Не деу керек: буынды тиянақтауға арналған дефектологиялық сабақ жоспары (1 арнайы сынып, 2016-2017 оқу жылы)

«№ 7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

(1 арнайы сынып)

Дефектолог мұғалімі : Адаева Ш. А.

2016-2017 оқу жылы

1. Сабақтың тақырыбы: «Не деу керек. Буын білімді тиянақтау».

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлеңді тыңдата отырып, осы өлеңдегі сауалдарға бейнелеу арқылы жауап алу, ойларын тиянақтау, қатынас, таным, әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Дамытушылық: Өзіндік тәжірибеге сүйене отырып, тыңдауға, ауызша жаттауға дағдыландыру, жаттығулар арқылы балалардың есте сақтау, көру арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Имандылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып әдептілікке баулу.

3. Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.

4. Түрі: Тиянақтау

5. Көрнекілігі: Сиқырлы кітап; Суреттер (ауызша жаттау) ; жазуға төселдіру; Дидактикалық ойын; Сурет сериялары.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық сәт

Арайлап бүгін атты күн!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн !

Сәлеметсіздер ме, қоңақтар, мұғалімдер!

Ойын « Менімен қайтала »

Балалар түзу тұрады. Көрсеткен қимылды қайталайды.

Мұғалім: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, қоңақтар келіп отыр. Бізге «Сиқырлы кітап» әкеліпті. Оның ішінде тапсырмалар бар екен. Тапсырманы орындасақ сиқырлы кітап құпиясы ашылады.

Сиқырлы кітап 1 бет.

Тыңда, сөйлеп үйренеміз.

  • Көшеде үлкен ата құлап қалды?
  • Сен не істер едің?
  • Балалар сыйлық алғанда не деп барып алу керек?
  • Автобуста қарт әжеге орын бересің бе?
  • Досыңды реңжітіп алдың, не деу керек?
  • Дастархан басында сен өзіңді қалай ұстайсын?

2 бет

Үй тапсырмасын сұрау.

Қойылым қою арқылы

Атаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенің жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

-Рахмет-

-Балалар жүр көшеде

Естіледі шу айғай

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

-Кешіріңіз-

  • Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

Жөн еді не айтқаның ?

-Рұқсат па? -

-Добын апар Назардың

Деді ағаң бармадың.

Тапжылмадың сазардың

Аға тілің алмадың,

Сен қай сөзді айтпадың?

-Иә, жарайды-

3 бет. Тапсырмасы

Жазуға төселдіру. (Музыка ойнап тұрады) .

Әжеміз бізге шөлке, тақия, күрте, қолғап, желет тоқып жатқан, шаршады. Кәне әжеге көмектесейік.

4 бет. Қол жаттығуы

Биік - аласа

Анда - мында

Мен - сен

Жуан - жіңішке

Алыс - жақын

Оң қолым - сол қолым

5 бет. Жазу сабағы

Суретке назар аударайық.

Мынау не? Машина- М

Қай дыбыстан басталады? Бала- Б; Қарға- Қ; Кірпі-К; Әже - Ә; Тарақ- Қ;

Осы сөздерді буынға бөлейік. Ба-ла (2) ; Ма-ши-на (3) ; Әріптерді жазу

6 бет. Эмоция жаттығуы

Шаршадым - уһ дедім,

Ренжідім - туһ дедім,

Қорықтым - Ой дедім,

Таңырқап - О дедім,

Қуанып - ха - ха дедім.

7 бет. Сурет бойынша жаттайық.

Бір шаңырақ астында

Тату - тәтті тұрамыз.

Еңбек етіп ерінбей

Әке ақылын тыңдаймыз.

Достығымыз жарасқан

Бір үйде біз тұрамыз.

8 бет. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ян-ян-ян

Бұл қоян

Ян- ян- ян

Бұл қоян емес, шаян.

9 бет. Ойнайық, ойлайық.

-Балалар, мына бөліктерді құрастыру арқылы бейнелер шықты.

Не шықты?

Не көрдің?

Не білдің?

10 бет. Қол моторикасын нығайту жаттығулары.

-Түймені ағыт

- Жіпті шеш

Ұжыммен жұмыс. Бірлесе жұмыс жасауға бейімдеу, бір - біріне көмек беруге дағдыландыру.

Балалар, міне “ Сиқырлы кітап ” құпиясын таптық, оның тапсырмаларын орындауға өз үлесімізді қостық.

Тапсырмаларды орындағандарың үшін рахмет айтып, тілек жазып қойыпты, және тосын сый жасапты.

Хатты оқу.

Тосын сыйды үлестіру.

Міне, сабағымыз аяқталды. Бәріңе “ жарайсыңдар ” демекпін.

«№ 7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

(1 арнайы сынып)

Дефектолог мұғалімі : Адаева Ш. А.

2016-2017 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
1-сынып Ана тілі сабағы: Буын ұғымы және Не деу керек өлеңі бойынша сабақ жоспары
Не деу керек? Буын: 58-59 жаттығуға арналған аралас сабақ жоспары
2016-2017 оқу жылы футбол үйірмесінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Буын ұғымы мен түрлері, Не деу керек өлеңі арқылы оқыту және тіл мәдениетін тәрбиелеу
2016-2017 оқу жылы үшін 8-сынып Қазақстан тарихы: үлгерімі жоғары оқушымен жұмыс жоспары
Оқушылар арасындағы Алғыр алтау интеллектуалды сайысын өткізу жоспары 2016-2017 оқу жылы
1 сыныпқа арналған математика үйірмесінің 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспары: Сандар сырын ұғынайық
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абимолда Көркем Әбдуалиқызының Ә. Дүйсенбиев Не деу керек? Буын тақырыбындағы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары
№18 орта мектептің Шебер қолдар үйірмесінің 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
4-сыныпқа арналған психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамытуға күнтізбелік-тақырыптық жоспар (2016-2017 оқу жылы, үйде оқыту)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz