Менің анам шығарма жазу

Тексерілді :

Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары: Г. Қонарова

Әдебиеттік оқу
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017
Әдебиеттік оқу: Сабақтың тақырыбы
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017: В. Сухомлинский. Ақ шаш
Әдебиеттік оқу: Сілтеме
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017: Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі
Әдебиеттік оқу: Жалпы мақсаты
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017: Оқушылар мәтінді түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйренеді; оқу дағдысын қалыптасып, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; сөздік қоры, тіл байлығын дамып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиеленеді.
Әдебиеттік оқу: Күтілетін нәтиже
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017:

Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Еркін сөйлейді, сөздік қоры дамиды

Әдебиеттік оқу: Негізгі идеялар
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
Әдебиеттік оқу: Тапсырмалар
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017:

Психологиялық дайындық. «Кезбе тілші», «Ой қозғау» әдісі, топтық жұмыс. «Т кестесі». «Көзқарас».

«Адасқан әріптер» ойыны. «Кластер» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Раундробин» әдісі

Әдебиеттік оқу:

І . Ұйымдастыру кезеңі

"Бақытты сәт" жаттығуы

Саламатсыздар ма, балалар! Жақсы жұмыс жасауға жақсы көңіл күй керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын әркім өз өміріндегі есінде қалған ең бақытты бір күнін есіне алып, қасындағы сыныптасымен бөліссін. Қай жылы, қай күні екенін нақтылаңыздар. Сол бақытты өз досына тілеңіз.

Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кезбе тілші» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.

1-жұп: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-жұп: Телестудиядағы диктор- жиынтық ақпарат береді

3-жұп: Тілші- оқиға орнынан ақпарат ұсынады

4-жұп: Тілші -сұхбат алатын куәгер

1. Мәтіннің «Мейірім» аталу себебін түсіндір.

2. Мұндағы ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерді ата.

3. Мәтінде қандай ұлттық әдеп туралы айтылған?

4. Шоқанды сипаттап бер.

5. Жер қорушы қандай бата берді?

ІІІ. Қызығушылықты ояту

-Адами қасиет қалай дариды?

«Анаға қарап, қыз өсер,

Әкеге қарап, ұл өсер»

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы - өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ. Мүсірепов.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе!

Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Сонымен ана дегеніміз - төзімділік пен адамгершііліктің тәңірі.

Ойлан, тап.

Адасқан әріптер.

Санды өсу ретімен орналастыр:

2 5 1 3 4

қ ш а ш а

Жалпы ана атаулыға тән, бәріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
В. А. Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

ІV. Мағынаны тану.

І топ: Мәтінді мәнерлеп оқиды

ІІ топ: Мәтінді рөлге бөліп оқиды

ІІІ топ: Мәтінді мазмұндайды

«Т кестесі» толтыру

Миша

Байқампаз. Сенгіш, ойы жеңіл, анасын ойламайды, тентек. т. б.

Анасы

Шашы ақ, Мишаны көп ойлайды, уайымшыл, мейірімді т. б.

Сұрақтар:

  • Миша анасынан не байқады?
  • Анасының алғашқы жауабы қандай болды?
  • Мишаның сенгіштігін мәтіннің қай бөлігінен білуге болады?
  • Анасының екінші жауабын қандай болды?
  • Соңғы сұраққа Анасы не деп жауап береді деп ойлайсыңдар?
  • Мәтінді өз ойынмен аяқтап көр.

V. Сергіту сәті «Көңілді күн»

VI. Ой толғаныс сатысы

Топтық жұмыс

І-топ : - 5 жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4. 4 сөзден құралған сөйлем.

5. Балама сөз.

ІІ-топ :- «Ана» сөзіне Кластер құру
ІII-топ
: - «Даналық сөзден дән ізде»

Ана туралы мақал - мәтелдер жазу

ІV-топ: - Менің қандай қылықтарым анамды қуантуы мүмкін.

V-топ: - Менің қандай қылықтарым анамды ренжітуі мүмкін.

-Мишаның орнында болсам мен не істер едім

VII. Рефлексия. Кері байланыс

Анаға тілек тренингі.

Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту.

Ананы биік шынарға теңейік.

Бүгінгі сабақта . . .

Маған қызық болғаны . . .

Қиын болғаны . . .

Менің түсінгенім . . .

Менің сезгенім . . .

Мен . . . жасағым келді.

Маған өміріме . . . берді.

Әдебиеттік оқу: Үйге тапсырма:
3 «Б» сынып Күні: 27. 01. 2017: Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Менің анам шығарма жазу.

Ұқсас жұмыстар
Сабақ басталар қуанышты сәт ..
Отбасы - шағын қоғам
Негізгі және туынды сын есім
Зат есімнің тәуелденуі
Менің туған тілім - қазақ тілі
Ана Баубек Бұлқышев жайлы ақпарат
Ананың көңілі балада
Сый, тый сөздерінің жазылуы
Қалау рай
Отбасы мүшелері және олардың міндеттері. дүниетану. 2 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz