінің мектепке баратын уақыты да келіп қалды.

Әжесі:

-Балам, тұра ғой мектепке баратын уақытың жақындап қалды. Тамағыңды іше ғой.

Немересі тұрмайды.

Әжесі:

-Балам тұра ғой мектепке бармайсың ба?

-Әже менің ұйқым келіп тұр. Қазір.

-Балам қәне тұра ғой енді. Тұр құлыным, мектептен қалуға болмайды. Ұят болады.

-Әже қазір тұра тұршы. Қазір дедім ғой әже.

Әжесі: Қане балам аяғыңды әкел шұлығыңды киіндірейін. Шұлығын кигізеді.

Немересі: - Тұф Әже өзім киемін ғой, қойыңызшы. Мазамды алдыңыз ғой.

Әжесі: -Жәрайді, жата бер балам. Ұйқыңды қандырып ал, мен сен үшін мектепке барып сабағыңды оқи салайын. Бәрібір менің үйде істеп жатқан шаруам жоқ, ұйқым да келмейді. Мен мектепке кеттім балам. Ал қане ұйқыңды қандырып, ұйықтап ал құлыным. Мен мектепке кеттім.

Немересі біраз жатып, содан кейін:

-Әже, Әже тұф, қайда кеттіп қалды екен, шынымен мектепке кетті ме екен? Әже, шалбарым қайда? Көйлегім ше? Кітаптарымды да ауыстырмай ұмытып кеткенімді қарашы, қап. Әже етігім қайда, әже-е-е-е

Немересі әжесін алып келеді.

Әже, мектепке бармай-ақ қойыңызшы. Мен өзім барамын, енді сабақтан қалмаймын. Күнде сабаққа дайындалып, баратын боламын. Уәде беремін.

Әжесі:


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні: Жылы жүрек - жақсы тілек тақырыбындағы сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Жақсылықпен жаным дос - дұрыс әрекет пен қайырымдылыққа тәрбиелеу
Табиғат арқылы мейірімділік пен қоршаған ортаға қамқорлыққа тәрбиелеу
Нарқызыл негізгі мектебі Инабат қыздар ұйымының 2013-2014 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары және Жылы жүрек - жақсы тілек тренингі
Жаным толған жақсылық: 7-сынып тәрбие сағаты - мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Жүрек жылуы - қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу
Жақсы сөз - жарым ырыс: өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған 9-сынып сабағы
4-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Жақсы сөздің маңызы мен сыпайылыққа тәрбиелеу
Өзін-өзі тану сабағы: Мейірімділік - асыл қасиет
Кірпінің жанұясы ертегісі арқылы сөйлеуді дамыту және қайырымдылыққа тәрбиелеу бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz